БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме):
1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
3 және 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N,
мұнда:
У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері;
Т – "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) cәйкес АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;
К, Ко, Кн, Кк, Кв – осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;
N – жануарлар дүниесі объектілерінің нақты түрі дарақтарының саны.
4. Жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
У = Т x Кд x N, мұнда:
У - жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері (АЕК);
Т - "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) cәйкес АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;
Кд – осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;
N - жануарлар дериваттарының саны (дана)." ;
Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні
№ | Жануарлар дүниесі объектілеріне зиян келтіруге түрткі болған мән-жайлар | Коэффициенттер мәні |
1. | Жануарлар дүниесі объектілерін қасақана жою, оның ішінде: | |
1.1 | Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда) | Коэффициент "К" 1,5 |
1.2 | Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу | Коэффициент "Ко" 3 |
2. | Жануарлар дүниесі объектілерін абайсызда жою | Коэффициент "Кн" 1,5 |
3. | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына) енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін немесе алуға тыйым салынған жануарларды жою | Коэффициент "Кк" 3 |
4. | Жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау | Коэффициент "Кд" 1,5 |
5. | Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде аң аулау объектілерінің қасақана немесе немқұрайлылықтан жойылуына (өлуіне) түрткі болған әрекет (әрекетсіздік) | Коэффициент "Кв" 1 |