БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған:
1) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.";
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқытылатын лауазымдар санаты мен оқытудың тақырыптық жоспарларын айқындайды.";
көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасына 1-қосымша"; |
көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасына 2-қосымша"; |
көрсетілген Бағдарламаға 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасына 3-қосымша"; |
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының орталық өрт байланыс пунктімен, авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерімен, өзара іс-қимыл қызметтерімен, кезекшілік және өртке, аварияға шығу режимдерінде күзетілетін объектілердің диспетчерлік қызметтерімен байланыс | 2 | 1 | 1 |
";
көрсетілген Бағдарламаға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасына 4-қосымша"; |
көрсетілген Бағдарламаға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасына 5-қосымша"; |
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік үлгісін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 29 шілдедегі № 294 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына 2-қосымша |
Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі
Мамандандырылған |
|
Наименование |
№ __________ КУӘЛІК
Осы куәлік__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________арнайы даярлау курсын ойдағыдай өткенін растайды
оқыту кезеңі _____________________________________________________________
Директор ___________________________________
(Т.А.Ә.(ол болған кезде) (қолы) М.О.
Берілген күні 20__жылғы "____"__________