Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.07.2025 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында келесі санаттағы тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен толығымен өтелсін:
1) жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға және мүгедектігі бар балаларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |