БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау саласында оқудан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қорғау саласындағы оқудан өтуі туралы сертификат нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 22 шілдедегі № 285 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына Қосымша |