Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 20.09.2024 № 15/289-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз аудандық мәслихат хатшысы | |
| К. Досиханов |
| Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/428-VII 1 қосымша |
Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
1,63 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,18 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,82 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,42 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,16 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,00053 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,36 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,64 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,03 |
11 | Мұражайлар, көрмелер |
Жалпы алаңы | 0,06 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,008 |
13 | Спорт, би және ойын залдары |
Жалпы алаңы | 0,08 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер |
сауда алаңы | 0,48 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,35 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
Сауда алаңы | 0,24 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары |
Жалпы алаңы | 0,20 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету |
Жалпы алаңы | 0,16 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар |
Жалпы алаңы | 0,23 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,11 |
21 | Дәріханалар |
Сауда алаңы | 0,32 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 3,50 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,45 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,31 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,83 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,34 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,82 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 5,53 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,38 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,18 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,50 |
| Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/428-VII шешіміне 2 қосымша |
Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/136-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5491 болып тіркелген) шешімі;
2. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/136-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 37/252-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5944 болып тіркелген) шешімі;
3. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/136-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы №39/262-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6072 болып тіркелген) шешімі.