БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) шағын автобус – дайындаушы зауыт көздеген жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын, ерекше шағын кластағы автобус;
3) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған такси;
4) такси – Тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;
5) мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге, порталда тасымалдау жөніндегі тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті, көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – өнім беруші) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға және жеке тұлға;
6) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
7) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес кепілдік берілген сома шегінде жергілікті атқарушы органдар олардың құнын өтеу шартымен мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.";
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды таксимен тасымалдау жөнінде қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру";
19-тармақ алып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін, соның ішінде кресло-арбада отыратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арнайы бейімделген "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2024 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автокөлік құралдары пайдаланылады.";
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі";
22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді Портал арқылы немесе Кодекстің 169-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.
23. Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, олардыауыстыру мерзімдерін қосаалғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
3) екінші және үшінші дәрежелі өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылулар.
24. Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін мүгедектіктің белгілеу мерзіміне арналған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негіз болып табылады.
25. Инватакси қызметін көрсету кезінде:
1) кресло-арбалармен қозғалатын және (немесе) өз бетінше қозғалу мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады;
2) өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі бар және кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылмаған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.";
26. 12 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды инватакси конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдіктерінің көмегімен баланы байлауға мүмкіндік беретін арнайы балалар ұстау құрылғысы немесе өзге де құралдар болмаған кезде, ал арнайы балалар ұстау құрылғысы болмаған кезде инватаксидің алдыңғы отырысында инватакси тасымалдауға жол берілмейді.";
26-1 және 26-2-тармақтар алып тасталсын;
27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Инватакси қызметтері белгіленген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес көрсетіледі.
28. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Тізбені, көрсетілімдерді кеңейтуге, инватакси қызметін көрсетудің сағат санын және бір сапардың уақыты бойынша ұзақтығын ұлғайтуға жол беріледі.
29. Инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады.
30. Инватакси қызметтерін көрсету тапсырыс қабылдау, мүгедектігі бар адамды қарсы алу, орналасқан жерден инватаксиге дейін мүгедектігі бар адамды тасымалдауға жәрдемдесу (еріп жүретін адам болмаған жағдайда), сондай-ақ отырғызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), багажды тиеу/түсiруге (қажет болған жағдайда), мүгедектігі бар адамды және еріп жүретін адамды (болған жағдайда) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін жеткізу кіреді.
31. Инватакси салонында Тасымалдау қағидаларына сәйкес Мүгедек адам алатын бір орынға багажды алып жүруге рұқсат етіледі.
32. Осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге көрсеткіштері бар мүгедектігі бар адамды сапарда бір адам алып жүреді.
Мүгедектігі бар адам инватаксимен тасымалдауға тек еріп жүретін адам болған кезде мынадай жағдайларда ғана жол беріледі:
- өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі жоқ, оның ішінде арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланған кезде де;
- осы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге көрсеткіштердің болуы;
- мүгедектігі бар балаларды ата-анасының және (немесе) оның заңды өкілінің еріп жүрумен инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуі.
Мүгедектігі бар адамды тасымалдау кезінде онымен бірге 14 жасқа дейінгі баласын тасымалдауға жол беріледі.
Осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері жоқ және (немесе) ілеспе тұлға болып табылмайтын бөгде адамдарды инватаксимен тасымалдауға жол берілмейді.
33. Адамның өтініші бойынша бордюр, саты, баспалдақ және басқа да тосқауылдардан өтуге көмек көрсету түріндегі кедергілерден жүргізушінің келісімімен ғана орындалады.
34. Жүргізуші салонда қалып қойған, ұмытылған мүгедектігі бар адамдардың заттарының сақталуына жауап бермейді.";
мынадай мазмұндағы 1-параграфпен толықтырылсын:
"1-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі";
35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Инватакси қызметін алу үшін мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрақты тіркелген жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтінішті және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты береді.
Жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушысы өтінішті қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "Электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар қалыптастырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы туралы.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
36. Өтініш беруші осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) толық ұсынбаған кезде жергілікті атқарушы органдар өтінішті қабылдаудан бас тартады және өтініш берушінің абоненттік құрылғысына қабылдаудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
37. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушысы өтініштерді келіп түсу тәртібімен "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) кезегінің электрондық журналында тіркейді.
38. "Е-Собес" ААЖ тіркелгеннен кейін өтініштер, мүгедектігі бар адамның санаты туралы мәліметтер кезектілік тәртібімен "Е-Собес" ААЖ-дан Порталға беріледі.
39. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушысы "Е-Собес" ААЖ-дан "Іс-шараларды жоспарлау" модулінің деректерін ескере отырып, ай сайын Порталға жібереді.
40. "Е-Собес" ААЖ-мен мобильді азаматтар базасында тіркелген өтініш берушінің абоненттік нөміріне Порталда мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді өнім берушіні авторизациялау және таңдау қажеттілігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Өнім берушіні таңдауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші порталда авторизацияланады (http://aleumet.egov.kz).
41. Өтініш берушінің Порталда өнім берушіні таңдауы оған мәліметтерді Порталға жіберу туралы хабарланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.
42. Өтініш беруші өнім берушіні таңдауы болмаған кезде мәліметтерді Порталға берген күннен бастап бір ай ішінде "Е-Собес" ААЖ-дан өтініш берушінің абоненттік құрылғысына келесі ай ішінде Порталда өнім берушіні таңдау қажеттілігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
43. Мәліметтерді Порталға берген күннен бастап екі ай өткен соң өтініш берушіде Порталда өнім берушіні таңдау мүмкіндігі бұғатталады және себебін көрсете отырып, өнім берушіні таңдау мүмкіндігін бұғаттау туралы СМС-хабарлама өтініш берушінің абоненттік құрылғысына жіберіледі. Порталда өнім берушіні таңдауды жалғастыру үшін өтініш беруші порталдағы жеке кабинетте "өнім берушіні таңдауды белсендіру" батырмасын басады.
Порталдан өнім берушіні таңдауды белсендіру туралы мәліметтер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі, содан кейін өтініш беруші "Е-Собес" ААЖ кезектілігін ескере отырып, өнім берушіні таңдайды.
44. Өтініш беруші порталда өнім берушіге инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметке тапсырысты ресімдейді және жібереді, сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіге кепілдендірілген соманы өтеуге арналған өтінішке ЭЦҚ-ға қол қояды.
45. Өнім беруші өтінім порталда келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдау туралы немесе инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметті ұсынудан бас тарту туралы өнім берушінің ЭЦҚ қол қойылған хабарламаны қарайды және "пайдаланушының жеке кабинетіне" жібереді:
өнім берушілер тізілімінен шығаруға өтініш берілді;
соның негізінде инватакси қызметі ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің күшін жою;
тұрақты мекен-жайы бойынша өтініш беруші тіркелген елді мекеннен тыс жерде қызмет көрсетуге тапсырыс;
өнім беруші инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін мүгедектігі бар адамдардың рұқсат берілген санынан асып кетуі;
бұдан бұрын өтініш берушіге мобильдік қосымшамен расталған өнім берушінің мекенжайына негізсіз қорлау мен адамның қадір-қасиетін қорлайтын айыптаулар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылған болатын;
форс-мажорлық мән-жайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебінен қызмет көрсету мүмкін еместігі.
46. Өнім беруші мүгедек адамдарды инватаксиге тасымалдау бойынша қызметті көрсету кезеңінде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін қалыптастыру үшін порталда "өнім берушінің жеке кабинеті" модуліне бере отырып, таксиге тапсырыстың мобильді қосымшасы арқылы маршрут парағын қалыптастыра отырып, сапар маршруттарын тіркейді.";
мынадай мазмұндағы 47, 48, 49, 50, 51, 52 және 53-тармақтармен толықтырылсын:
"47. Өтініш беруші өзі таңдаған өнім беруші инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтерді одан әрі алудан мынадай себептерді көрсете отырып бас тартады:
өнім беруші уақтылы қызмет көрсетуге кіріспеді;
өнім беруші қызмет көрсету мерзімі мен уақытын жүйелі түрде бұзады;
өнім беруші сапасыз қызмет көрсетілді.
Таңдаған өнім беруші мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтерді одан әрі алудан бас тарту айына бір реттен аспайды. Басқа таңдаған өнім берушімен қызмет көрсету келесі айдың 1-күнінен бастап жүзеге асырылады.
48. Өнім беруші келесі себептерді көрсете отырып инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтерді одан әрі ұсынудан бас тартады:
өнім берушілер тізілімінен шығаруға өтініш берілді;
соның негізінде инватакси қызметі ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің күшін жою;
тұрақты мекен-жайы бойынша өтініш беруші тіркелген елді мекеннен тыс жерде қызмет көрсетуге тапсырыс;
жүктеменің тым асып кету салдарынан қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
инватакси қызметтерін көрсетуге көзделген мүгедектігі бар адамның мәртебесіне сәйкес белгіленген сағат санынан асып кетуі;
өнім беруші инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін мүгедектігі бар адамдардың рұқсат берілген санынан асып кетуі;
бұдан бұрын өтініш берушіге мобильдік қосымшамен расталған өнім берушінің мекенжайына негізсіз қорлау мен адамның қадір-қасиетін қорлайтын айыптаулар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылған болатын;
форс-мажорлық мән-жайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебінен қызмет көрсету мүмкін еместігі.
49. Мүгедектігі бар адамдарды Портал арқылы инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтерді көрсететін өнім берушілерге қойылатын талаптар "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, осы Қағидаларға және "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2024 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартына сәйкес келеді, оның ішінде мыналарды қамтиды:
1) такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілуі;
2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың болуы;
3) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған кемінде он автокөлік құралдарының болуы;
4) әрбір он автокөлік құралдарына мүгедектігі бар адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген кемінде бір инватакси;
5) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелері бойынша оқудан өткен, автокөлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл жүргізушілермен қамтамасыз ету;
6) өнім берушінің орындаған жұмыстарын растайтын сапар маршрутын белгілеу және осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық құжат нысанында маршрут парағын қалыптастыру мүмкіндігі бар таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы арқылы таксиді шақыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-диспетчерлік такси қызметімен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуы;
7) ұялы байланысты қоса алғанда және өтінімдерді қабылдау үшін Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған, өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған диспетчерлік қызметтің болуы;
8) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын және диспетчерлік қызмет орналасқан, сондай-ақ оған инватакси қызметтерін көрсететін ұйымның автокөлік құралдары бекітілетін елді мекен;
9) мүгедектігі бар адамның тұрақты тіркелген жері бойынша инватакси қызметтерін көрсету жүзеге асырылады;
10) мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерінің, оның ғимараттары мен құрылысжайларының (бар болса), қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, оларға инватакси қызметтерін көрсету кезінде қажетті ыңғайлылықтар мен жағдайлар жасау.
50. Межелі пунктке келгеннен кейін маршрут парағын автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектігі бар адам немесе еріп жүретін адам бағасын қояды.
51. Мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі қайтыс болған кезде төлем құжаттарын өнім беруші қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде, мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің қолы қойылмай ұсынады.
52. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтердің құнын жергілікті бюджет қаражатынан, бірақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32681 болып тіркелген) сәйкес есептелген кепілдендірілген құннан аспайтын өтеуді жүзеге асырады.
53. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету елді мекен шегінде осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес көрсеткіштер бойынша мүгедектіктің белгілеу мерзіміне дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негізінде мынадай санаттар бойынша есеппен жүзеге асырылады:
1) бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 (отыз) минутты негізге ала отырып, бірінші топтағы мүгедек адамдар және екінші топтағы мүгедек адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге айына жиырма бес сағат;
2) бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 (отыз) минут негізге ала отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне, білім беру ұйымдарында білім алушыларына айына жиырма бес сағат:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 (отыз) минут негізге ала отырып, тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға айына алты сағат.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерге көзделген сағат санын және бір сапар уақыты бойынша ұзақтығын ұлғайтуға осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол беріледі.
Мүгедектігі бар адамдар санатқа сәйкес пайдаланбаған сағаттар ағымдағы айда келесі айға ауыстырылмайды.
Мүгедектігі бар адамды басқа санатқа ауыстыру ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскеннен немесе өтініш беруден кейін келесі айдың басынан бастап жүргізіледі.
Мүгедек адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мынадай мән жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:
мүгедектік тобының өзгеруі;
тұрақты мекен-жайының тіркелуін өзгертуі;
мүгедектігі бар адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетуі немесе қайтыс болуы.";
мынадай мазмұндағы 2-параграфпен толықтырылсын:
"2-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен мемлекеттік сатып алу арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі";
мынадай мазмұндағы 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70 және 71-тармақтармен толықтырылсын:
"54. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету Портал мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде Порталда қызметтер көрсетуші болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
55. Инватакси қызметін алу үшін өтініш беруші инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамға қайтарылады.
Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.
56. Өтініш беруші осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) толық ұсынбаған кезде, инватакси қызметін көрсететін ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіні бас тарту туралы хабардар етеді.
57. Осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде, инватакси қызметін көрсететін ұйым өтінішті келіп түсу тәртібімен тіркейді.
58. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың жасасқан, сондай-ақ иелігінде инватакси, қызмет көрсету үшін қажетті персоналдың жұмысы үшін шарттары бар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда және Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған диспетчерлік қызметі бар ұйым көрсетеді.
59. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттiк сатып алу туралы шартта белгіленеді, оның ішінде мыналарды қамтиды:
1) инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесі (бұдан әрі-тізбе);
2) тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта инватаксидің жұмыс режимі, демалыс және мереке күндері;
3) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын және диспетчерлік қызмет орналасқан, сондай-ақ оған инватакси қызметтерін көрсететін ұйымның автокөлік құралдары бекітілетін елді мекен;
4) инватаксиді тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін инватакси қызметтері;
5) инватакси қызметтерін көрсететін ұйым мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерінің, оның ғимараттары мен құрылысжайларының (бар болса), қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, оларға инватакси қызметтерін көрсету кезінде қажетті ыңғайлылықтар мен жағдайлар жасайды;
6) тәуліктің кешкі және түнгі уақытында, демалыс және мереке күндері мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсету үшін кезекші инватаксилердің болуы;
7) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелері бойынша оқудан өткен, автокөлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл жүргізушілермен қамтамасыз ету.
60. Инватакси қызметтерін көрсететін ұйым мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көзделген талаптарды орындайды.
61. Инватакси қызметтерін көрсететін ұйым ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инватаксидің орындалған жұмыстарын растайтын мүгедектігі бар адамдардың қолдары бар маршруттық парақтарды жергілікті атқарушы органдарға береді.
62. Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі.
63. Тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адам мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сапар күнін және уақытын, белгіленген пункттің нақты мекенжайын, мүгедектігі бар адаммен және (немесе) оның заңды өкілімен байланысу үшін телефонын, өзге де қосымша ақпаратты (жолаушылардың санын, жүк көлемін және жай-күйін, поездың, автобустың, әуе кемесінің келу/кету уақытын) береді.
64. Диспетчер инватакси маршрутын жасау кезінде өтінім уақытын түзетеді және оны мүгедектігі бар адаммен келіседі.
65. Қызметтерді көрсету кезінде инватаксидің жүру бағыты бойынша бір мезгілде бірнеше мүгедектігі бар адамдардың өтінімін орындауға жол беріледі.
66. Өтінімді алып тастаған жағдайда мүгедектігі бар адам тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерлік қызметке хабарлайды.
67. Инватакси тапсырыс орнына келгені туралы хабарланғаннан кейін инватакси мүгедектігі бар адамды 20 минут күтеді. Мүгедектігі бар адам көрсетілген уақытта келмесе, тапсырыс алынады және өтінім орындалды деп есептеледі.
68. Маршрут бағыты өзгертілген жағдайда мүгедектігі бар адам тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Сапар мекенжайының өзгеруі инватакси маршрутымен сәйкес келмесе, диспетчер мүгедектігі бар адамға тапсырыс беру мекенжайын өзгертуден бас тартады.
69. Мүгедектігі бар адам белгіленген уақыттан кешігетін болса, ол тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Диспетчер тапсырыс уақытын ауыстырады немесе мүгедектігі бар адамның кешігуі себебімен инватакси қызметтерін көрсету кестесіне кедергі келтірсе, тапсырысты алып тастайды.
70. Межелі пунктке келгеннен кейін инватакси жүргізушісінің маршруттық парағына мүгедектігі бар адам қол қояды, мүмкіндік болмаған жағдайда, дене функцияларының бұзылуына байланысты ілесіп жүретін адам қол қояды.
71. Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;";
214-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда бір инватаксидің болуын;";
297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"297. Лекпен қозғалған кезде автобустар олардың арасында қауiпсiз интервалды сақтай отырып, қатаң белгiленген тәртiпте қозғалады (Жол жүрісі қағидаларының 9-тарауының 69-тармағына сәйкес).";
299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"299. Балаларды тасымалдаған кезде қозғалыс жылдамдығын жүргiзушi жол, метеорология және өзге де жағдайларға байланысты таңдайды (Жол жүрісі қағидаларының 10-тарауының 72-тармағына сәйкес), бұл ретте автобус қозғалысының жылдамдығы барлық жағдайда 60 км/сағ аспайды.
Балаларды лекпен тасымалдайтын автобустардың қозғалысы кезiнде қозғалыс жылдамдығын лекке ерiп жүретiн жол-патрульдік полициясының қызметкерi таңдайды, бiрақ барлық жағдайда ол 40 км/сағ аспайды.
Автобусты басқару кезiнде жүргiзушi күрт тежеуге жол бермей автобус жүрiсiнiң бiрқалыптылығына ерекше көңiл бөледі.
Автобустар легiнiң темiр жол өткелiнен өту қауiпсiздiгiн оған ерiп жүретiн ӘПК-нің қызметкерлерi қамтамасыз етедi.";
307-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"307. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Жол жүрісі қағидаларының 12-тарауының 84-90-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады. Автобустың аялдауы (тұрақтауы) кезiнде балаларды отырғызу және түсiру орындары, мүмкiндiгiнше, қарқынды қозғалысы бар жол учаскелерiнде орналаспайды. Аталған талапты орындау мүмкiн болмаған жағдайда балаларды автобусқа отырғызу және одан түсiру кезiнде авариялық сигнал беру iске қосылады.
Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көру жағдайында аялдама (тұрақтау) жасаған кезде Жол жүрісі қағидаларының 19-тарауының 130-тармағына сәйкес сыртқы жарық құралдарын пайдаланған жөн.";
324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"324. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар ұлттық стандарттарға және техникалық регламенттерге сәйкес келеді, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустарды (І класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (ІІ класты) пайдалануға рұқсат етіледі;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (ІІ класты) немесе алысқа жүретін автобустар (ІІІ класты), шағын автобустар пайдаланылады;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында қолданылатын автобустар мен шағын автобустар халықаралық және аймақаралық тасымалдауды жүзеге асыруда – диспетчерлік жүйеге автокөлік құралының ағымдағы орналасқан жері туралы нақты уақыт режимінде ақпарат бере отырып, спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықталады.";
мынадай мазмұндағы 324-2-тармақпен толықтырылсын:
"324-2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтініш
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерді әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетуді сұраймын.
Мүгедектігі бар адам туралы мәліметтер:
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: _______________________________________________________
Мүгедектік тобы ___________________________________________________
Мүгедек адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген инватаксиге
қажеттілік _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________
Құжат нөмірі: __________ кім берді: ___________________________________
Берілген күні: 20 ___ жылғы "____" _____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі:___________________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы: _______________________________
Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі __________________
Заңды өкіл туралы мәліметтер (бар болса):
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________
Құжат нөмірі: __________ кім берді: ___________________________________
Берілген күні: 20 ___ жылғы "____" ______________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы: _______________________________
Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі __________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер үшін құжаттарды ресімдеу үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Инватакси қызметтерін ұсынуды бақылау мақсатында инватаксимен жүріп- тұру маршрутын қадағалауға келісім беремін. Келесі шарттар сақталған жағдайда инватакси қызметтерін ұсыну туралы хабардар болдым: - осы Қағидалармен танысу; - мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі бар ұялы телефонның болуы; - әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін алу кезінде тапсырысты жүзеге асыру үшін таңдалған өнім берушімен шарт жасасқан ақпараттық-диспетчерлік такси қызметінің таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын жүктеу; - әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін алу кезінде сапардың аяқталуын бағалаумен тіркеу. Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің қолы __________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20____ жылғы "____" ___________
Өтінішті қабылдаған адамның лауазымы және қолы ____________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__" ___________
Инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршрут парағы
20 ___ жылғы __________ (ай) бойынша
Инватакси қызметін көрсететін өнім берушінің атауы ______________________
Мүгедектігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
Мүгедектігі бар адамның мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі
_____________________________
Р/с | Инватакси сапарының маршруты | Мүгедектігі бар адамға инватаксимен қызмет көрсету уақыты | ||||||
Инватаксимен тасымалдау күні (күні, айы, жылы) | Бастапқы жөнелту пункті | Соңғы межелі пункті | Баға | Инватаксидің келу уақыты, сағат / минут | Мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут | Мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат / минут | Сапардың жалпы уақыты | |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
... |
Өнім берушінің ЭЦҚ _________________
Мүгедектігі бар адамның ЭЦҚ ____________________
Инватакси қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес көрсетудің маршрут парағы
Инватакси қызметін көрсететін ұйымның атауы ___________________________
Инватаксиді тасымалдау күні (күні, айы, жылы) __________________________
№ р/н | Мүгедектігі бар адам | Инватакси сапарының маршруты | Мүгедектігі бар адамға инватаксимен қызмет көрсету уақыты | |||||
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда оның болуы) | Телефон нөмірі | Қолы | Бастапқы жөнелту пункті | Соңғы межелі пункті | Инватаксидің келу уақыты, сағат / минут | Мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут | Мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат / минут | |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
... |
Жүргізуші ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жүргізушінің қолы ________________ Диспетчер __________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Диспетчердің қолы _____________________