Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 22.12.2025 № 31-245 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері 4 % (төрт пайыздан) 2 % (екі пайызға) дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы | К. Бекиев |