ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 24.10.2025 № 626 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпанындағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында:
1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыру кезінде ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін пайдаланады. Бұл ретте фискалдық деректер операторы мынадай міндеттерді:
1) салық төлеушілерден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды;
2) ақшалай есеп айырысулар туралы алынған мәліметтерді өзінің электрондық тасығыштарында сақтауды;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша жедел режимде күн сайын оны алған сәттен бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді жүзеге асырады.";
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) фискалдық деректер операторының қызметтерін пайдаланушылармен интерактивті өзара іс-қимыл жасау үшін фискалдық деректер операторының порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ олар үшін, оның ішінде:
Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес бақылау-касса машиналарының тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер каталогын қолдануды;
бақылау-касса машиналарының орналасқан жерінің геолокациясын айқындау және оларды мемлекеттік кірістер органдарына беруді;
бақылау-касса машиналарынан ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау және оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру бойынша күнделікті мониторинг жүргізу бойынша қосымша сервистерді әзірлеуді және фискалдық деректер оператордың порталына орналастыруды;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын ;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу деректерін өзгерту)
р/с№ | ЖСН/БСН | Тегі | Аты |
Әкесінің аты | Жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы | ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді беру себебі | Бақылау-кассалық машина | ||
БКМ есепке қою / тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгерту | атауы | зауыттық нөмірі | шығарылған жылы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестенің жалғасы
Бақылау-касса машинасын пайдалану орны | Мәліметтерді беру күні | ||||
облыс/ | қала (ауыл) | көше (шағын аудан) | үй нөмірі | пәтер (бөлме, өзге үй-жайлар) нөмірі | |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару
р/с№ | ЖСН/БСН | Тегі | Аты | Әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кестенің жалғасы
Өтініш беру себебі: | ДБФ бар БКМ | Алынған фискалдық есеп туралы мәліметтер: | Мәліметтерді беру күні | |||
1) Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыруды тоқтату; | атауы | зауыттық нөмірі | шығарылған жылы | ______ бастап _____ дейінгі кезең | БКМ есептеуішінің қорытынды көрсеткіштері | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ДБФ бар БКМ – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы.