"Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 тамызда № 36669 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36331 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдерінде:

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын растайтын құжаттарды толық ұсынбаған, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері дұрыс болмаған кезде уәкілетті орган дәлелді бас тартады, ол бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бюджеттік кредитті алу үшін түпкілікті қарыз алушы сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесі арқылы электрондық өтінім қалыптастырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сенім білдірілген өкілде (агентте)/қарыз алушыда ақпараттық жүйе болмаған жағдайда бюджеттік кредитті алу үшін түпкілікті қарыз алушы сенім білдірілген өкілге (агентке) өтінімді қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.";

      70-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидаларында:

      6-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 458 бұйрығына 1-қосымша
Қаржы агенттіктерін
  Міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз етусіз
республикалық бюджеттен
бюджеттік кредиттер алатын
қаржы агенттіктерінің тізбесіне
енгізу қағидаларына
1-қосымша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын банктер мен ұйымдар үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпестен республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары

р/с №

Атауы

Есеп

Ұсынылатын мәндер

Түсініктемелер

1

2

3

4

5

1

Меншікті қаражатты пайдалану коэффиценті

МК/НП

> 0,1

Меншікті қаражатты пайдалану коэффициенті меншікті капиталдың жұмыс операцияларында қаншалықты пайдаланылатындығын көрсетіп отыр.

2

Меншікті қаражат көздерінің артығы (жетіспеуі)

МК/ША

> 1

Меншікті қаражат көздерінің артығы (жетіспеуі). Көрсеткіштің серпіндегі өсуі қаржылық жағдайының жақсару жағына банктің нысаналы бағытталған қызметі туралы куәландырады.

3

Капиталдағы пайда үлесінің коэффиценті

(МК-ЖК)/МК

> 0,1

Капиталдағы пайда үлесінің коэффициенті банк капиталының қандай бөлігі пайда есебінен қалыптасқанын көрсетеді.

4

Меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE)

Пд/МК

> 0,1

Меншікті капиталдың рентабельділігі (RОЕ) меншікті капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді

      Ескертпе:

      Негізгі қысқартулар:

      МК – меншікті капитал

      НП – несие портфелі

      ША – шашыратылған активтер

      ЖК – жарғылық капитал

      Пд – пайда

  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
  2025 жылғы 22 тамыздағы
  № 458 бұйрығына 2-қосымша
  Қаржы агенттіктерін
  Міндеттемелердің орындалуын
  қамтамасыз етусіз
  республикалық бюджеттен
  бюджеттік кредиттер алатын
  қаржы агенттіктерінің тізбесіне
  енгізу қағидаларына
  2-қосымша

Өзге де қаржы агенттіктері үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары

р/с №

Атауы

Есеп айырысу

Ұсыны латын мәндер

Түсініктемелер

1

2

3

4

5

1

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті*

МК/ЖА

0,3-0,8

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті қаржы агенттіктерінің қарыздардан тәуелділігін сипаттайды. Меншікті капитал мөлшерін жиынтық активке бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі. Коэффициент мәнінің төмендеуі қаржы агенттігінің қарыз жүктемесінің өсуін көрсетеді, ол төлемге қабілетсіздік тәуекелін арттырады.

2

Пайыздарды жабу коэффициенті

Салық салуға дейінгі табыс және кредиттер бойынша сыйақылар/ есептелген сыйақы сомасы

> 1

Пайыздарды жабу коэффициенті кредиторлардың ұсынылған кредит үшін пайыздарды төлемеуден қорғалу дәрежесін сипаттайды. Осы көрсеткіш пайыздарды төлеу үшін пайдаланылатын рұқсат етілетін пайданы төмендету деңгейін анықтайды. Салықтарды ұстағанға дейінгі кірісті және кредиттер бойынша сыйақыны кредиттер бойынша есептелген сыйақы сомасына бөлу жолымен есептеледі.

3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті*

АҚ/ҚМ

1-2

Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражатын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі және қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау үшін пайдаланылатын қаржы агенттігінің айналым қаражатының жеткілікті екендігін көрсетеді.

4

Таза айналым капиталы

АА-ҚМ

> 0

Таза айналым капиталы айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      Ескертпе:

      * даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және басқаруды оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту үшін құрылған ұлттық басқарушы холдингтері үшін, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары үшін маусымдылыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффиценті мен ағымдағы өтімділік коэффицентінің ұсынылған мәнінен асуына жол беріледі.

      Негізгі қысқартулар:

      МК – меншікті капитал

      ЖА – жиынтық актив

      АҚ – айналым қаражаты

      ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер

      АА – айналым активтері

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июня 2025 года № 325 "О некоторых вопросах бюджетного кредитования"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 августа 2025 года № 458. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 августа 2025 года № 36669

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июня 2025 года № 325 "О некоторых вопросах бюджетного кредитования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36331) следующие изменения:

      в Процедурах по предоставлению бюджетных кредитов, в том числе перечня документов, необходимых при их представлении, а также способы предоставления бюджетного кредита, графика погашения и обслуживания бюджетного кредита, процедуры реструктуризации бюджетного кредита и замены заемщика, условий исковой давности, условия перевода долга по бюджетному кредиту, прекращения требований кредиторов и прекращения гарантии по бюджетным кредитам, процедуры контроля по бюджетным кредитам, утвержденных указанным приказом:

      в часть вторую пункта 15 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункты 19 и 20 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      часть вторую пункта 70 изложить в следующей редакции:

      "При наличии задолженности у местного исполнительного органа по бюджетному кредиту, выделенному из вышестоящего бюджета, центральный или местный уполномоченный орган по исполнению бюджета направляет в соответствующий территориальный орган государственного казначейства центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета письменное указание о принятии мер, предусмотренных пунктом 1 статьи 111 Бюджетного кодекса.";

      в Правилах включения финансовых агентств в перечень финансовых агентств, получающих бюджетных кредитов из республиканского бюджета без обеспечения исполнения обязательств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 исключить;

      приложения 1 и 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту бюджетного кредитования, Национального фонда Республики Казахстан и взаимодействия по вопросам финансового сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан, после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 22 августа 2025 года № 458
  Приложение 1
к Правилам включения
финансовых агентств
в перечень финансовых агентств,
получающих бюджетных кредитов
из республиканского бюджета
без обеспечения
исполнения обязательств

Критерии включения финансовых агентств в перечень финансовых агентств,
получающих бюджетные кредиты из республиканского бюджета без обеспечения
исполнения обязательств для банков и организаций со стопроцентным участием
государства, осуществляющих отдельные виды банковских операций

№ п/п

Наименование

Расчет

Рекомендуемые значения

Комментарии

1

2

3

4

5

1

Коэффициент использования собственных средств

СК/СП

> 0,1

Коэффициент использования собственных средств показывает насколько собственный капитал используется в работающих операциях

2

Излишек (недостаток) источников собственных средств

СК/ИА

> 1

Излишек (недостаток) источников собственных средств. Рост показателя в динамике свидетельствует о целенаправленной деятельности банка в сторону улучшения финансового положения

3

Коэффициент доли прибыли в капитале

(СК - УК)/СК

> 0,1

Коэффициент доли прибыли в капитале показывает, какая часть банковского капитала сформирована за счет прибыли

4

Рентабельность собственного капитала (ROE)

Пр/СК

> 0,1

Рентабельность собственного капитала (ROE) показывает эффективность использования собственного капитала

      Примечание:
Основные сокращения:
СК – собственный капитал
СП – ссудный портфель
ИА – иммобилизованные активы
УК – уставный капитал
Пр – прибыль

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 22 августа 2025 года № 458
  Приложение 2
к Правилам включения
финансовых агентств в перечень
финансовых агентств,
получающих бюджетных кредитов
из республиканского бюджета
без обеспечения
исполнения обязательств

Критерии включения финансовых агентств в перечень финансовых агентств,
получающих бюджетные кредиты из республиканского бюджета без обеспечения
исполнения обязательств для прочих финансовых агентств

№ п/ п

Наименование

Расчет

Рекомендуемые значения

Комментарии

1

2

3

4

5

1

Коэффициент финансовой независимости*

СК/СА

0,3-0,8

Коэффициент финансовой независимости характеризует зависимость финансовых агентств от займов.
Рассчитывается как частное от деления размера собственного капитала на суммарный актив.
Снижение значения коэффициента указывает на рост долговой нагрузки финансового агентства, что повышает риск неплатежеспособности.

2

Коэффициент покрытия процентов

Доход до налогообложения и вознаграждения по кредитам/сумма начисленного вознаграждения

> 1

Коэффициент покрытия процентов характеризует степень защищенности кредиторов от невыплаты процентов за предоставленный кредит. Данный показатель определяет допустимый уровень снижения прибыли, используемой для выплаты процентов. Рассчитывается путем деления дохода до удержания налогов и вознаграждения по кредитам на сумму начисленного вознаграждения по кредитам

3

Коэффициент текущей ликвидности*

ОС/КО

1-2

Коэффициент текущей ликвидности рассчитывается как частное от деления оборотных средств на краткосрочные обязательства и показывает достаточность оборотных средств у финансового агентства, которые используются для погашения краткосрочных обязательств


Чистый оборотный капитал

ОА-КО

> 0

Чистый оборотный капитал рассчитывается как разность между оборотными активами и краткосрочными обязательствами

      Примечание:
* для национальных управляющих холдингов, созданных для управления и оптимизации управления институтами развития, финансовыми организациями и развития национальной экономики, а также для дочерних организаций национального управляющего холдинга в сфере агропромышленного комплекса в связи с сезонностью допустимо превышение коэффициентов над рекомендуемыми значениями.
Основные сокращения:
СК – собственный капитал
СА – суммарный актив
ОС – оборотные средства
КО – краткосрочные обязательства
ОА – оборотные активы