ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 332-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) "Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 680 бұйрығының;
2) "Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 680 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 247 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, бұл ретте осы бұйрық 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 6 қазандағы № 579 Бұйрыққа қосымша | 
Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі
1. Аустрия Республикасы
2. Америка Құрама Штаттары
3. Армения Республикасы
4. Әзербайжан Республикасы
5. Беларусь Республикасы
6. Бельгия Корольдігі
7. Вьетнам Социалистік Республикасы
8. Германия Федеративтік Республикасы
9. Жапония мемлекеті
10. Италия Республикасы
11. Иран Ислам Республикасы
12. Испания Корольдігі
13. Канада
14. Корея Республикасы
15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінен басқа)
16. Латвия Республикасы
17. Люксембург Ұлы Герцогтігі
18. Малайзия
19. Моңғолия
20. Нидерланд Корольдігі
21. Норвегия Корольдігі
22. Пәкістан Ислам Республикасы
23. Польша Республикасы
24. Ресей Федерациясы
25. Румыния
26. Сауд Арабиясы Корольдігі
27. Сингапур Республикасы
28. Словакия Республикасы
29. Словения Республикасы
30. Түркия Республикасы
31. Украина
32. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
33. Үндістан Республикасы
34. Финляндия Республикасы
35. Француз Республикасы
36. Хорватия Республикасы
37. Чех Республикасы
38. Швеция Корольдігі
39. Швейцария Конфедерациясы (тек келесі Кантондар бөлігінде):
1) Аргау
2) Берн
3) Тичино
4) Цюрих
40. Эстония Республикасы