"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 547 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36977 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында, аталған бұйрықпен бекітілген:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, борышкер) жеке тұлғаларға банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.

      Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – кредиторлар) алдындағы міндеттемелер де жатады.";

      5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру шартына қолданылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Соттан тыс банкроттық рәсімі, Заңның 18-бабына сәйкес егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация, "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) арнайы мобильдік қосымша арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берсе;

      2) борышкердің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік берсе;

      3) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;

      4) көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе;

      5) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген күні осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса тоқтатылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2), 3) және 5) тармақшасының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмаса тоқтатылады.

      Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтадан көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша рәсім тоқтатылған күннен кейін алты айдан кешіктірмей беруге құқылы.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 547
бұйрығына 1-қосымша
"Соттан тыс банкроттық
рәсімін қолдану" мемлекеттік
қызметн көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы – қағаз жеткізгіште;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) арнайы мобильдік қосымшаға арқылы – электрондық форматта.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін өткізу мерзімі борышкер туралы мәліметті порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағазда

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тартуы;
2) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау шешім не соттан тыс банкроттықты тоқтату.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 08.30-ден 18.00-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Меркелер туралы Заңға сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асыралады, электрондық кезекті брондауға болады;
3) портал және модильді қосымшада – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Еңбек кодексіне және Мереке туралы Заңға сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы:
1) Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz;
2) портал www. egov. kz интернет -ресурста орналастырған

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші. Портал және (немесе) мобильдік қосымшада: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының не (немесе) жұбайының (зайыбының) (бар болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып, 1414 Біріңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде) жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай байланыс-орталығының порталында "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы мемлекеттік ақпаратты алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өтеді, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтуі және қажетті құжатты таңдауы қажет.


О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 28 февраля 2023 года № 218 "Об утверждении Правил и форм оказания государственной услуги "Применение процедуры внесудебного банкротства"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 сентября 2025 года № 547. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2025 года № 36977

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 28 февраля 2023 года № 218 "Об утверждении Правил и форм оказания государственной услуги "Применение процедуры внесудебного банкротства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31976) следующие изменения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Применение процедуры внесудебного банкротства", утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Государственная услуга оказывается физическому лицу – гражданину Республики Казахстан (далее – услугополучатель, должник) с целью прекращения обязательств по договорам банковского займа и договорам о предоставлении микрокредита физических лиц перед банками второго уровня, филиалами банка-нерезидента Республики Казахстан, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, микрофинансовую деятельность, или коллекторскими агентствами.

      К обязательствам, указанным в настоящем подпункте, также относятся обязательства перед банками второго уровня, филиалами банка-нерезидента Республики Казахстан, организациями, осуществлявшими отдельные виды банковских операций, микрофинансовую деятельность, или коллекторскими агентствами, лишенными уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций лицензий на проведение всех банковских операций, осуществление микрофинансовой деятельности либо исключенными из реестров микрофинансовых организаций, коллекторских агентств, в том числе ликвидированными, находящимися на стадии ликвидации, а также иными организациями, которым принадлежат права требования по договорам банковского займа, договорам займа (кредита) и договорам о предоставлении микрокредита физических лиц (далее – кредиторы).";

      часть третью подпункта 3) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "Требования настоящего подпункта не распространяются на обязательства, предусмотренные частью второй пункта 2 настоящих Правил, а также на договор банковского займа и (или) договор о предоставлении микрокредита, заключенные до 1 января 2025 года.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Процедура внесудебного банкротства в соответствии со статьей 18 Закона прекращается, если в течение срока проведения такой процедуры:

      1) услугополучатель подал услугодателю заявление через Государственную корпорацию "Правительство для граждан", веб-портал "электронного правительства" и (или) специальное мобильное приложение о прекращении процедуры внесудебного банкротства по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) в собственность должника поступило имущество или изменилось его финансовое и (или) имущественное положение, позволяющее ему полностью или более чем на тридцать процентов исполнить свои обязательства перед кредиторами;

      3) выявлены факты сокрытия имущества или имущественных обязательств, сведений об имуществе, его размере, месте нахождения либо иной информации об имуществе, передачи имущества в иное владение, отчуждения или уничтожения имущества, а также сокрытия, уничтожения, фальсификации документов, отражающих сведения об имуществе;

      4) наступила смерть услугополучателя, вступило в законную силу решение суда о признании его безвестно отсутствующим или объявлении его умершим;

      5) выявлены факты несоответствия должника на дату подачи заявления о применении процедуры внесудебного банкротства основаниям, указанным в статье 5 Закона, в том числе по заявлению кредитора.

      Требования подпунктов 2), 3) и 5) части первой настоящего пункта не относятся к должникам, применившим процедуру внесудебного банкротства на основании пункта 3 статьи 5 Закона.

      Повторно заявление о применении процедуры внесудебного банкротства услугополучатель подает не ранее чем через шесть месяцев после даты прекращения процедуры по основаниям, предусмотренным подпунктами 3) и 5) настоящего пункта.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 30 сентября 2025 года № 547
  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Применение процедуры
внесудебного банкротства"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Проведение процедуры внесудебного банкротства"

1.

Наименование услугодателя

Территориальные органы Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по районам, городам и районам в городах (далее – услугодатель).

2.

Способы предоставления государственной услуги

1) через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) на бумажном носителе;
2) посредством веб-портала "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал) и (или) специального мобильного приложения (далее – мобильное приложение – в электронной форме.

3.

Срок оказания государственной услуги

1) срок размещения услугодателем сведений об услугополучателе на портале либо мотивированного отказа в оказании государственной услуги составляет 15 (пятнадцать) рабочих дней;
2) срок проведения услугодателем процедуры внесудебного банкротства составляет 6 (шесть) месяцев со дня размещения на портале сведений о должнике.

4.

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/ бумажная

5.

Результат оказания государственной услуги

1) размещение услугодателем сведений об услугополучателе на портале либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги;
2) решение о завершении процедуры внесудебного банкротства либо прекращение процедуры внесудебного банкротства.

6.

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается бесплатно.

7.

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

1) услугодатель – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 8.30 до 18.00 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Трудовой кодекс) и Закону Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан" (далее – Закон о праздниках) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов;
2) Государственная корпорация – прием заявлений и выдача готовых результатов государственных услуг осуществляется через Государственную корпорацию с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудовому кодексу и Закону о праздниках.
Прием осуществляется в порядке "электронной" очереди, без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди;
3) портала и мобильного приложения – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу и Закону о праздниках, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе:
1) Государственной корпорации: www.gov4c.kz;
2) портала www.egov.kz.

8.

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

В Государственную корпорацию:
Заявление должника о применении процедуры внесудебного банкротства согласно приложению 2 к настоящему приказу.
На портале и (или) в мобильном приложении:
Заявление должника о применении процедуры внесудебного банкротства согласно приложению 2 к настоящему приказу.

9.

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
2) отсутствие согласия услугополучателя и (или) супруга (супруги)(при его (ее) наличии), предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучателям, имеющим в установленном Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" полную или частичную утрату способности или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться, прием документов для оказания государственной услуги производится работником Государственной корпорации с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 7777 (при оказании услуги через Государственную корпорацию). Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи.
Услугополучатель получает информацию о статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" на портале Единого контакт-центра.
Сервис цифровых документов доступен для пользователей, авторизованных в мобильном приложении.
Для использования цифрового документа проходят авторизацию в мобильном приложении с использованием электронной цифровой подписью или одноразового пароля, далее перейти в раздел "Цифровые документы" и выбрать необходимый документ.