ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 31.08.2025 ж.. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 50 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34908 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-2 және 3-3-тармақтарына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-6-тармағына, 7-бабы 2-тармағының 11-2) тармақшасына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-2 және 3-3-тармақтарына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-6-тармағына, 7-бабы 2-тармағының 11-2) тармақшасына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың және кредиттік бюролардың арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролар арасындағы өзара іс-қимыл мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ЖРАЖ ИШ сервис арқылы мерзімді әскери қызметке шақырылған әрбір әскери қызметші бойынша кредиттік бюроларға мынадай мәліметтерді береді:
ЖСН;
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
туған күні;
әскер қызметке қатысты мәртебесі;
облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күні;
2) кредиттік бюро алынған мәліметтер негізінде мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшінің банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің бар-жоғын тексереді;
3) кредиттік бюро мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілердің банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелері бар мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мынадай мәліметтерді кредиторларға береді:
ЖСН;
әскери қызметке қатынасының мәртебесі;
облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күні;
Кредитор сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролар сервисі арқылы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді аптасына бір рет сұратады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Кредитордың мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді банктік қарыз, микрокредит бергенге дейін алу тәртібі
8. Кредиттік бюролар ЖРАЖ ИШ сервисі арқылы мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді алған кезде бұл мәліметтерді олардың кредиттік тарихына енгізеді, сондай-ақ олардың кредиттік есебінде облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан күнін көрсете отырып, "мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісі" мәртебесін (бұдан әрі – мәртебе) көрсетеді.
Он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы жеке тұлғаға банктік қарыз, микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін кредитор кредиттік есепте оның мәртебесін тексереді.
Кредитор өзінің кредиттік есебінде мәртебесі болған кезде мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісіне банктік қарыздар, микрокредиттер бермейді.
Кредиттік бюролар ЖРАЖ ИШ сервисі арқылы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген, мерзімді әскери қызметтен, оның ішінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін босатылған әскери қызметші туралы мәліметтерді алған кезде Қағидалардың 6-тармағы 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтерді оның кредиттік тарихында, сондай-ақ кредиттік есепте көрсетеді.
Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және пайдалану "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілген келісім негізінде жүзеге асырылады.".
2. Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі