Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 және "Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 11-1-4/530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 қыркүйекте № 36823 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 676-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34089 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 676-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказы Министерства иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 "Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства" и от 28 февраля 2024 года № 11-1-4/71 "Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 9 сентября 2025 года № 11-1-4/530. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 сентября 2025 года № 36823

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 "Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18702) следующее изменение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 2) статьи 676 Налогового кодекса Республики Казахстан и подпунктом 144) пункта 15 Положения о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118, ПРИКАЗЫВАЮ:".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 28 февраля 2024 года № 11-1-4/71 "Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34089) следующее изменение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 1) статьи 676 Налогового кодекса Республики Казахстан и подпунктом 144-1) пункта 15 Положения о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118, ПРИКАЗЫВАЮ:".

      3. Департаменту консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра иностранных дел Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2026 года.

      исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
А. Рахметуллин

      "Согласован"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "Согласован"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан