Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 28.11.2025 № VIII-42/326 шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарқаралы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Оспанов |