БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 712 бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 322) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 322) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындары қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Арнаулы қабылдау орны – ішкі істер органдарының әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды арнаулы қабылдау орындарына орналастыру сот актісі негізінде жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Арнаулы қабылдау орындарында тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз ететін және ұсталатын адамдардың өз еркімен мекемеден тыс жерге кетуін болдырмайтын режим орнатылады.
Арнаулы қабылдау орындарында режимді қамтамасыз ету арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Арнаулы қабылдау орындарында ұсталатын адамдарды күзету бойынша қызмет өткеру үшін нарядқа тағайындалатын қызметкерлерге қару берілмейді. Арнаулы қабылдау орынынан қашқан адамды ұстау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданылмайды.
Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күш пен арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Арнаулы қабылдау орнының әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдармен профилактикалық әңгімелесулер өткізеді, оның барысында қоғамға қарсы мінез-құлықты тоқтату қажеттілігін түсіндіріп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен таныстырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың арнаулы қабылдау орнына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арнаулы қабылдау орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша арнаулы қабылдау орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамды медициналық ұйымдарға орналастыру туралы арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі прокурорға және судьяға хабарлайды. Сауыққаннан кейін бұл адамдар, егер судьяның өзге шешімі болмаса әкімшілік қамауға алуды одан әрі өтеу үшін арнаулы қабылдау орнына орналастырылады.
Адамды қамауға алуды бақылау арнаулы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Арнаулы қабылдау орындарын пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін, әкімшілік қамаққа алынған немесе қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды үй-жайлар болған кезде ғана рұқсат етіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Арнаулы қабылдау орындарының қызметі тоқсанға құрастырылатын және полиция органы бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды күзету жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен атқаруды бақылауды қамтамасыз ету үшін ІІО аумақтық бөлімшелерінің арнаулы қабылдау орындарына тексеру жүргізіледі:
ІІМ орталық аппаратымен кемінде үш жылда бір рет;
облыстық полиция департаменттері жылына кемінде бір рет.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Арнаулы қабылдау орнының бастығы:
1) бөлініске жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді және оның қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
2) қарамағындағы қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеу, орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) қызметкерлердің қызметтік жұмысын бақылауды жүзеге асырады және арнаулы қабылдау орнының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
4) өзінің қызметкерлері мен арнаулы қабылдау орны жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және оларды полиция органының бастығында бекітеді;
5) арнаулы қабылдау орнының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын, қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;
6) "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығына сәйкес әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды үш рет тамақпен қамтамасыз етуді күнделікті бақылайды.";
7) әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар жаза мерзімін өткерген соң оларды жұмыс, оқу орны бойынша, әлеуметтік қамтамасыз ету органына жіберуді қамтамасыз етеді;
8) қаржыландыру жоспарларын, арнаулы қабылдау орнын ұстауға арналған сметаны әзірлейді, оны қажетті құрал-жабдықпен, мүкәммалмен және автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, үй-жайларды жөндеу және оларда тәртіпті ұстау бойынша шаралар қабылдайды;
9) арнаулы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
10) арнаулы қабылдау орнының үй-жайларындағы санитарлық жағдайды, орналастырылған адамдар мен төсек-орынды санитарлық өңдеуден уақтылы өткізуді бақылауды қамтамасыз етеді;
11) ұсталатын адамдардың хаттары мен өтініштерін, арнаулы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің іс-әрекетіне шағымдарды қабылдайды және белгіленген мерзімде қарайды, тиесілігі бойынша жолдайды;
12) полиция органының басшылығына арнаулы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, арнаулы қабылдау орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсыныстар жолдайды;
13) материалдық бағалы заттардың сақталуына және арнаулы қабылдау орнындағы іс жүргізуге жауап береді;
14) арнаулы қабылдау орнының қызметінде құпиялылық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;
15) арнаулы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне демалыстар береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Арнаулы қабылдау орны бастығының орынбасары әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режиміне бақылауды жүзеге асырады, олардың арасында іздестіріліп жатқан адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Арнаулы қабылдау орындарында ұсталатын адамдар арасында жедел-іздестіру жұмысын жүргізу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бастық уақытша болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оның функцияларын орындайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Арнаулы қабылдау орны бойынша кезекші арнаулы қабылдау орнының бастығына және оның орынбасарына бағынады, олар болмаған кезде арнаулы қабылдау орнының жұмысына басшылық етеді.
Кезекші:
1) арнаулы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;
2) оларды жеке тексеруді, суретке түсіруді және дактилоскопиялауды жүргізеді;
3) камералар бойынша бөледі, олардың ішінен камера бойынша кезекшілерді тағайындайды;
4) арнаулы қабылдау орнында ұсталатын адамдарға тиесілі заттардың, құжаттардың, ақша мен бағалы заттардың сақталуын қамтамасыз етеді және босаған кезде оларды қайтарады;
5) арнаулы қабылдау орнының бастығына немесе оның орынбасарына жеткізілген және орналастырылған барлық адамдар туралы баяндайды;
6) арнаулы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды медициналық тексеруді, санитарлық өңдеуді уақтылы қамтамасыз етеді, оларды тамақтандыруды және серуендеуге шығаруды ұйымдастырады;
7) арнаулы қабылдау орнында ұсталатын адамдардың барлық шағымдары мен өтініштері туралы арнаулы қабылдау орнының бастығына уақытылы баяндайды. Шағымдар, ұсыныстар мен хаттар жазу үшін орналастырылған адамдарға жазу құралдарын береді;
8) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді;
9) сигнализация, байланыс құралдары мен бекет керек-жарақтарының ақаусыз болуын бақылайды;
10) әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар босатылған кезде белгіленген үлгідегі анықтамалар береді және олардың құқық бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталған қысқаша профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
11) мынадай құжаттарды: арнаулы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды есепке алу журналын; наряд қызметтерінің кітабын; телефонограммалар кітабын; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітаптарын; шағымдар мен ұсыныстар кітабын; тексерушілердің ескертулерін жазу журналын; арнаулы қабылдау орнының жұмысшылары үйлерінің мекенжайлары мен телефондарының тізімін; елді мекенде орналасқан ішкі істер органы телефондарының тізімін жүргізеді және ақтайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Инспектор:
1) әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың істерін жүргізеді, жазалау мерзімін өткерген соң олардың уақытылы босатылуын бақылайды;
2) мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың істерін жүргізеді, олардың уақтылы босатылуын бақылайды;
3) толықтыру лимиті үлкен арнаулы қабылдау орындарында есептік және алфавиттік картотека жүргізеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) бойынша кезекші-полицей арнаулы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командиріне бағынады.
Кезекші-полицей:
1) арнаулы қабылдау орнында өткізу режимін жүзеге асырады, әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау орнының аумағынан өз бетінше шығуына және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
2) босатылған азаматтарды белгіленген үлгідегі анықтамалар бойынша БӨП арқылы өткізеді;
3) БӨП арқылы өтетін көлікті тексереді, арнаулы қабылдау орнына тыйым салынған бұйымдарды өткізуге жол бермейді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды күзету бойынша арнаулы қабылдау орнының полицейі арнаулы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командирінебағынады.
1) Бекетке кезекшілікке түскен кезде арнаулы қабылдау орнының үй-жайында ұсталатын әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдап алады;
2) арнаулы қабылдау орнының үй-жайында ұсталатын адамдарды қарап тексеруді жүргізеді;
3) ұсталудағы адамдардың мінез-құлқын ұдайы бақылайды, өлтіру, өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақаттарын келтіру жағдайларының алдын алуға шаралар қабылдайды;
4) арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 ақпанда № 7415 тіркелді) сақтауын қамтамасыз етеді;
5) кезекшімен бірлесіп орналастырылған адамдарды күнделікті сейілдеуге шығарады, оларға ведомості бойынша тамақ береді;
6) күнделікті камералардың жай-күйін, олардың ақаусыздығын тексереді және арнаулы қабылдау орнының басшысына байқалған ақаулар туралы баяндайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
7) сигнализация мен байланыстың ақаулығын тексереді;
8) әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ауырып қалған жағдайда бұл туралы арнаулы қабылдау орны бойынша медициналық қызметкерге және кезекшіге хабарлайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Арнаулы қабылдау орындарын құру";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ішкі істер органдарының арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Арнаулы қабылдау орындарының үй-жайлары";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Арнаулы қабылдау орындарында:
1) ерлер, әйелдер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін, санитарлық тазалаудан өтпеген жаңадан түскендер, жұқпалы аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауға мұқтаж науқастар үшін жеке камералар;
2) арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлері үшін кабинеттер;
3) электр плитасы, су қайнатқышы, шкафы, ыдыс жууға арналған үш бөліктен тұратын ваннасы (сыйымдылық) бар тамақ жылытуға арналған бөлме;
4) төсек-орын сақтауға арналған бөлме;
5) жеке заттарды сақтауға арналған бөлме;
6) санитарлық өткізгіш, жуынатын бөлмелер, дезинфекциялау камерасы;
7) кір жуатын бөлме, санитарлық тораптар көзделуі тиіс.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Арнаулы қабылдау орындарының ішкі қоршалған серуендеу алаңдары, болуы керек, олар сәкілермен, урналармен және дәретханалармен жабдықталады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Толықтыру лимиті 50 және одан да көп орындары бар арнаулы қабылдау орындарында өткізу режимін қамтамасыз ету үшін бақылау-өткізу бекеттері жабдықталады.".
2. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы".
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары".
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қабылдау-бөлу орындары белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған жағдайларда оларды қабылдауға және ұстауға арналған.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қабылдау-бөлу орындарының негізгі міндеті белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау, жеке басын анықтау, оларды қылмыс жасаған, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған, іздестірудегі, хабар-ошарсыз кеткен адамдармен сәйкестендіру және кейіннен тиісті органдар мен мекемелерге беру үшін қабылдау-бөлу орындарына орналастыру болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз еркімен кету мүмкіндігін болдырмайтын режим орнатылады.
Қабылдау-бөлу орындарында режимді қамтамасыз ету қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталатын адамдарды күзету және режим талаптарын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік пен полиция бекеттері орнатылады.
Қабылдау-бөлу орындарында ұсталатын адамдарды күзету бойынша қызмет өткеру үшін нарядқа тағайындалатын қызметкерлерге қару берілмейді. Қабылдау-бөлу орындарынан қашқан адамды ұстау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданылмайды.
Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күш пен арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтауды, оларды қабылдау-бөлу орындарына жеткізуді ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қабылдау-бөлу орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады және жүзеге асырады, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылайды.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша қабылдау-бөлу орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қабылдау-бөлу орындарын пайдалану белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды, санитарлық-гигиеналық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін үй-жайлар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қабылдау-бөлу орнының қызметі тоқсанға құрастырылатын және Полиция департаменті бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.
Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарды күзету жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен атқаруды бақылауды қамтамасыз ету үшін ІІО аумақтық бөлімшелерінің қабылдау-бөлу орындарына тексеру жүргізіледі:
ІІМ орталық аппаратымен кемінде үш жылда бір рет;
облыстық полиция департаменттері жылына кемінде бір рет.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қабылдау-бөлу орнының бастығы:
1) бөлініске жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді және оның қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
2) қарамағындағы қызметкерлер мен жұмыскерлерді іріктеу, орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) қызметкерлердің қызметтік жұмысын бақылауды жүзеге асырады және қабылдау-бөлу орнының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
4) өзінің қызметкерлері мен қабылдау-бөлу орны жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлейді және оларды ішкі істер органы бастығында бекітеді;
5) қабылдау-бөлу орнының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын, қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;
6) ықпал ету шараларын қолдану және қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарды босату туралы қаулыларды бекітеді;
7) ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар өткізуіне қатысады;
8) орналастырылған адамдарды тексеру және олардың арасынан іздестірудегі адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) қабылдау-бөлу орны жұмысының жай-күйін талдайды және нәтижелері туралы ішкі істер органының бастығына хабарлайды, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың санатымен күрестегі жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді;
10) қабылдау-бөлу орнында ұсталатын адамдармен құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуға ықпал ететін жеке әңгімелесулер өткізеді;
11) қабылдау-бөлу орнын ұстауға арналған сметаны әзірлейді, оны қажетті құрал-жабдықпен, мүкәммалмен және автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
12) қабылдау-бөлу орнының қызметкерлері мен жүмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
13) қабылдау-бөлу орнының үй-жайларында санитарлық жағдайды, орналастырылған адамдар мен төсек-орынды санитарлық өңдеуден уақытылы өткізуді бақылауды қамтамасыз етеді;
14) ұсталатын адамдардың хаттары мен өтініштерін, қабылдау-бөлу орны қызметкерлері мен жұмыскерлерінің іс-әрекетіне шағымдарды қабылдайды және қарайды, оларды тиесілігі бойынша жолдайды;
15) Полиция департаментінің басшылығына қабылдау-бөлу орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, қабылдау-бөлу орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсыныстар жолдайды;
16) материалдық бағалы заттардың сақталуына және қабылдау-бөлу орнындағы іс жүргізуге жауап береді;
17) қабылдау-бөлу орнының қызметінде құпиялылық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;
18) қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарды белгіленген нормаларға сәйкес күн сайын үш реттік тамақпен қамтамасыз етеді;
19) қабылдау-бөлу орнының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне демалыстар береді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қабылдау-бөлу орны бастығының орынбасары орналастырылған адамдарды ұстау режиміне бақылауды жүзеге асырады, олардың жеке басын тексеру және анықтау, олардың арасынан іздестірудегі адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Бастық болмаған кезде оның функцияларын атқарады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қабылдау-бөлу орны бойынша кезекші қабылдау-бөлу орнының бастығы мен оның орынбасарына бағынады, олар болмаған кезде қабылдау-бөлу орнының жұмысына басшылық етеді.
Кезекші:
1) қабылдау-бөлу орнының бастығы мен оның орынбасарына барлық жеткізілген және орналастырылған адамдар туралы баяндайды;
2) қабылдау-бөлу орнына жеткізілген адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді, оларды жеке тексеру өндірісін, дактилоскопиялау мен суретке түсіруді ұйымдастырады, олардың ішінен камера бойынша кезекшілерді тағайындайды;
3) қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарға тиесілі заттардың, құжаттар мен бағалы заттардың сақталуын және босаған кезде оларды қайтаруды қамтамасыз етеді;
4) қабылдау-бөлу орнында ұсталатын адамдарды медициналық тексеруді, санитарлық өңдеуді уақытылы қамтамасыз етеді, олардың тамақтануын және серуенге шығуын ұйымдастырады;
5) қабылдау-бөлу орнының бастығына қабылдау-бөлу орнында ұсталатын адамдардың барлық шағымдары мен өтініштері туралы уақытылы баяндайды. Шағымдар, ұсыныстар мен хаттар жазу үшін орналастырылғандарға жазу құралдарын береді;
6) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қабылдау-бөлу орнының жедел қызметкері:
1) іздестірудегі, хабар-ошарсыз кеткен, қылмыс жасаған адамдарды анықтау, сондай-ақ қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдардың жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмысын жүргізеді;
2) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар шоғырланған жерлерді анықтайды және оларды ұстау бойынша рейдтер өткізу туралы ұсыныстар енгізеді;
3) қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдардың қашуының, мүшесін зақымдауының, өзін-өзі өлтіру жолын кесуге, тыйым салынған заттарды анықтауға және алуға бағытталған ниеттерін анықтайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қабылдау-бөлу орнының полицейі:
1) орналастырылған адамдардың мінез-құлқын ұдайы қадағалайды, өлім, өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақатын келтіру жағдайларының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
2) қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;
3) кезекшімен бірге орналастырылған адамдарды күн сайын серуендеуге шығарады, оларға ведомость бойынша тамақ береді;
4) күн сайын камералардың жай-күйін, олардың жарамдылығын тексереді және байқалған ақаулар туралы қабылдау-бөлу орнының басшылығына баяндайды, оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қабылдау-бөлу орындарын құру";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орны Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қабылдау-бөлу орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қабылдау-бөлу орындарының үй-жайлары";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қабылдау-бөлу орындарында:
1) ерлер, әйелдер және балалары бар әйелдер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін, санитарлық тазалаудан өтпеген жаңадан түскендер, науқастар үшін жеке камералар;
2) қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі мен қызметкерлері үшін кабинеттер;
3) электр плитасы, су қайнатқышы, шкафы, ыдыс жууға арналған үш бөліктен тұратын ваннасы (сыйымдылық) бар тамақ жылытуға арналған бөлме;
4) төсек-орын сақтауға арналған бөлме;
5) жеке заттарды сақтауға арналған бөлме;
6) санитарлық өткізгіш, жуынатын бөлмелер, дезинфекциялау камерасы;
7) кір жуатын бөлме, санитарлық тораптар көзделуі тиіс.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қабылдау-бөлу орындарының ішкі қоршалған серуендеу алаңдары, болуы керек, олар сәкілермен, урналармен және дәретханалармен жабдықталады.".
3. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындағы ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының ішкі тәртіп қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртібін белгілейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қабылдау-бөлу орындарында режимді қамтамасыз ету, онда ішкі тәртіпті ұстау қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қабылдау-бөлу орындарының ішкі тәртібін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органының бастығы айқындайды және бекітеді. Ішкі күн тәртібі қағидалары әрбір камерада ілінеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам – тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйі жоқ адам;
2) жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеу – белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде уақытша оқшаулауды қамтитын, оған қатысты құқық бұзушылық профилактикасының жеке шарасы.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстау туралы қаулының негізінде жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілетін адамдарды қабылдау-бөлу бойынша кезекші тәулік бойы қабылдайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қабылдау-бөлу бойынша кезекші қабылдау үшін негіздердің бар-жоғын тексереді, содан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) құжаттары жоқ, қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарды тіркеу журналында тіркейді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұсталған сәттен бастап қырық сегіз сағаттың ішінде адамның тұрғылықты жері мен жеке басын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ішкі істер органдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) құжаттары жоқ, қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамға қатысты отыз тәулікке дейін жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеу қолдану туралы қаулыны сотқа жолдайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Соттың санкциясын алған соң қаулы белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қолхат арқылы дереу жарияланады.
Сот жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеуді қолдану туралы қаулыға санкция беруден бас тартқан жағдайда, мұндай адам қабылдау-бөлу орнынан босатылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеуді қолдану соттың санкциясын алған соң жүргізіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған әрбір адамға тексеру материалы басталады, оған ішкі істер органдарының қаулысы, сот санкция берген жүріп-тұру бостандығын бастапқы шектеуді қолдану туралы қаулы, жеке тексеру хаттамасы, жауап алу хаттамасы және басқа да материалдар қоса тігіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адам туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі.
Бұл ретте адам санатын – "БТЖЖА", жұмыс желісін – "қабылдау-бөлу орны" көрсетіп және міндетті түрде адамның суретін ұсына отырып, "Адамға арналған ақпараттық-іздеу карточкасы" (А-АІК) толтырылады және аумақтық ақпараттық-техникалық бөлініске жіберіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Адамдарды камераларға орналастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау міндетті:
1) ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады;
2) ерекше медициналық күтімді, бақылауды, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қажет ететін туберкулездің жұқпалы түрімен, жыныстық жолмен берілетін және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар басқа адамдардан оқшауланады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Адам қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы қаулы шығарады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің "Есептегі элемент" есебінен алу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы анықтаманың көшірмесі аумақтық ақпараттық-техникалық бөлініске жолданады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа олардан сақтауға алынған құжаттар, ақша мен заттар қолхат арқылы қайтарылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға одан әрі орналастырылатын жерге жол жүру уақытына "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығына сәйкес құрғақ тамақ және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-бөлу орнынан босату туралы анықтама беріледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Егер адамның жеке басы анықталса, адам қабылдау-бөлу орнынан босатылғаннан кейін қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі бес жұмыс күні ішінде босатылғаны туралы анықтаманың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық басқармасына жібереді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адам қайтыс болған жағдайда, қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі бір тәулік ішінде бұл туралы ішкі істер органының кезекші бөліміне, сондай-ақ прокурорға хабарлайды.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Шетелдік қайтыс болған жағдайда қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі бұл туралы ішкі істер органының кезекші бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне хабарлайды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген және орналастырылған әрбір адамды кезекші толық жеке тексереді, медициналық куәландырудан, санитарлық өңдеуден өткізеді, саусақ іздерін алады, суретке түсіреді, содан кейін мұндай адам қолын қоя отырып, босатылғанға дейінгі қабылдау-бөлу орнының ішкі күн тәртібімен таныстырылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тексеру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жеке тексеруді қабылдау-бөлу орнының қызметкерлері жүргізеді;
2) жеке тексеруді тек тексерілетін адаммен жынысы бірдей екі куәгердің қатысуымен осындай жынысты адам ғана жүргізе алады;
3) заттарды тексеру, яғни олардың конструктивтік тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу осы заттардың иесі болып табылатын адамның және куәгердің қатысуымен жүргізіледі;
4) қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін заттар бар деп ұйғаруға негіздер бар болған жағдайда жеке тексеру, заттарды тексеру бұл туралы 24 сағаттың ішінде прокурорға хабарлай отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
5) егер фото - және бейне түсірілім жүргізілсе, тексеру хаттамасында оларды қолданғаны туралы тиісті жазба жазылады;
6) тексеру аяқталған соң осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тексеру, жеке тұлғадағы заттарды тексеру хаттамасына оны толтырған лауазымды адам, жеке тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Жеке тексерілген адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жазылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамның жеке басын анықтау және есепке қою мақсатында "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карталар толтырылады және оның екі данасы полиция департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөліністері мен аумақтылығы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жолданады.
Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының есептері бойынша жеке басы анықталмаған жағдайда дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті арқылы Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің бас ақпараттандыру-талдау орталығының базасы негізінде жұмыс істейтін Мемлекетаралық деректер банкі есептері арқылы тексеру үшін жолданады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адам оң жақ, сол жақ бейінде және бойын толық көрсете отырып суретке түседі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамда дене жарақаттары және денсаулыққа зиян келтірудің айқын белгілері бар болған жағдайда қабылдау-бөлу орнының кезекшісі жауап алу арқылы олардың пайда болу себептерін анықтайды және қабылдау-бөлу орнының бастығына жазбаша түрде баяндайды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау шарттары, материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Камераларды жинастыруды және едендерді жууды медицина қызметкерінің қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша көрсетілген жұмыстардан босатылған адамдарды қоспағанда, қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдар кезекші мен бекетшінің бақылауымен жүзеге асырады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарды өзіне өзі қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бір жұмыстарға пайдалануға жол берілмейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарға серуендеу қабылдау-бөлу орнының бастығы құрастырған кесте бойынша тәуліктің жарық уақытында беріледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Осы Қағидалардың талаптарын бұзған адамдарға теріс қылықтың сипаттамасы мен ауырлығына қарай мынадай ықпал ету шаралары:
ескерту;
үй-жайларды жинастыру бойынша кезектен тыс нарядқа түсу қолданылады.
Ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді қабылдау-бөлу орнының бастығы қабылдайды және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға ықпал ету шарасын қолдану туралы қаулымен ресімдейді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Қабылдау-бөлу орнының әкімшілігі қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарға гигиена, санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайлар жасайды. Санитарлық алаң нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдар жеке пайдалану үшін:
1) жататын орынмен;
2) төсек-орын жабдығымен: матраспен, жастықпен және көрпемен;
3) төсек-орын тысымен: екі жаймамен және жастық тысымен;
4) тамақтану кезінде ыдыспен;
5) орамалмен;
6) сабынмен қамтамасыз етіледі.";
36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген заттар қабылдау-бөлу орнында ұстау кезеңінде уақытша пайдалану үшін тегін беріледі.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған әрбір адамға аптасына кемінде екі рет ұзақтығы кемінде 15 минутқа душқа түсу мүмкіндігі беріледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдарға қырынуға арналған керек-жарақтар олардың өтініші бойынша белгіленген мерзімде беріледі. Содан кейін кезекшінің бақылауымен қайтадан сақтау камерасына қайтарылады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдар қамауда ұсталатын және уақытша ұстау изоляторындағы адамдар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Азық-түлік өнімдерін кезекші осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-бөлу орнында ұсталатын адамдарға азық-түлік өнімдерін беру ведомосіне сәйкес күн сайын береді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Пайдалану үшін осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдар өзімен бірге алып жүре алатын және сақтай алатын заттар мен азық-түлік өнімдері тізбесіне сәйкес жеке төсек-орын заттары, сондай-ақ басқа да заттар мен бұйымдар қабылданады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Қабылдау-бөлу орнының камералары:
1) санитарлық тораппен (арналық кәріз болмаған жағдайда, өз қажеттілігін өтеуге арналған күбішемен);
2) су құбыры бар шүмекпен (пластмассадан жасалған аспалы қолжуғышы бар су құбыры болмаған жағдайда);
3) сыртқы киімдерді ілуге арналған ілгішпен;
4) дәретхана бұйымдарына арналған сөремен;
5) ауыз суға арналған күбішемен;
6) радиохабар құралдарымен;
7) қоқыс тастауға арналған жәшікпен;
8) үстелмен және камерадағы орындардың саны бойынша отырғызу орны бар орындықтармен;
9) киімге арналған тумбамен;
10) керуерттермен жабдықталады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамдардың тыйым салынған бұйымдары, заттары, азық-түлігі, ақшасы, құнды қағаздары осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық бағалы заттарды беру актісі бойынша қабылдау-бөлу орнының сақтау камерасына тапсырылады, актінің көшірмесі орналастырылған адамның тексеру материалына тігіледі.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен не болмаса бүліну белгілері бар азық-түлікті құрамында қабылдау-бөлу орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жояды, бұл туралы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісі толтырылады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, бұйымдар, заттар мен сақталудағы азық-түлік азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 1-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 2-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 3-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 4-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 5-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 6-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 7-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 8-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 9-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 10-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 11-қосымша; |
көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларына 12-қосымша. |
4. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптемесін белгілейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Арнаулы қабылдау орындарында режимді қамтамасыз ету, онда ішкі тәртіпті ұстау арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.";
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Арнаулы қабылдау орнының қызметкерлері қызметтік жұмыста ұсталған адамдармен заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың ар-намысы мен абыройын құрметтеу қағидаттарына сәйкес қарым-қатынаста болады, сондай-ақ дөрекілік пен немқұрайлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауды көздейтін өзге де шараларды қабылдайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптемесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органының бастығы айқындайды және бекітеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіптеме қағидалары әрбір камерада ілінеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнаулы қабылдау орны – әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнаулы мекемесі;
2) әкімшілік қамаққа алынған немесе қамаққа алуға сотталған адам – оған қатысты сот актісі әкімшілік қамаққа алу туралы шығарылған адам.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Арнаулы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу тәртібі";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Арнаулы қабылдау орны бойынша кезекші әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдікті және азаматтығы жоқ адамды қабылдау кезінде:
1) өзі қол қойған және соттың мөрімен бекітілген немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған сот актісі (әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар үшін);
2) жүріп-тұру еркіндігін превентивті шектеу туралы ішкі істер органының сот санкциялаған қаулысының (мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) арнаулы қабылдау орнында сақтауға тыйым салынған заттарды ала отырып, жеке тексеріп қарау хаттамасының;
4) әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың бар болуы тексеріледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кезекші сот актісіндегі тиісті жазбаларды жеткізілген адамның жеке басы туралы деректермен салыстырып тексереді, тексеру хаттамасында санамаланған заттардың бар-жоғын тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнаулы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу журналына тіркейді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.
Туберкулездің жұқпалы түрімен, соз және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратын, ерекше медициналық күтімді, бақылауды, жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажет ететін науқастар басқа адамдардан оқшауланады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің біріктірілген деректер банкінің есептері және "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Ақпараттық сервис" ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адам туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі.
Бұл ретте "Адамға арналған ақпараттық-іздеу карточкасы (А-АІК) толтырылады, онда адам санаты – "әкімшілік қамауға алынған адам", жұмыс желісі – "арнаулы қабылдау орны" көрсетіліп және міндетті түрде әкімшілік қамауға алынған адамның суреті ұсынылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Толтыру лимиті 100 адамнан асатын арнаулы қабылдау орындарында тіркеу журналының орнына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған карточкалардан есептік әліпбилік картотека құрылады.
Бұл жағдайларда есепке алу карточкаларынан басқа, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған өтеу үшін жаңадан келген адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға есепке алудың тәуліктік ведомосі жүргізіледі.;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған әрбір адамға сот актісі, жүріп-тұру еркіндігін превентивті шектеу туралы ішкі істер органының сот санкциялаған қаулысы, жеке тексеріп қарау хаттамасы және басқа да материалдар қоса тіркелетін іс ашылады.";
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза туралы соттардың шығарылған және орындалған сот актілері бойынша ай сайын салыстырып тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды жеке тексеруді жүргізу, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі және медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған әрбір адамды кезекші толық жеке тексереді, медициналық куәландырудан, санитарлық өңдеуден өткізеді, саусақ іздерін алады, суретке түсіреді, содан кейін мұндай адам қолын қоя отырып, босатылғанға дейінгі арнаулы қабылдау орнының ішкі күн тәртібімен таныстырылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамға "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карта толтырылады және оның бір данасы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлінісіне жолданады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адам оң жақ, сол жақ бейінде және бойын толық көрсете отырып суретке түседі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның, мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберуге жататын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дене жарақаттары және денсаулығына зиян келтірудің айқын белгілері болған немесе анықталған кезде арнаулы қабылдау орны бойынша кезекші олардың пайда болу себептерін анықтайды және арнаулы қабылдау орнының бастығына жазбаша нысанда баяндайды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. "Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Арнаулы қабылдау орнының әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға гигиена, санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайлар жасайды. Камералардағы санитариялық алаңның нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Арнаулы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға серуендеу арнаулы қабылдау орнының бастығы құрастырған кесте бойынша тәуліктің күндізгі уақытында беріледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Арнаулы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке пайдалану үшін:
1) жататын орынмен;
2) төсек-орын жабдығымен: матрацпен, жастықпен және көрпемен;
3) төсек-орын тысымен: екі жаймамен және жастық тысымен;
4) тамақтану кезінде ыдыспен;
5) орамалмен;
6) сабынмен қамтамасыз етіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Осы Қағидаларының 21-тармағында көрсетілген заттар арнаулы қабылдау орнында ұстау кезеңінде уақытша пайдалану үшін тегін беріледі.";
22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22-1. Арнаулы қабылдау орнының камералары:
1) санитарлық тораппен (кәріз болмаған кезде табиғи қажеттіліктерді жіберуге арналған резервуармен);
2) ағын суы бар кранмен (су құбыры болмаған кезде - пластмасса аспалы қол жуғышпен);
3) сырт киімге арналған ілгішпен;
4) дәретхана сөресімен;
5) ауыз су ыдысымен;
6) радиохабар тарату құралдарымен;
7) қоқысқа арналған урнамен;
8) камерадағы орындар саны бойынша орындықтар саны бар үстел мен орындықтармен;
9) киімге арналған тумбочкалармен;
10) кереуеттермен жабдықталады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған әрбір адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға аптасына кемінде екі рет ұзақтығы кемінде 15 минутқа душқа түсу мүмкіндігі беріледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қырынуға арналған керек-жарақтар олардың өтініші бойынша беріледі. Одан соң кезекшінің бақылауымен сақтау камерасына қайтарылады";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын, арнаулы қабылдау орнында ұсталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығына сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі".";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Азық-түлік өнімдерін кезекші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы қабылдау орнында ұсталатын адамдарға азық-түлік өнімдерін беруге арналған ведомость бойынша күн сайын береді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Пайдалану үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамдар өзімен бірге алып жүруі және сақтауы мүмкін заттар мен азық-түлік өнімдерінің тізбесіне сәйкес өзінің төсек-орны мен азық-түлік өнімдері қабылдануы мүмкін.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға сәлемдемелердің, бандерольдар мен сауқаттардың салмағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген нормалардан аспауы тиіс.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Сауқаттар, бандерольдар мен сәлемдемелерді арнаулы қабылдау орнының қызметкерлері тексеруі тиіс.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Сәлемдемелерді қабылдау осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жазылған өтініштің негізінде жүргізіледі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Сәлемдемені қабылдаған соң арнаулы қабылдау орнының қызметкері қабылдағаны туралы қолхатпен бірге өтініштің бірінші данасын келушіге қайтарады, екінші данасы арнаулы қабылдау орнында ұсталатын, әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам берілімді алғаны туралы қолхатқа қол қойғаннан кейін оның ісіне тігіледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Сауқаттар мен бандерольдердің ішіндегісін ашуды және салыстырып тексеруді құрамында арнаулы қабылдау орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жүзеге асырады, бұл туралы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауқаттар мен бандерольдерді ашу актісі жасалады.
Актіге комиссия мүшелері қол қояды, онымен әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам қол қоя отырып танысады және жеке ісіне тігіледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Мынадай жағдайларда сауқаттар, бандерольдер және сәлемдемелер:
1) әкімшілік қамаққа және қамаққа алуға алынған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам арнаулы қабылдау орнынан босатылғанда;
2) берілімнің ішіндегі заттар өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайларда сәлемдемелер, бандерольдар мен берілімдер;
3) осы Қағидаларда көзделмеген заттар мен азық-түлік өнімдері қабылданбайды және кері қайтарылады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Осы Қағидалардың 37-тармағында санамаланған жағдайларда сауқаттар, бандерольдар жолданған адамның есебінен немесе жіберушілерге салынған төлеммен қайтарылады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Сауқаттар, бандерольдар немесе сәлемдемелер әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға оны қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей беріледі.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға үшін дәрі-дәрмектерді қабылдайды.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар хаттар алады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның атына келіп түскен хаттарды арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі хат келіп түскен күннен бастап екі күннен кешіктірмей береді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Жақын туысының қайтыс болғаны немесе ауыр сырқаттанғаны туралы мәліметтер әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға оларды алған соң бір тәулік ішінде хабарланады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам арнаулы қабылдау орнынан босатылғаннан кейін оның атына келіп түскен хаттар оларды алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей оның тұрғылықты жеріне жіберіледі.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тыйым салынған заттары, нәрселері, тамақ өнімдері, ақшасы, бағалы қағаздары осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттарды, құжаттарды, нәрселер мен өзге де материалдық құндылықтарды беру актісі бойынша арнаулы қабылдау орнының сақтау камерасына тапсырылады, оның көшірмесі жеке іске тігіледі.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен не болмаса бүліну белгілері бар азық-түлікті құрамында арнаулы қабылдау орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жояды, бұл туралы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісі толтырылады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адам, мәжбүрлі тәртіпте шығарып жіберуге жататын шетелдік және азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, нәрселер, заттар және сақталудағы азық-түліктер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес қайтыс болған адамның туыстарына беріледі (Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты). Шетелдік қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, нәрселер, заттар және сақталудағы азық-түліктер қайтыс болғанның жақын туыстарына да, елшіліктің, консулдықтың өкілдеріне немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің өкілдігіне де беріледі.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар арнаулы қабылдау орнынан сот актісімен белгіленген әкімшілік қамау мерзімін өткерген соң босатылады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Адам арнаулы қабылдау орнынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Есептегі элемент" Біріктірілген деректер банкінен алу үшін осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы анықтаманың көшірмесі аумақтық ақпараттық-техникалық бөлініске жолданады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталғандар қамауды өткерген адам босатылған кезде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы қабылдау орнынан босату туралы анықтама беріледі.";
52-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52-1. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттың қызметтерін пайдалана алады.";
52-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52-2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған азаматына, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің олардың өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетуі бойынша баруына жол беріледі.
Әңгімелесу кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету арнаулы мекеменің әкімшілігіне жүктеледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адам қайтыс болған жағдайда, арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі бұл туралы тез арада полиция органының кезекші бөліміне, сондай-ақ прокурорға хабарлайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 4-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушылар және сотталғандарды айдауылдау қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығына сәйкес айдауылданушы кететін ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі айдауылдануға жататын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жолға және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етеді.".
6. "Ішкі істер органдарындағы уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16389 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Күдіктілер мен айыпталушылар "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 360 бұйрығына сәйкес тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Күдіктілер мен айыпталушыларға осы Қағидалардың 65-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарды қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша азық-түлік өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алу құқығы беріледі.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне, прокурорға, сотқа, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен үй-жайлар, гауптвахталар қарамағында болатын орталық мемлекеттік органдарға (олардың ведомстволары мен органдарына) жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар цензураға жатпайды және дереу мөрленген түрде адресатқа жіберіледі.".
бұйрыққа 1-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Бастық _______________
_________________________
_________________________
20___ жылғы "____"_______
ІШКІ КҮН ТӘРТІБІ (үлгілік)
1. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Ішкі тәртіп қағидаларын сақтайды және арнаулы қабылдау орны қызметкерлерінің талаптарын орындайды.
2. Арнаулы қабылдау орнында ұсталатын адамдар үшін мынадай күн тәртібі белгіленеді:
Тұру | сағ.7.00. |
Жуыну | сағ.7.00 мин. - сағ.7.30 мин. |
Камераларды жинау | сағ.7.30 мин. - сағ.8.30 мин. |
Таңғы ас | сағ.8.30 мин. - сағ.9.30 мин. |
Арнаулы қабылдау орны қызметкерлерінің камераларды аралауы | сағ.9.30 мин. - сағ.10.30 мин. |
Түскі ас | сағ.14.00 мин. - сағ.15.00 мин. |
Кешкі ас | сағ.19.00 мин. - сағ.20.00 мин. |
Камераларды жинау | сағ.20.00 мин. - сағ.21.00 мин. |
Жуыну | сағ.21.00 мин. - сағ.22.00 мин. |
Ұйқыға кету | сағ.22.30 мин. |
Арнаулы қабылдау орнының бастығы ________________________________
(қолы)
20___жылғы "___"____________
бұйрыққа 2-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Арнаулы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу ЖУРНАЛЫ
Басталды: "___"_____20__жыл.
Аяқталды: "___"_____20__жыл.
№ | Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Туғанкүні, айы, жылы | Тұрғылықты жері | Жұмыс, оқу орны, лауазымы | Қашан және қандай ІІО ұстады | Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды, бостандығынан алдын ала шектелді | Орналастырылған күні мен уақыты | Босатылған күні мен уақыты | ескертпе |
1 |
бұйрыққа 3-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 3-қосымша нысан |
Арнаулы қабылдау орнында әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған КАРТОЧКА
1. Тегі ___________________________________
2. Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)___________________
3. Туған жылы_______________________________
4. Тұрғылықты жері____________________________
5. Жұмыс (оқу) орны, лауазымы ______________
6. ІІО қызметкерлері қашан ұстады _____________
7. Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды,
бас бостандығы алдын ала шектелді ___________________
8. Жіберу туралы күні, уақыты ______________________
9. Босатылған күні, уақыты _____________________
20____жылғы "___"_______
Арнаулы қабылдау орнының кезекшісі____________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), атағы, қолы)
бұйрыққа 4-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 4-қосымша нысан |
Арнаулы қабылдау орнында әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар өтеу үшін жаңадан келген адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың тәуліктік ведомосі
№ | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Күні, айы, туған жылы | Қандай орган және қашан ұстады | Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды | Орналастырылған күні мен уақыты | Босатылған күні мен уақыты | Орналастырылған камераның № | ескертпе |
1 |
бұйрыққа 5-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 4-1-қосымша нысан |
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған түріндегі жаза туралы соттардың шығарылған және орындалған сот актілері бойынша салыстыру АКТІСІ
№ р/н | Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның Т.А.Ә (ол болған жағдайда) | Соттың атауы, сот актілері шығарылған күні, қамау мерзімі | Құқық бұзушылықтың түрі (ӘҚБтК бабы, бөлігі) | Қамау күні және уақыты | Босатылған күні және уақыты | Ескерту |
Актіні жасаған қызметкердің қолы_________________________________________
(лауазымы, шені, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
бұйрыққа 6-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 7-қосымша |
Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған адамдардың өзімен бірге алып жүре алатын және сақтай алатын заттар мен азық-түлік өнімдерінің тізбесі
1) жылумен өңдеуді қажет ететін, сақтау мерзімі өтіп кеткен, тез бүлінетін азық-түлікті қоспағанда, азық-түлік өнімдері. Азық-түлік өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұйғарымы бойынша шектеледі;
2) темекі бұйымдары, сіріңке;
3) бел буатын белдіксіз, иық бау мен галстуксыз бір жиынтық киім, сондай-ақ бас киім, маусымға сәйкес аяқ-киім (супинаторларсыз, металл өкшесіз);
4) бір жиынтық спорт костюмін немесе үйде киетін халат (әйелдер үшін), ішкі киімді, шұлық, қолғап (биялай), қол орамалдар, бөлмеде киетін немесе спорт шәркесі;
5) дәретхана бұйымдары (иіс, кір сабын, сұйық сабын немесе сусабын, тіс ұнтағы, тіс жууға арналған щетка, сабын мен тіс ұнтағын салу үшін пластмассадан жасалған футляр, кремдер, тарақ);
6) қалтаға салынатын айна (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе механикалық ұстара, қауіпсіз бір реттік ұстаралар (арнаулы қабылдау орнының сақтау камерасында сақталады);
7) көзілдіріктер мен көзілдіріктерге арналған пластмассадан жасалған футлярлар;
8) үшкіл орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәке, шаш қыстырғыштар, мақта, гигиена және косметика бұйымдары, пластамассадан жасалған бигуди (әйелдер үшін);
9) балдақтар, ағаш таяқтар, протездар (дәрігердің рұқсаты бойынша);
10) зауытта дайындалған тұрмыстық электр су қайнатқыш;
11) жөке, губка, дәретхана қағазы;
12) қаламсап, оның өзегі, қара қарындаш;
13) хат жазуүшінқағаз, дәптерлер, поштаконверттері, поштамаркалары;
14) тағыпалуғанемесеқалтағасалуғаарналғандінинанымбұйымдары;
15) біржиынтықтөсек-орынжабдығы (екіжаймажәнежастықтыс), орамал;
16) көркемжәнеөзге де әдебиет, сондай-ақмерзімдібасылымшығарылымдары;
17) фотосуреттер - кемінде екеу;
18) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нарды);
19) дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектер.
Саналмаған заттардан басқа әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошталық жіберілім бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшалай қаражат, бағалы заттар мен құжаттардың түбіртектерін өздерімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат етіледі.
бұйрыққа 7-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 8-қосымша |
|
нысан |
ӨТІНІШ
Азамат (ша)_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты жері)
________________________________________________________________
(әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамға, мәжбүрлеу
тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ адамға қатысы)
__________________________________________________________________
(Тегі, аты-жөні) үшін берілім қабылдауыңызды сұраймын
№ р/с | Азық-түліктің атауы | Салмағы | Саны | Ескерту | |
килограмм | грамм | ||||
1 | |||||
2 |
Өтініш иесінің қолы 20_ жылғы_______________"___"_______
Берілімге рұқсат берді__________________________________________
(арнаулы қабылдау орнының бастығы)
Берілімді қабылдады ____________________________________________
(берілімді қабылдаған қызметкердің т.а.ә. (ол болған жағдайда))
Берілімді алдым__________________________________________
(берілімді алған адамның қолы)
20___жылғы "____" ____________
бұйрыққа 8-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіптеме қағидаларына 9-қосымша ннысан |
Сауқаттар мен бандерольдерді ашу АКТІСІ
20__жылғы "_____"______ Толтыру орны _________________
Комиссия құрамы:_____________________________________________________
(комиссия құрамының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
Сәлемдемені (бандерольді) ашудың осы актісін толтырды
_____________________________________________________________________
(заттардың, азық-түліктің атауы, олардың сыртқы белгілері, саны (жазбаша)
көрсетіледі)
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамға, мәжбүрлеу
тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ адамға қандай
заттар берілді_______________________________
(заттардың, азық-түлік өнімдерінің атауы көрсетіледі)
_______________________________________________________________________
Сақтау камерасына өткізілді_______________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолдары:
1._______________
2._______________
Алдым ________________________________________________________________
(әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның, мәжбүрлеу
тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ адамның тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Актіні толтырған қызметкердің қолы______________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
бұйрыққа 9-қосымша Ішкі істер органдары арнаулы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық бағалы заттарды сақтау камерасына тапсыру АКТІСІ
20_жылғы "____" _________ Қала (кент)________________
Мен,______________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі)
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20 ___ жылғы "__"_____________ ұсталған
Аз._____________________________ тиесілі
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) ___________________ заттардың,
бұйымдардың, құжаттар мен өзге де материалдық бағалы заттардың атауы көрсетілсін
(жазбаша түрде) ________________________________________
арнаулы қабылдау орнының сақтау камерасына тапсырғаны туралы осы актіні
толтырдық.
Осы акт екі данада толтырылды (бір данасы тексеру материалына тігіледі, екінші
данасы иесіне беріледі).
Актінің көшірмесін алдым ________________________________________
(әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамның, мәжбүрлеу
тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ адам тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Актіні толтырған қызметкердің қолы _______________________________
(қолы)