Созақ ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурызда № 99 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 20 наурызда № 6483-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 244 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 25.02.2026 № 244 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О. Жәмиев

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Созакском районе

Решение Созакского районного маслихата Туркестанской области от 19 марта 2024 года № 99. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 20 марта 2024 года № 6483-13. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Туркестанской области от 25 февраля 2026 года № 244

      Сноска. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Туркестанской области от 25.02.2026 № 244 (вводится в действие с 01.01.2026 и подлежит официальному опубликованию).
      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2024.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Созакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в Созакском районе с 4% на 2% по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Созакского районного маслихата О. Жәмиев