Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36998 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министрдің м.а. А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Министрдің м.а.
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау тәртібі қазыналық кәсіпорындардың азаматтық қызметшілеріне қолданылмайды.

      Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу "Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12696 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – кәсіпорын) ұйымдастырады және өткізеді.

2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау тәртібі

      4. Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау жұмыс берушінің шешіміне сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады.

      5. Кәсіпорындағы лауазымға тағайындау адам тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

      6. Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.

      Конкурстық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) оң қорытындысы конкурс бойынша жұмысқа қабылдау үшін негіз болып табылады.

      Кәсіпорындағы лауазымға тағайындалу үшін өтініш беруші кәсіпорынға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      7. Кәсіпорындағы лауазымға кандидатты іріктеу кезіндегі негізгі талаптар қажетті бейін бойынша білімі, кәсіптік даярлық деңгейі, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі болып табылады.

      8. Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау кәсіпорын басшысы айқындайтын конкурстық негізде орналастырылатын кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдары тізбесіне сәйкес бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар бойынша жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) басшының ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайтын кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.

      10. Кәсіпорынның қызметкері өзінің жазбаша өтінішімен тиісті кәсіпорындардың басшылары арасындағы келісу бойынша басқа мемлекеттік заңды тұлғаға жұмысқа ауысады.

      11. Кәсіпорында бос лауазым болған жағдайда, тиісті кәсіпорын құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын кәсіпорынның және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.

      12. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс еткен адамдар конкурсқа қатысушылар болып табылады.

      13. Комиссияның шешімі негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.

      14. Комиссия кемінде 5 (бес) адамнан (комиссия мүшелерінен) тұратын алқалы орган болып табылады.

      15. Комиссия төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен тұрады.

      16. Конкурс өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың және басқа да кәсіпорындардың өкілдері олардың келісуі бойынша енгізілуі мүмкін.

      17. Кәсіпорын:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;

      3) конкурс өткізу туралы хабарландыруды кәсіпорынның қаражаты есебінен интернет-ресурста және мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді;

      4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      5) комиссияны қалыптастырады және өз кәсіпорнының өкілдері қатарынан комиссия төрағасын тағайындайды;

      6) комиссия отырысын ұйымдастырады.

      18. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер:

      1) орналасқан жері, пошта мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетіліп, конкурс өткізетін кәсіпорынның атауы;

      2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы көлемі мен төлеу шарттары белгіленіп, бос лауазымдардың атауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

      4) конкурсты өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;

      5) қажетті құжаттардың тізбесі;

      6) әңгімелесуді өткізу орны қамтылады.

      Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізіліп жатса, бұл шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      19. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс жариялаған кәсіпорынға қолма-қол немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта арқылы электрондық түрде мына құжаттарды:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішін;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген өмірбаянын немесе түйіндемесін;

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);

      6) құжаттарды тапсырған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген стационарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесін) тапсырады.

      Кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама ұсынады.

      Кандидат өзінің біліміне, еңбек өтіліне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша материалдарды (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежесі мен атақтары туралы дипломдар, ғылыми жарияланымдары, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымхаттар және т.б.) ұсынуға құқылы.

      Құжаттар топтамасын толық ұсынбау кәсіпорынның құжаттарды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

      20. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) конкурсқа қатысушыларды біліктілік бағалау;

      2) кандидаттармен әңгімелесу өткізу;

      3) конкурстың қорытындысын шығару.

      21. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне біліктілік бағалауын жүргізеді.

      22. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары және белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12631 болып тіркелген) бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

      23. Комиссия конкурсқа қатысушыларды біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау нәтижелері бойынша дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Кәсіпорын кандидаттардың тізімі бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекітілгені туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақыттың қамтамасыз етілуі ескеріле отырып белгіленеді;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

      Хабардар ету телефон арқылы, конкурсқа қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      25. Комиссия кандидаттармен әңгімелесу жүргізген кезде кандидаттардың осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындауына қажетті кәсіптік білімін айқындайды.

      26. Комиссия отырысы оның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.

      27. Тараптардың келісуі бойынша әңгімелесу бейнебайланыс құралдары арқылы қашықтықтан өткізіледі.

      28. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша шешім кандидаттың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен сол күні қабылданады.

      29. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берсе, оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      30. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде баяндалатын, комиссия отырысының хаттамасына қоса берілетін пікірін білдіреді.

      31. Комиссияның шешімі төраға мен комиссия мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      32. Кәсіпорын әңгімелесуден өткен кандидаттарды конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді. Кандидаттарға хабарламамен бірге кәсіпорынның мөрімен (бар болса) куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі.

      33. Комиссия конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша кәсіпорынның басшысына конкурстың жеңімпазын кәсіпорындағы лауазымға қабылдау туралы ұсыныммен комиссияның шешімін енгізеді.

      34. Егер комиссия конкурс нәтижесінде осы лауазымға орналасуға кандидаттарды айқындамаған болса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      35. Кәсіпорынның басшысы комиссияның оң қорытындысына ие болған кандидатпен еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы акт шығарады, онымен қызметкер танысады.

      36. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттарға танысу үшін конкурстық құжаттамаға және конкурстық комиссияның шешімдеріне қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      37. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, кандидаттар мұндай шешімге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы тәртібімен шағымданады.

      38. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлерімен еңбек шартын бұзу Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады, қызметкерлерді материалдық жауапқа тартады.

      40. Осы Қағидаларда реттелмеген мәселелер Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес шешіледі.

Об утверждении Правил приема на работу и расторжения трудового договора c работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания на них

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 сентября 2025 года № 97. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2025 года № 36998

      В соответствии с пунктом 7 статьи 139 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила приема на работу и расторжения трудового договора c работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания на них.

      2. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      И.о. министра А. Амрин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
И.о. министра
от 29 сентября 2025 года № 97

Правила приема на работу и расторжения трудового договора с работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания на них

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила приема на работу и расторжения трудового договора с работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания на них (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 139 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и определяют порядок приема на работу и расторжения трудового договора с работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания на них.

      2. Порядок приема на работу и расторжения трудового договора с работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания на них, предусмотренные настоящими Правилами, не распространяются на гражданских служащих казенных предприятий.

      Поступление на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования, а также первого руководителя государственной физкультурно-спортивной организации осуществляется в порядке, определенном приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1017 "Об утверждении Правил поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования, а также первого руководителя государственной физкультурно-спортивной организации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12696).

      3. Конкурс на занятие вакантной должности государственного предприятия на праве хозяйственного ведения (далее – конкурс) организуется и проводится государственным предприятием на праве хозяйственного ведения, имеющим вакантную и (или) временно вакантную должность (далее – предприятия).

Глава 2. Порядок приема на работу и расторжения трудового договора с работниками государственного предприятия, применения мер поощрения и наложения взыскания

      4. Прием на работу работников предприятия осуществляется в соответствии с решением работодателя в порядке назначения или по конкурсу.

      5. Назначение на должность в предприятие осуществляется при условии соответствия лица предъявляемым квалификационным требованиям к соответствующей вакантной должности.

      6. Прием на работу работников предприятия осуществляется путем заключения трудового договора и издания акта работодателя.

      Основанием для приема на работу по конкурсу является положительное заключение конкурсной комиссии (далее – комиссия).

      Для назначения на должность в предприятии заявитель представляет в предприятие документы, предусмотренные пунктом 1 статьи 32 Трудового кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс).

      7. Основными требованиями при отборе кандидата на должность в предприятии являются образование по необходимому профилю, уровень профессиональной подготовки, а также соответствие квалификационным требованиям, предъявляемым к работникам предприятия (далее – квалификационные требования).

      8. Прием на работу на конкурсной основе осуществляется на вакантные и (или) временно вакантные должности в соответствии с перечнем должностей работников предприятия, замещаемых на конкурсной основе, определяемым руководителем предприятия.

      9. Заместители руководителя государственного предприятия назначаются на должность и освобождаются от должности уполномоченным органом соответствующей отрасли или местным исполнительным органом либо аппаратом акима города районного значения, села, поселка, сельского округа по представлению руководителя государственного предприятия.

      Номенклатура работников предприятия, назначаемых на должность уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) по представлению руководителя, устанавливается в уставе предприятия.

      10. Работник предприятия по его письменному заявлению переводится на работу в другое государственное юридическое лицо по согласованию между руководителями соответствующих предприятий.

      11. В случае наличия в предприятии вакантной должности, соответствующее предприятие размещает объявление о проведении конкурса на интернет-ресурсе предприятии и уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) не менее чем за 15 (пятнадцать) календарных дней до даты завершения приема документов.

      12. Участниками конкурса являются лица, подавшие документы указанные в пункте 19 настоящих Правил до указанной в объявлении даты окончания приема документов.

      13. Кандидатами на занятие вакантной должности предприятия (далее – кандидаты) являются участники конкурса, допущенные к собеседованию на основании решения комиссии.

      14. Комиссия является коллегиальным органом, состоящая из не менее 5 (пяти) человек (членов комиссии).

      15. Комиссия состоит из председателя, секретаря (представитель кадровой службы) и членов комиссии.

      16. В состав комиссии по проведению конкурса могут включаться представители государственных органов и других предприятий по согласованию с ними.

      17. Предприятие:

      1) принимает решение о проведении конкурса;

      2) определяет дату и место проведения конкурса;

      3) обеспечивает публикацию объявления на интернет-ресурсе и в периодических печатных изданиях о проведении конкурса за счет средств предприятия;

      4) производит прием, регистрацию и хранение представленных для участия в конкурсе документов;

      5) формирует комиссию и назначает председателя комиссии из числа представителей своего предприятия;

      6) организует заседание Комиссии.

      18. Объявление о проведении конкурса включает следующие сведения:

      1) наименование предприятия, проводящего конкурс, с указанием его местонахождения, почтового адреса, номеров телефонов и факса, адреса электронной почты;

      2) наименование вакантных должностей с обозначением основных функциональных обязанностей, размера и условий оплаты труда;

      3) основные требования к участнику конкурса, в соответствии с квалификационными требованиями;

      4) срок приема документов, который исчисляется со следующего рабочего дня после последней публикации объявления о проведении конкурса;

      5) перечень необходимых документов;

      6) место проведения собеседования.

      Если конкурс проводится на временно вакантную должность, данное условие указывается в объявлении о проведении конкурса.

      19. Лицо, изъявившее желание принять участие в конкурсе, представляет нарочно в предприятие, объявившее конкурс, или в электронном виде на адрес электронной почты, указанный в объявлении следующие документы:

      1) заявление об участии в конкурсе с указанием перечня прилагаемых документов;

      2) копию документа, удостоверяющего личность;

      3) автобиография или резюме, в которых указаны адрес фактического места жительства и контактных телефонов;

      4) копии документов об образовании в соответствии с предъявляемыми к должности квалификационными требованиями;

      5) копию документа, подтверждающую трудовую деятельность (при наличии);

      6) медицинскую справку о состоянии здоровья (врачебное профессионально-консультативное заключение) по форме № 075/у, согласно формам медицинской учетной документации, используемых в стационарах, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года №ҚР ДСМ-175/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21579), выданная не более чем за один год до дня представления документов (либо нотариально засвидетельствованная копия).

      При приеме на работу в предприятие, лицо представляет справку о наличии либо отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления.

      Кандидат вправе представить дополнительные материалы, касающиеся его образования, трудового стажа и профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, дипломы о научных степенях и званиях, научные публикации, рекомендательные письма с предыдущего место работы и т.д.)

      Предоставление неполного пакета документов является основанием для отказа в приеме документов предприятием.

      20. Конкурс состоит из следующих этапов:

      1) квалификационная оценка участников конкурса;

      2) проведение собеседования с кандидатами;

      3) подведение итогов конкурса.

      21. Комиссия в течение 5 (пяти) рабочих дней после даты завершения приема документов проводит квалификационную оценку соответствия участника квалификационным требованиям.

      22. Квалификационные требования к работникам и сложность определенных видов работ устанавливаются на основе профессиональных стандартов, а при их отсутствии на основе Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих, тарифно-квалификационных характеристик профессий рабочих, Квалификационного справочника должностей руководителей, специалистов и других служащих, а также типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций, утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 21 декабря 2015 года № 982 "Об утверждении Правил разработки, пересмотра, утверждения и применения Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих, тарифно-квалификационных характеристик профессий рабочих, Квалификационного справочника должностей руководителей, специалистов и других служащих, а также типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12631).

      23. По результатам оценки участников конкурса на предмет соответствия квалификационным требованиям, комиссия путем голосования принимает решение об утверждении списка кандидатов, соответствующих квалификационным требованиям и (или) об отказе в допуске к собеседованию.

      24. Предприятие в течение 3 (трех) рабочих дней со дня утверждения списка кандидатов уведомляет участников конкурса:

      1) соответствующих квалификационным требованиям, об утверждении их в качестве кандидатов, о дате, времени и месте прохождения собеседования. При этом, дата проведения собеседования устанавливается с учетом обеспечения необходимого времени для прибытия кандидатов на собеседование;

      2) не соответствующих квалификационным требованиям, об отказе в допуске к собеседованию.

      Уведомление осуществляется посредством направления информации на электронные адреса и мобильные телефоны участников конкурса.

      25. При проведении комиссией собеседования с кандидатами определяются профессиональные знания кандидатов, необходимые для выполнения функциональных обязанностей к соответствующей должности.

      26. Заседание комиссии проводится при условии присутствия не менее двух третей от общего его состава.

      27. По соглашению сторон собеседование проводится посредством дистанционных средств видеосвязи.

      28. Решение по итогам заседания комиссии принимается в отсутствие кандидата путем открытого голосования в тот же день.

      29. Кандидат получает положительное заключение в случае, если за него проголосовало большинство присутствующих из состава комиссии. В случае равенства голосов при голосовании решающим является голос председателя комиссии.

      30. В случае несогласия с решением комиссии любой член комиссии излагает свое мнение, в письменном виде, которое прилагается к протоколу заседания комиссии.

      31. Решение комиссии оформляется протоколом, который подписывается председателем и членами комиссии, а также секретарем, осуществляющим протоколирование.

      32. Предприятие письменно извещает кандидатов, прошедших собеседование, о результатах конкурса в течение трех рабочих дней со дня его завершения. Вместе с извещением, кандидатам направляется копия протокола заседания комиссии заверенная печатью предприятии (при ее наличии).

      33. Комиссия по итогам конкурсного отбора вносит руководителю предприятия решение комиссии с рекомендацией о принятии на должность в предприятии победителя конкурса.

      34. Если в результате конкурса комиссией не определены кандидаты на занятие данной должности, конкурс признается несостоявшимся.

      35. С кандидатом, получившим положительное заключение комиссии, руководитель предприятии заключает трудовой договор и издает акт о приеме на работу, с которым работник ознакамливается.

      36. Участником конкурса и кандидатом обеспечивается доступ к конкурсной документации и решениям конкурсной комиссии для ознакомления.

      37. В случае несогласия с решением конкурсной комиссии, такое решение обжалуется кандидатами в порядке статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      38. Расторжение трудового договора с работниками государственного предприятия производится по основаниям и в порядке, установленных Кодексом.

      39. Руководитель государственного предприятия поощряет работников, налагает дисциплинарные взыскания, привлекает работников к материальной ответственности в случаях и порядке, предусмотренных Кодексом.

      40. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в соответствии с Кодексом и иными законами Республики Казахстан.