Қазақстан Республикасы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 маусымда № 36317 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 маусымдағы
№ 317 Бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 143-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік сақтандырушы ретінде әрекет ететін сақтандыру және кепілдік шарттар бойынша сақтандыру және кепілдік жағдайлар туындаған кезде сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қазақстандық және шетелдік сақтанушылар мен пайда иеленушілер алдындағы берешегінің өтелуін қамтамасыз ету үшін беріледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Агенттік – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының мәртебесіне ие және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы несиелік шот – Агенттік екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерге қызмет көрсетуге уәкілетті ұйымда ашқан және экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттің қаражатын аударуға, сондай-ақ экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтаруға арналған шот;

      3) банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, өз құзыреті шегінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган) – бюджет саясаты, оның ішінде бюджет жүйесін дамыту саласында, мемлекеттік қаржыны басқару және кірістерді болжау, экономикалық саясат, инвестицияларды тарту саясаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік активтерді басқару, осы Кодексте белгіленген құзыреттер шегінде гранттар тарту және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Агенттік алдындағы оның сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;

      8) қорытындыны түзету – қорытындының Мемлекеттік кепілдік беру үшін көзделген мазмұнын, тұжырымдарын толықтыруға және (немесе) өзгертуге әкеп соқтыратын оның белгіленген параметрлерін өзгерту;

      9) Мемлекеттік кепілдік беру үшін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы (бұдан әрі – Қорытынды) – бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның Агенттікке Мемлекеттік кепілдік берудің орындылығы (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;

      10) өтінім – Агенттіктің сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына Мемлекеттік кепілдік беру туралы өтініші;

      11) уәкілетті орган – шикізаттан басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) уәкілетті органның салалық қорытындысы (бұдан әрі – салалық қорытынды) – Мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан тиісті Агенттікке уәкілетті органның қорытындысы;

      13) Экспортты қолдау бойынша кепілдік шарты (бұдан әрі – Кепілдік шарты) – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Агентттік арасындағы Мемлекеттік кепілдік беру кезіндегі тараптардың құқықтық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін жазбаша келісім;

      14) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – Агенттік сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған, Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнгі сомасы;

      15) Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Агенттік арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар, егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібі

      4. Мемлекеттік кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде және Бюджет кодексінің 143-бабында және осы Қағидалардың 5, 7 және 9-тармақтарында көзделген талаптар мен шарттарды Агенттік сақтауы шартымен жүзеге асырылады.

      5. Салалық қорытындыны алу үшін Агенттік уәкілетті органға мыналарды:

      Мемлекеттік кепілдік сомасын, оның қолданылу мерзімін, Мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасын (процестің барлық қатысушылары, олардың өзара іс-қимылы туралы ақпарат) қамтитын Мемлекеттік кепілдік жөніндегі ақпаратты;

      құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Агенттіктің мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін, Агенттіктің даму жоспарын, рейтингтік есепті қамтитын Агенттік туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтінім жібереді.

      Агенттік көрсетілген құжаттарды бермеген кезде уәкілетті орган Агенттіктің өтінімін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қараусыз кері қайтарады.

      6. Уәкілетті орган салалық қорытындыны Агенттік өтінімді ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде береді.

      Уәкілетті орган теріс салалық қорытынды берген жағдайда, қайтару себептері көрсетіле отырып, Агенттіктің өтінімі, оны одан әрі пысықтау үшін кері қайтарылады.

      Қайтару себептері жойылғаннан кейін Агенттік құжаттарды уәкілетті органға қайта ұсынады.

      7. Қорытынды алу үшін Агенттік құжаттарды бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган бекітілетін Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарға сәйкес ұсынады (бұдан әрі – Талаптар).

      8. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган Қорытындыны Талаптарға сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.

      9. Агенттік Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін алу үшін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұсынады.

      Агенттік құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, Агенттікке жазбаша хабарлама жібере отырып, құжаттарды қараусыз қайтарады.

      Қайтару себептері жойылғаннан кейін Агенттік құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қайта ұсынады.

      Құжаттардың толық топтамасын алған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Агенттікпен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) Келісім 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасады.

      10. Мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері мен тәртібі Бюджет кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес Келісімде айқындалады.

      11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Келісімге қол қойылғаннан кейін Бюджет кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылдануын қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Агенттік арасында осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру нысаны бойынша Кепілдік шартын жасасу арқылы беріледі.

      Мемлекеттік кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Агенттікпен Кепілдік шартын жазбаша нысанда 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасады.

      Кепілдік шартына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және Агенттіктің бірінші басшысы қол қояды.

      13. Кепілдік шарты бірдей заң күшіне ие қазақ және орыс тілдерінде тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.

      14. Осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сай келетін құжат Мемлекеттік кепілдік деп танылады. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарының Мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі заңды күші болмайды.

      15. Агенттіктің меншікті капиталынан асып түсетін сақтандыру және кепілдік жағдайлары бір жолғы іске асырудан асып кеткен жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, сенім білдірілген өкілдің (агенттің), Агенттіктің қорытындылары, оның шоттарынан екінші деңгейдегі банктер берген үзінді-көшірмелер, сондай-ақ Мемлекеттік кепілдікті орындауға жүгінердің алдындағы қаржы жылындағы аудиттелген қаржылық есептілік және Мемлекеттік кепілдікті орындауға жүгінген кездегі қаржылық есептілік болған кезде Мемлекеттік кепілдікті орындауды жүзеге асырады.

      16. Мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді алдағы өтеу көлемін жоспарлауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу шеңберінде жүргізеді.

      Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезеңінде жоспарлау болмаған кезде тиісті есептеулер кепілдік берген міндеттемелерді алдағы өтеу көлемінің болжамды есептеулері негізінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде орындалады.

      17. Жоспарланған жылы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді өтеу көлемі сенім білдірілген өкілдің (агенттің), Агенттіктің қорытындылары негізінде айқындалады және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте ұлттық валютада және жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көрсетіледі.

      18. Республикалық бюджеттің шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік сұраным ұсынады.

      19. Агенттік қолданыстағы Мемлекеттік кепілдік шеңберінде республикалық бюджеттен бұрын оқшауландырылған қаражат бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, ол бойынша республикалық бюджеттен кейінгі сомаларды беруге жол берілмейді.

      20. Мемлекеттік кепілдікті орындау Агенттіктің меншікті капиталын шегергендегі сақтандыру және кепілдік төлемдерінің өтелмеген сомасының бір бөлігіне ғана және Агенттік заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актілерімен расталған шығындар үшін жауапты тұлғаларға сақтандыру және кепілдік төлемін өтеу және (немесе) мұндай тұлғалар банкрот деп тану не оларды тарату талабын сот арқылы өндіріп алу шараларды қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.

      21. Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты Агенттік сақтандыру және кепілдік төлемдерін өтеу қаражатының есебінен республикалық бюджетке қайтаруы тиіс.

  Қазақстан Республикасының
экспортты қолдау бойынша
мемлекеттік кепілдігін беру
қағидаларына қосымша

Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін алу үшін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ұсынатын құжаттардың тізбесі

      1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы.

      2. бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысы.

      3. Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалары (ол бар болса).

      4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайыз мөлшерінде біржолғы төлемді (алымды) төлеу туралы үзінді-көшірме.

      5. Құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері.

      6. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін кредиттік есепке сәйкес салық берешегінің және мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтама.

      7. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) акционерлерінің тізілімінен үзінді-көшірме.

      8. Агенттік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

      9. Қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша ақпарат.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 маусымдағы
№ 317 Бұйрығына
2-қосымша
  Экспортты қолдау бойынша
мемлекеттік кепілдік беру
нысаны

Экспортты қолдау бойынша кепілдік шарты № ________

      ____________ қаласы "___" _____________ 20___ жыл

      Будан әpi "Кепілгер" деп аталатын "Казақстан Республикасының Каржы министрлігі" мемлекеттік мекемесі атынан

      ______________________________________________________________________

      (мемлекеттік кепілдік беретін тұлғаның толық атауы),

      ________________________________________________ негізінде әрекет етуші (құжаттың атауы ( № , күні)

      ______________________________________________________________________,

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      бұдан әрі "Агенттік" деп аталатын "Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі" атынан

      _______________________________________________________________________,

      (мемлекеттік кепілдік алатын тұлғаның толық атауы),

      _________________________________________________ негізінде әрекет (құжаттың атауы (№,күні) етуші

      _______________________________________________________________________,

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      бұдан әрі бірлесіп – "Тараптар", әрқайсысы жеке-жеке "Тарап" немесе жоғарыда көрсетілгендей:

      _______________________________________________________________________

      сәйкес, (құжаттың атауы, № және күні)

      төмендегі шарттармен осы экспортты қолдау бойынша кепілдік шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1 Тарау. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарттың талаптарымен Кепілгер Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Агенттік алдында Агенттіктің меншікті капиталының сомасы жаппаған сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешегін өтеуге міндеттенеді.

      1.2. Экспорты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) Агенттік сақтандырушы ретінде әрекет ететін сақтандыру және кепілдік шарттары бойынша сақтандыру және кепілдік жағдайлары туындаған жағдайда, Агенттіктің қазақстандық және шетелдік сақтандырушылар мен пайда алушылар алдындағы сақтандыру жіне кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешегін өтеуді қамтамассыз ету үшін беріледі.

      1.3. Мемлекеттік кепілдік _______________ (жазбаша сомасы) теңге сомасына 10 жыл мерзімге беріледі.

      1.4. Мемлекттік кепілдік келесі жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады:

      1) осы Шартта сөз болған міндеттемелер толық орындалғаннан кейін;

      2) оның қолданылу мерзімі өткенен кейін.

      1.5. Мемлекеттік кепілдік Агенттіктің Мемлекеттік кепілдікті орындауы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қайтаруы шартымен беріледі.

      1.6. Кепілгер Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін Агенттік Мемлекеттік кепілдіктің қолданысын тоқтатылғанға дейін тиісті талапты қойған жағдайда, орындайды.

2 Тарау. Қорытынды ережелер

      2.1. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылады және Тараптардың мөрлерінің баспа-таңбасымен бекітіледі.

      2.2. Осы Шарт бірдей заң күшіне ие қазақ және орыс тілдерінде тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данадан жасалды.

      2.3. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық және бюджеттік заңнамысын басшылыққа алады.

      2.4. Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Қазынашылық комитетінде тіркелген сәттен бастап кушіне енеді.

3 Тарау. Тараптардың орналасқан жері (пошталық мекенжайы) және қолдары

Kепілгер:
_________________________
Қазақстан Республикасы
_______________________ қаласы
_______________________ көшесі
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
______________________________
жеке сәйкестендіру коды
______________________________
банктік сәйкестендіру коды
______________________________
_____________________ (Тегі, Аты,
Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Агенттік:
______________________________
Қазақстан Республикасы
_______________________ қаласы
_______________________ көшесі
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
______________________________
жеке сәйкестендіру коды
______________________________
банктік сәйкестендіру коды
______________________________
______________________ (Тегі, Аты,
Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 маусымдағы
№ 317 Бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19026 болып тіркелген);

      2. "Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 799 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29057 болып тіркелген);

      3. "Қазақстан Республикасы экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34329 болып тіркелген).

Об утверждении Правил предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта и формы ее предоставления

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 июня 2025 года № 317. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2025 года № 36317

      В соответствии с пунктом 2 статьи 143 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) форму предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 июня 2025 года № 317

Правила предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 143 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Бюджетный кодекс) и определяют порядок предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта.

      2. Государственная гарантия Республики Казахстан по поддержке экспорта предоставляется Экспортно-кредитному агентству Казахстана (далее – Агентство) для обеспечения погашения ее задолженности перед казахстанскими и иностранными страхователями и выгодоприобретателями по осуществлению страховых и гарантийных выплат при наступлении страховых и гарантийных случаев по договорам страхования и гарантии, по которым Агентство выступает в качестве страховщика.

      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия и термины:

      1) Агентство – юридическое лицо, определяемое решением Правительства Республики Казахстан, которое обладает статусом национального института развития в области развития и продвижения несырьевого экспорта и осуществляет деятельность в соответствии с Законом Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" и законодательством Республики Казахстан;

      2) специальный ссудный счет – счет, открытый Агентством в банке второго уровня или организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, уполномоченной на обслуживание гарантированных государством обязательств по поддержке экспорта и предназначенный для перечисления средств республиканского бюджета в целях исполнения гарантированных государством обязательств по поддержке экспорта, а также возврату в республиканский бюджет средств, выделенных на исполнение обязательств по государственной гарантии по поддержке экспорта;

      3) банк – юридическое лицо, являющееся коммерческой организацией, которое в соответствии с Законом Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" правомочно осуществлять банковскую деятельность;

      4) центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета (далее – уполномоченный орган по исполнению бюджета) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области исполнения бюджета, ведения бухгалтерского учета, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению республиканского бюджета и в пределах своей компетенции – местных бюджетов, внебюджетных фондов;

      5) центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию (далее – уполномоченный орган по бюджетному планированию) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области бюджетного планирования, в пределах компетенции методологическое руководство по бюджетному планированию, а также выработку предложений по совершенствованию системы бюджетного планирования;

      6) центральный уполномоченный орган по бюджетной политике (далее – уполномоченный орган по бюджетной политике) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области бюджетной политики, в том числе в области развития бюджетной системы, управления государственными финансами и прогнозирования доходов, экономической политики, политики привлечения инвестиций, государственно-частного партнерства, государственных инвестиционных проектов, межбюджетных отношений, государственного и гарантированного государством заимствования и долга, управления государственными активами, привлечения и в пределах компетенций, установленных Бюджетным кодексом, использования грантов;

      7) государственная гарантия Республики Казахстан по поддержке экспорта (далее – Государственная гарантия) – обязательство Правительства Республики Казахстан перед Агентством в соответствии с условиями договора гарантии по поддержке экспорта, полностью или частично погасить ее задолженность по страховым и гарантийным выплатам;

      8) корректировка заключения – изменение установленных параметров заключения, влекущие дополнение и (или) изменение ее содержания, выводов, предусмотренных для предоставления Государственной гарантии;

      9) заключение уполномоченного органа по бюджетной политике для предоставления Государственной гарантий (далее – Заключение) – заключение уполномоченного органа по бюджетной политике на предмет целесообразности предоставления Государственной гарантии (ее влияния на экономику страны и соответствие стратегическим и (или) программным документам, подготовленное на основании положительного отраслевого заключения уполномоченного органа в области регулирования внешнеторговой деятельности) Агентству;

      10) заявка – обращение Агентства в адрес уполномоченного органа в области регулирования внешнеторговой деятельности (далее – уполномоченный орган) о предоставлении отраслевого заключения;

      11) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере развития и продвижения экспорта несырьевых товаров и услуг, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области регулирования внешнеторговой деятельности;

      12) отраслевое заключение уполномоченного органа (далее – отраслевое заключение) – заключение уполномоченного органа на предмет соответствия приоритетам развития отрасли посредством предоставления Государственной гарантии соответствующему Агентству;

      13) Договор гарантии по поддержке экспорта (далее – Договор гарантии) – письменное соглашение между уполномоченным органом по исполнению бюджета и Агентством, устанавливающее правоотношения, обязательства и ответственность сторон при предоставлении Государственной гарантии;

      14) гарантированное государством обязательство по поддержке экспорта – сумма на определенную дату непогашенных обязательств по договорам страхования и гарантиям, обеспеченным Государственной гарантией, по которым Агентством не осуществлены страховые и гарантийные выплаты;

      15) Соглашение о предоставлении государственной гарантии по поддержке экспорта (далее – Соглашение) – соглашение между центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета, поверенным (агентом) и Агентством, устанавливающим правоотношения сторон по предоставлению Государственной гарантии, возврату средств республиканского бюджета, отвлеченных в случае исполнения обязательств по Государственной гарантии.

      Другие понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в том значении, в каком они используются в соответствующих отраслях законодательства Республики Казахстан, если иное не предусмотрено бюджетным законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта

      4. Предоставление Государственной гарантии осуществляется на основании постановления Правительства Республики Казахстан и при соблюдении Агентством требований и условий, предусмотренных статьей 143 Бюджетного кодекса и пунктами 5, 7 и 9 настоящих Правил.

      Для получения Государственной гарантии Агентство предоставляет положительное заключение уполномоченного органа и Заключение уполномоченного органа по бюджетной политике.

      5. Для получения отраслевого заключения Агентство направляет заявку в уполномоченный орган с приложением:

      информации по Государственной гарантии, которая содержит сумму Государственной гарантии, срок ее действия, институциональную схему использования Государственной гарантии (информация обо всех участниках процесса, их взаимодействие);

      информации об Агентстве, которая содержит копии учредительных документов, а также документов, подтверждающих статус Агентства, план развития Агентства, рейтинговый отчет.

      При непредоставлении Агентством указанных документов уполномоченным органом в течение 5 (пяти) рабочих дней заявка Агентства отклоняется без рассмотрения.

      6. Уполномоченный орган выдает в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней отраслевое заключение со дня представления Агентством заявки.

      В случае выдачи уполномоченным органом отрицательного отраслевого заключения, заявка Агентства отклоняется с указанием причин возврата для ее дальнейшей доработки.

      После устранения причин возврата Агентство повторно представляет документы в уполномоченный орган.

      7. Для получения Заключения Агентство направляет документы согласно Требованиям к разработке или корректировке заключения уполномоченного органа по бюджетной политике для предоставления государственных гарантий по поддержке экспорта, утверждаемые уполномоченным органом по бюджетной политике (далее – Требования).

      8. Уполномоченный орган по бюджетной политике предоставляет Заключение в установленные сроки, согласно Требованиям.

      9. Агентство представляет в уполномоченный орган по исполнению бюджета документы, согласно перечню документов, предоставляемых Экспортно-кредитным Агентством Казахстана, для получения государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта, согласно приложению к настоящим Правилам.

      В случае предоставления Агентством неполного пакета документов, уполномоченный орган по исполнению бюджета в течение 5 (пяти) рабочих дней возвращает документы без рассмотрения с направлением Агентству письменного уведомления с указанием причин возврата.

      После устранения причин возврата Агентство повторно представляет документы в уполномоченный орган по исполнению бюджета.

      При получении полного пакета документов, уполномоченный орган по исполнению бюджета в течение 20 (двадцати) рабочих дней заключает с Агентством и поверенным (агентом) Соглашение.

      10. Условия, сроки, ставки вознаграждения и порядок возврата средств, отвлеченных из республиканского бюджета на исполнение Государственной гарантии, определяются в Соглашении в соответствии с пунктом 5 статьи 144 Бюджетного кодекса.

      11. Уполномоченный орган по исполнению бюджета в течение 10 (десяти) рабочих дней после подписания Соглашения обеспечивает принятие Правительством Республики Казахстан постановления о предоставлении Государственной гарантии в соответствии с пунктом 2 статьи 143 Бюджетного кодекса.

      12. Государственная гарантия предоставляется посредством заключения Договора гарантии по форме предоставления государственной гарантии по поддержке экспорта, согласно приложению 2 к настоящему приказу, между уполномоченным органом по исполнению бюджета и Агентством.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан о предоставлении Государственной гарантии, уполномоченный орган по исполнению бюджета в течение 20 (двадцати) рабочих дней заключает с Агентством Договор гарантии.

      Договор гарантии подписывается первым руководителем уполномоченного органа по исполнению бюджета и Агентства.

      13. Договор гарантии по поддержке экспорта составляется в 2 (двух) экземплярах по одному экземпляру для каждой из сторон на казахском и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу.

      14. Государственной гарантией признается документ, который соответствует требованиям пунктов 12 и 13 настоящих Правил. Иные акты и документы государственных органов и их должностных лиц не имеют юридической силы по предоставлению Государственной гарантии.

      15. Уполномоченный орган по исполнению бюджета осуществляет исполнение Государственной гарантии, в случае превышения единовременной реализации страховых и гарантийных случаев, которые превысят собственный капитал Агентства при наличии заключений поверенного (агента), Агентства, выписок с ее счетов, выданных банками второго уровня, а также аудированной финансовой отчетности за финансовый год, предшествующий обращению за исполнением Государственной гарантии, и финансовой отчетности на момент обращения за исполнением Государственной гарантии.

      16. Планирование объемов предстоящего погашения гарантированных государством обязательств производится уполномоченным органом по исполнению бюджета ежегодно в рамках разработки проекта республиканского бюджета на очередной финансовый год.

      При отсутствии планирования на этапе формирования проекта республиканского бюджета, соответствующие расчеты выполняются при уточнении республиканского бюджета на основе прогнозных расчетов предстоящих объемов погашения гарантированных государством обязательств.

      17. Объем погашения гарантированных государством обязательств в планируемом году определяются на основании заключений поверенного (агента), Агентства и отражается в республиканском бюджете на очередной финансовый год в национальной валюте и по отдельной бюджетной программе.

      18. Для планирования расходов республиканского бюджета администраторы бюджетных программ представляют в центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию бюджетный запрос в соответствии с Правилами составления, представления, рассмотрения бюджетного запроса, утвержденный приказом Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2025 года № 185.

      19. В случае неисполнения Агентством обязательств по погашению задолженности по ранее отвлеченным средствам из республиканского бюджета в рамках действующей Государственной гарантии предоставление по ней последующих сумм из республиканского бюджета не допускается.

      20. Исполнение Государственной гарантии осуществляется только на часть непокрытой суммы страховых и гарантийных выплат за вычетом собственного капитала Агентства и после принятия Агентством мер по судебному взысканию требования возмещения страховой и гарантийной выплаты к лицам, ответственным за убытки и (или) признания таких лиц банкротами либо их ликвидации, подтвержденные судебными актами с отметкой о вступлении в законную силу.

      21. Средства, выделенные на исполнение обязательств по Государственной гарантии, подлежат возврату Агентством в республиканский бюджет за счет средств возмещения страховых и гарантийных выплат.

  Приложение
к Правилам предоставления
государственной гарантии
Республики Казахстан
по поддержке экспорта

Перечень документов, предоставляемых Экспортно-кредитным агентством Казахстана, для получения государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта

      1. Положительное отраслевое заключение уполномоченного органа в области регулирования внешнеторговой деятельности.

      2. Положительное заключение центрального уполномоченного органа по бюджетной политике.

      3. Протоколы Республиканской бюджетной комиссии (при его наличии).

      4. Выписка об оплате единовременной платы (сбора) в размере 0,2 процента от суммы государственной гарантии по поддержке экспорта.

      5. Нотариально заверенные копии учредительных документов.

      6. Сведение об отсутствии налоговой задолженности и просроченной задолженности в соответствии с кредитным отчетом, предоставляемым, согласно Закону Республики Казахстан "О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан".

      7. Выписка из Реестра акционеров Экспортно-кредитного агентства Казахстана (далее – Агентство).

      8. Копия документа, подтверждающего статус Агентства.

      9. Информация по страховым и гарантийным выплатам в рамках принятых страховых и гарантийных обязательств.

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 июня 2025 года № 317
  Форма
предоставления государственной
гарантии по поддержке экспорта

Договор гарантии по поддержке экспорта № ________

город ____________



"___" _____________ 20___ года

      Государственное учреждение "Министерство финансов Республики Казахстан"
____________________________________________________________________
(полное наименование лица, предоставляющего государственную гарантию),
именуемый в дальнейшем "Гарант"
в лице ______________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность)
действующего на основании
____________________________________________________________________,
(название документа (№, дата)
Экспортно-кредитное агентство Казахстана
____________________________________________________________________
(полное наименование лица, получающего государственную гарантию),
именуемый в дальнейшем "Агентство",
в лице ______________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность)
действующего на основании ___________________________________________,
(название документа (№, дата)
далее совместно именуемые "Стороны", а каждый в отдельности "Сторона",
либо как указано выше в соответствии с:
____________________________________________________________________
(название документа, № и дата)
заключили настоящий Договор гарантии по поддержке экспорта (далее - Договор)
на нижеследующих условиях:

Глава 1. Предмет договора

      1.1. На условиях настоящего Договора Гарант от имени Правительства Республики Казахстан обязуется перед Агентством погасить его задолженность по страховым и гарантийным выплатам, которые не покрыты суммой из собственного капитала Агентства.

      1.2. Государственная гарантия по поддержке экспорта (далее – Государственная гарантия) предоставляется для обеспечения погашения задолженности Агентства перед казахстанскими и иностранными страхователями и выгодоприобретателями по осуществлению страховых и гарантийных выплат при наступлении страховых и гарантийных случаев по договорам страхования и гарантии, по которым Агентство выступает в качестве страховщика.

      1.3. Государственная гарантия предоставляется на сумму ___________ (сумма прописью) тенге со сроком действия на 10 лет.

      1.4. Государственная гарантия прекращает свое действие в случаях:

      1) полного исполнения обязательств, оговоренных в настоящем Договоре;

      2) истечения срока ее действия.

      1.5. Предоставление Государственной гарантии осуществляется на условиях возвратности Агентством бюджетных средств, расходуемых Правительством Республики Казахстан для исполнения Государственной гарантии.

      1.6. Обязательства по Государственной гарантии будут исполнены Гарантом при условии, что соответствующее требование будет предъявлено Агентством до прекращения действия Государственной гарантии.

Глава 2. Заключительные положения

      2.1. Все изменения и дополнения к Договору оформляются в письменной форме, подписываются уполномоченными представителями Сторон и скрепляются оттисками печатей Сторон.

      2.2. Настоящий Договор составлен в 2 (двух) экземплярах по одному экземпляру для каждой из Сторон на казахском и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу.

      2.3. Во всем ином, не предусмотренном настоящим Договором, Стороны руководствуются гражданским и бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      2.4. Договор вступает в силу с момента его регистрации в Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

Глава 3. Юридические адреса, банковские реквизиты и подписи Сторон

Гарант:
________________________________
Республика Казахстан
Город ___________________________
Улица ___________________________
Бизнес-идентификационный номер
________________________________
Индивидуальный идентификационный код
________________________________
Банковский идентификационный код
________________________________
________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Агентство:
_______________________________
Республика Казахстан
Город __________________________
Улица __________________________
Бизнес-идентификационный номер
________________________________
Индивидуальный идентификационный код
________________________________
Банковский Идентификационный Код
________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии)

  Приложение 3 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 июня 2025 года № 317

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

      1) приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 674 "Об утверждении Правил предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19026);

      2) приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 8 августа 2022 года № 799 "О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 674 "Об утверждении Правил предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29057);

      3) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 мая 2024 года № 254 "О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 июля 2019 года № 674 "Об утверждении Правил предоставления государственной гарантии Республики Казахстан по поддержке экспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34329).