"Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 31 шiлдедегi № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 тамызда № 36568 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесінде:

      6-1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6-1. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшылардың тамақтану нормаларын белгілейді.";

      12-1 және 12-2-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "12-1. Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша дәрілік заттарға, қалпына келтіру құралдарына, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттарға, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шығыс нормаларын белгілейді.

      12-2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес cпорт іс-шараларына тартылатын медицина қызметкерлері арқылы оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-3-тармақпен толықтырылсын:

      "12-3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары осы Әдістемеге 3-қосымшамен көзделген cпорт іс-шараларына тартылатын медицина қызметкерлері арқылы оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.";

      көрсетілген Әдістемесіне 1-қосымшада:

      ескертпе келесі редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: тамақтану нормалары спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер, спорт колледждері бойынша, сондай-ақ Спортты дамыту дирекциясының, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының штаттық ұлттық командаларының мүшелері - спортшылардың оқу-жаттығу сабақтары болмаған күндері осы Әдістеменің 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Тамақтану нормалары республикалық ұйымдар бойынша ең жоғары шығыстар бойынша қамтамасыз етіледі.

      Спортшылардың тамақтану нормалары олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерімен ортақ атаулары бар паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлеріне қолданылады.";

      көрсетілген Әдістемесіне 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

4.

Халықаралық спорт жарыстарына дайындық, жалпы дене даярлығы бойынша халықаралық спорт жарыстары, оқу-жаттығу жиындары, Қазақстан Республикасының ұлттық командалары үшін, кешенді тексерулер, арнайы жиындар.

1,5 айлық есептік көрсеткішке дейін

  ";

      көрсетілген Әдістемесіне 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 150 бұйрығына
қосымша
Оқу-жаттығу процесі мен
спорттық іс- шаралар кезеңінде
спортшыларды, оның ішінде
барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық
қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тамақтандыру
және фармакологиялық
қамтамасыз ету нормативтерінің
әдістемесіне
3-қосымша

Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар ТІЗБЕСІ

р/с

Атауы

1. Базалық қамтамасыз ету құралдары

1.1

Витаминді-минералдық кешендер (витаминдер, күрделі және аралас витаминді-минералдық кешендер, темір препараттары, жеке витаминдер және минералдар)

1.2

Адаптогендер және іс-қимылды жалпы нығайтатын заттар

1.3

Иммунокорректорлар (иммуномодуляторлар)

1.4

Антиоксиданттар

1.5

Антигипоксанттар, коферменттер

1.6

Микроайналымдарды реттеудің вазобелсенді құралдары және қан реологиясын, қанның ұйығыштығын реттеу құралдары

1.7

Жүрек бұлшық етін қорғайтын заттар (кардиопротекторлар, кардиометаболиктер)

1.8

Бауыр жұмысын қорғайтын заттар (гепатопротекторлар, холеретиктер, холекинетиктер)

1.9

Байланыс-буын аппаратын және сүйек талшықтарын қорғау және қалпына келтіру заттары (хондропротекторлар, коллаген)

1.10

Энзимдер және ферменттер

1.11

Сыныптық қанықпаған майлы қышқлдар (Омега 3 – Омега 6 және фосфолипидтер – лецитин)

1.12

Пробиотиктер, пребиотиктер

2. Пластикалық бағыттылық заттары

2.1

Протеинді қоректену заттары (мамандандырылған клиникалық тамақтану, ақуыз және көмірсутегі қоспалары, протеиновые снектер және батончиктер, протеинді, ақуызды және ақуызды-көмірсутекті сусындар)

2.2

Аминокислоттар (кешенді, ВСАА)

2.3

Ақуызды және ақуызды-көмірсутекті сусындар

2.4

Анаболикалық тура және жанама әрекетті рұқсат етілген заттар

3. Энергетикалық бағыттағы заттар

3.1

Лактат-ацидоза реттеушісі және буферлі жүйені кеңейту заттары

3.2

Көмірсутекті және липидті (майлы) алмасу заттары

3.2

Макроэргиялық және құрамында креатин бар заттар (фофокреатин, фруктоза-1,6-дифосфат натрий тұзы, көліктік креатин, рибоза)

3.3

Аэробты шыдамдылықты және жұмыс қабілетін арттыратын заттар (ақ кристалды ұнтақ және изолимонды қышқыл, карнозин, Л-карнитин, коэнзим Q10, аргенинді таурин, цитруллин)

3.4

Көмірсутегін жүктеу заттары және күш-қуат шығынын шұғыл қалпына келтіретін заттар (гипотониктер, изотониктер, цитратты көмірсутектер және бикарбонатты негіздер, жеңіл сіңірілетін және ұзақ тізбекті көмірсутектері, ақуыз-көмірсутекті сусындар, орташа ұзындықты тізбекті триглицеридтер)

3.5

Несепнәр деңгейін реттейтін заттар

3.6

Психофизиологиялық реакцияларды және энергетиканы ынталандырушы (гуарана, кофеин)

4. Мамандандырылған заттар

4.1

Нестероидті қабынуға қарсы заттар

4.2

Ангиопротекторлар

4.3

Жүйке-психикалық мәртебені және ОЖЖ қорғауды реттейтін заттар (ноотроптар, нейропротекторлар, седативті препараттар)

4.4

Көздің көруін қалыпна келтіру заттары (каротиноидтер)

4.5

Антианемикалық препараттар

4.6

Су, электролиттік және негізгі-қышқылдық теңгерімді дұрыстау үшін қолданылатын ерітінділер

4.7

Бүйректің микроайналымын жақсартатын уроантисептиктер және препараттар

5. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ-тар)

5.1

ББҚ-тар – бальзамдар, шайлар, жиынтықтар

5.2

ББҚ-тар – ақуыздар, аминокислоттар және олардың туындылары

5.3

ББҚ-тар – антиоксиданттар, антигипоксанттар

5.4

ББҚ-тар – гейнерлер, энергетиктер

5.5

ББҚ-тар – хондропротекторлар

5.6

ББҚ-тар – витаминді-минералдық кешендер, дәрумен тәәрізді заттар және коферменттер

5.7

ББҚ-тар – табиғи метаболиттер

5.8

ББҚ-тар – майлар, май тәріздес заттар және оның туындылары

5.9

ББҚ-тар – макро- және микроэлементтер

5.10

ББҚ-тар – полифенолді қоспалар

5.11

ББҚ-тар – пробиотиктер және пребиотиктер

5.12

ББҚ-тар – орман шаруашылығының өнімдері

5.13

ББҚ-тар – өсімдік, жануар, минералдық текті өнімдер

5.14

ББҚ-тар – көмірсулар және оларды қайта өңдеу өнімдері, батончиктер және сусындар

5.15

ББҚ-тар – өсімдік, микробтекті ферменттер

5.16

Басқа ББҚ-тар

6. Жақпамайлар және майлар

6.1

Спорттық массаж заттары

6.2

Сезгіш жүйке нүктелері маңында әсер ететін заттар

7. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен химиялық реагенттер

7.1

Таңғыш дәке

7.2

Жеке орамадағы мақта

7.3

Лейкопластырь

7.4

Бактерицидті пластырь

7.5

Латексті зарарсыздандырылмаған қолғаптар

7.6

Латексті зарарсыздандырылған қолғаптар

7.7

Нитрилді көк қолғаптар

7.8

Иммобилизациялық шиналар

7.9

Бір рет пайдаланылатын шприц

7.10

Инсулин шприці

7.11

Бір рет пайдаланылатын көктамырға енгізетін инфузияға арналған жүйе

7.12

Бір рет пайдаланылатын "көбелек" көктамырға енгізетін инфузияға арналған жүйе

7.13

Сыртқы аппликациялық гемостатикалық заттар

7.14

Тейптер

7.15

Химиялық реагенттер


О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 107 "Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 31 июля 2025 года № 150. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 августа 2025 года № 36568

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 107 "Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10005) следующие изменения и дополнение:

      в Методике нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий, утвержденной указанным приказом:

      пункт 6-1 изложить в следующей редакции:

      "6-1. Физкультурно-спортивные организации, финансируемые из государственного бюджета, устанавливают нормы питания спортсменов, участвующих на учебно-тренировочных процессах и спортивных мероприятиях, согласно приложению 1 к настоящей Методике.";

      пункты 12-1 и 12-2 изложить в следующей редакции:

      "12-1. Физкультурно-спортивные организации, финансируемые из государственного бюджета, устанавливают нормы расходов на лекарственные средства по оказанию скорой неотложной помощи, восстановительные средства, витаминные и белково-глюкозные препараты, биологически активные добавки спортивного направления и изделия медицинского назначения для спортсменов, участвующих на учебно-тренировочных процессах и спортивных мероприятиях, согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      12-2. Физкультурно-спортивные организации, финансируемые из государственного бюджета, обеспечиваются лекарственными средствами по оказанию скорой неотложной помощи спортсменам, участвующим на учебно-тренировочных процессах и спортивных мероприятиях, через медицинских работников, привлекаемых на спортивные мероприятия согласно Казахстанского национального лекарственного формуляра, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2021 года № ҚР ДСМ-41 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22782).";

      дополнить пунктом 12-3 следующего содержания:

      "12-3. Физкультурно-спортивные организации, финансируемые из государственного бюджета, обеспечиваются согласно перечня восстановительных средств, витаминных и белково-глюкозных препаратов, биологически активных добавок спортивного направления и изделий медицинского назначения для спортсменов, участвующих на учебно-тренировочных процессах и спортивных мероприятиях, через медицинских работников, привлекаемых на спортивные мероприятия, предусмотренного приложением 3 к настоящей Методике.";

      в приложении 1 к указанной Методике:

      примечание изложить в следующей редакции:

      "Примечание: нормы питания по школам-интернатам для одаренных в спорте детей, специализированным школам-интернатам-колледжам олимпийского резерва, спортивным колледжам, а также в дни отсутствия учебно-тренировочных занятий спортсменов - членов штатных национальных команд Дирекции развития спорта, Центра спортивной подготовки для лиц с ограниченными физическими возможностями, Центра национальных и конных видов спорта обеспечиваются согласно пункту 3 приложения 1 к настоящей Методике.

      Нормы питания по республиканским организациям обеспечиваются по наивысшим расходам.

      Данные нормы питания спортсменов распространяются на паралимпийские, сурдлимпийские и непаралимпийские виды спорта, имеющие общие наименования с олимпийскими, неолимпийскими и национальными видами спорта.";

      в приложении 2 к указанной Методике:

      строку, порядковый номер 4, изложить в следующей редакции:

      "

4.

Международные спортивные соревнования, учебно-тренировочные сборы по подготовке к международным спортивным соревнованиям, по общей физической подготовке, комплексные обследования, специальные сборы для национальных команд Республики Казахстан.

До 1,5 месячных расчетных показателей

      ";

      приложение 3 к указанной Методике изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим приказом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Служба государственной охраны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство чрезвычайных ситуаций
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
от 31 июля 2025 года № 150
  Приложение 3
к Методике нормативов питания
и фармакологического обеспечения
спортсменов, в том числе
военнослужащих всех категорий
и сотрудников правоохранительных
и специальных государственных
органов, в период учебно-
тренировочного процесса
и спортивных мероприятий

ПЕРЕЧЕНЬ
восстановительных средств, витаминных и белково-глюкозных препаратов, биологически активных добавок спортивного направления и изделий медицинского назначения для спортсменов, участвующих на учебно-тренировочных процессах и спортивных мероприятиях

№ п/п

Наименование

1. Средства базового обеспечения

1.1

Витаминно-минеральные комплексы (витамины, сложные и комбинированные витаминно-минеральные комплексы, препараты железа, отдельные витамины и минералы)

1.2

Адаптогены и средства общеукрепляющего действия

1.3

Иммунокорректоры (иммуномодуляторы)

1.4

Антиоксиданты

1.5

Антигипоксанты, коферменты

1.6

Вазоактивные средства регуляции микроциркуляции и средства регуляции реологии крови, свертываемость крови

1.7

Средства защиты сердечной мышцы (кардиопротекторы, кардиометаболики)

1.8

Средства защиты функции печени (гепатопротекторы, холеретики, холекинетики)

1.9

Средства защиты и восстановления связочно-суставного аппарата (хондропротекторы, коллаген) и костной ткани

1.10

Энзимы и ферменты

1.11

Полиненасыщенные жирные кислоты класса (Омега 3 – Омега 6 и фосфолипиды – лецитин)

1.12

Пробиотики, пребиотики

2. Средства пластической направленности

2.1

Средства протеинового питания (специализированное клиническое питание, белковые и углеводные смеси, протеиновые снеки и батончики, протеиновые, белковые и белково-углеводные напитки)

2.2

Аминокислоты (комплексы, ВСАА)

2.3

Белковые и белково-углеводные напитки

2.4

Разрешенные средства с прямым или косвенным анаболическим действием

3. Средства энергетической направленности

3.1

Регуляторы лактат-ацидоза и средства расширения буферных систем

3.2

Регуляторы углеводного и липидного (жирового) обмена

3.2

Макроэргические и креатинсодержащие средства (фофокреатин, фруктоза-1,6-дифосфат натриевая соль, транспортный креатин, рибоза)

3.3

Средства, повышающие аэробную выносливость и работоспособность (янтарная и изолимонная кислота, карнозин, Л-карнитин, коэнзим Q10, таурин с аргенином, цитруллин)

3.4

Средства углеводной загрузки и средства экстренной компенсации энергетических затрат (гипотоники, изотоники, углеводные цитратные и бикарбонатные основания, легкоусвояемые и длинноцепочечные углеводы, белково-углеводные напитки, триглицериды со средней длиной цепи)

3.5

Средства для регуляции уровня мочевины

3.6

Стимуляторы психофизиологических реакций и энергетики (гуарана, кофеин)

4. Специализированные средства

4.1

Нестероидные противовоспалительные средства

4.2

Ангиопротекторы

4.3

Средства, регулирующие нервно-психический статус и защиты ЦНС (ноотропы, нейропротекторы, седативные препараты)

4.4

Средства нормализаций зрения (каротиноиды)

4.5

Антианемические препараты

4.6

Растворы, применяемые для коррекции нарушений водного, электролитного и кислотно-основного баланса

4.7

Уроантисептики и препараты, улучшающие микроциркуляцию почек

5. Биологически активные добавки (БАДы)

5.1

БАДы – бальзамы, чаи,сборы

5.2

БАДы – белки, аминокислоты и их производные

5.3

БАДы – антиоксиданты, антигипоксанты

5.4

БАДы – гейнеры, энергетики

5.5

БАДы – хондропротекторы

5.6

БАДы – витаминно-минеральные комплексы, витаминоподобные вещества и коферменты

5.7

БАДы – естественные метаболиты

5.8

БАДы – жиры, жироподобные вещества и их производные

5.9

БАДы – макро- и микроэлементы

5.10

БАДы – полифенольные соединения

5.11

БАДы – пробиотики и пребиотики

5.12

БАДы – продукты пчеловодства

5.13

БАДы – продукты растительного, животного, минерального происхождения

5.14

БАДы – углеводы и продукты их переработки, батончики и напитки

5.15

БАДы – ферменты растительного и микробного происхождения

5.16

Другие БАДы

6. Мази и масла

6.1

Средства для спортивного массажа

6.2

Средства, действующие в области чувствительных нервных окончаний

7. Изделия медицинского назначения и химические реагенты

7.1

Бинты марлевые

7.2

Вата в индивидуальной упаковке

7.3

Лейкопластырь

7.4

Бактерицидный пластырь

7.5

Перчатки латексные нестерильные

7.6

Перчатки латексные стерильные

7.7

Перчатки нитриловые синие

7.8

Шины иммобилизационные

7.9

Шприц однократного применения

7.10

Шприц инсулиновый

7.11

Система для внутривенной инфузий однократного применения

7.12

Система для внутривенной инфузий "бабочка" однократного применения

7.13

Наружные аппликационные гемостатические средства

7.14

Фиксирующая повязка (тейпы)

7.15

Химические реагенты