"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Темирбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығымен бекітілген |
Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосы;
2) арнаулы мемлекеттік қор (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен активтерді қайтару бойынша уәкілетті органдардың шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есептеу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
3) әлеуметтік және экономикалық жобалардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – Қор есебінен одан әрі қаржыландыру үшін Республикалық бюджет комиссиясы (бұдан әрі – РБК) мақұлдаған әлеуметтік және экономикалық жобалардың тізімі;
4) тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының арнайы шоты (бұдан әрі – ЖУО шоты) – заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың түсімдерін есепке алуға және қаражатын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
5) тиісті саланың орталық мемлекеттік органының арнайы шоты (бұдан әрі – ОМО шоты) – заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың түсімдерін есепке алуға және қаражатын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
3. Қор Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Бюджет кодексі) салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қор қаражатының түсімдері бойынша операциялар "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес есепке алынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану тәртібі
5. Қор қаражатын бөлу Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тізбені тиісті саланың орталық мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – ОМО) өтінішхаттары негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау қағидаларына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ОМО жергілікті уәкілетті органдар (бұдан әрі – ЖУО) ұсынған өтінішхаттарды "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олар электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
ЖУО-ның жобаға әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхаты осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезде ОМО өтінішхатты ЖУО-ға қайтаруды жүзеге асырады.
ОМО-ның жобаға әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхаты жобалардың алдын ала тізбесі (бұдан әрі – Алдын ала тізбе) негізінде жасалады.
ОМО-ның жобаға әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхаты (бұдан әрі – Өтінішхат) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖУО-дан келіп түскен өтінішхаттар және ОМО-ның өзінің өтінішхаты бойынша әрбір объекті бойынша жасалады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. ОМО Алдын ала тізбе негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін ОМО өтінішхатын қалыптастырады.
9. ОМО өтінішхатының жобасын ведомстволық бюджет комиссиясы (бұдан әрі – ВБК) қарауға енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
ВБК мақұлдаған ОМО өтінішхаты (өңірлер мен объектілер бөлінісінде) 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы РБК қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды қоса бере отырып жіберіледі:
1) мыналар көрсетілген объектілер тізімі:
жобаларды іске асыру мерзімдері;
жобалық-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындылары бойынша жобалардың құны;
2) ОМО аппараты басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған түсіндірме жазба;
3) ВБК хаттамалары;
4) қаражат бөлудің негізділігін растайтын құжаттар мен мәліметтер.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ОМО өтінішхатының негізінде Қор қаражаты шегінде Тізбенің жобасын қалыптастырады.
Тізбенің жобасы мыналардан:
1) мыналар көрсетілген әрбір объект бойынша тізбенің жобасынан:
жобаларды іске асыру мерзімдерінен;
жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындылары бойынша жобалардың құны;
2) ОМО аппараты басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған түсіндірме жазбадан тұрады.
11. Қордың шотында қаражат жеткіліксіз болған жағдайлар туындаған кезде, Тізбе жобасына енгізу үшін объектілерді таңдауды Бюджет кодексінде көзделген нәтижелілік, негізділік және тиімділік қағидаттарын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. РБК мақұлдаған Тізбе 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті ОМО-ға, мемлекеттік қазынашылық және Қаржы министрлігіне төлем құжаттарын қалыптастыру, сондай-ақ Қор қаражатының пайдаланылуына одан әрі мониторинг жүргізу үшін жіберіледі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Түсім кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Арнаулы мемлекеттік қорға" қайтарылған қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша" және "Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес "Арнаулы мемлекеттік қорға" басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша" түсімдер кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.
Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның өтінішхатын РБК осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес түсімдердің 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына 1 (бір) рет қарайды.
Бұл ретте қаржыландыруды есептеу активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландырудың соңғы бөлінуінен кейін арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер сомасынан жүргізіледі.
Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің активтерін қайтару жөніндегі уәкілетті органның сатып алу қорытындылары бойынша қаражатты үнемдеу Қордың шотына қайтарылуға жатпайды және активтерді қайтару туралы заңнамаға сәйкес, оның ішінде мемлекетке заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі қызметке байланысты мақсаттарға пайдаланылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Қордың қаражаты мыналарға:
1) жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге;
2) қажетті сараптамалардан өтуге;
3) жер учаскелерін бөлуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Тізбеге енгізу үшін мақұлданған әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыруға жұмсалады.
Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аударылған шығыстар тиісті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
15. Қор қаражаты кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнына сәйкес мақұлданған Тізбеге енгізілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды толық көлемде іске асыруға жіберіледі.
16. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 06.01.2025 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қордың қаражатын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган РБК шешіміне және төлем шоты негізінде мақұлданған әлеуметтік және экономикалық жобалардың тізбесіне сәйкес ОМО-ның арнайы шотына аударады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Қор қаражатын ЖУО-ның тиісті шоттарына аударуды ОМО мемлекеттік қазынашылық органдарына РБК шешімімен және мақұлданған Тізбемен қоса төлеуге берілетін шот ұсыну жолымен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. ОМО және (немесе) ЖУО шотынан қаражат "2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына (бұдан әрі – № 272 Қағидалар) сәйкес жұмсалады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Қор қаражатын ОМО және (немесе) ЖУО шоттарынан пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Бюджет кодексінің 110-бабының 3-тармағына және № 272 Қағидалардың 6-тарауының 7, 8, 9, 10 және 11-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік және экономикалық жобалар бойынша, егер аванстық (алдын ала) төлем бұрын басқа қаржыландыру көздерінен жүргізілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.
Ескерту. 2-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Қор шотын және ОМО және (немесе) ЖУО шоттарын ашу және жабу тәртібі № 272 Қағидалардың 4-тарауының 3 және 4-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мақұлдаған Тізбеге енгізілмеген жобаларды іске асыруға ОМО және (немесе) ЖУО шоттарынан қаражат жұмсауға жол берілмейді.
23. ОМО және (немесе) ЖУО шотында мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу не аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау қорытындылары бойынша қаражатты үнемдеу қалыптасқан кезде ОМО және (немесе) ЖУО бір ай мерзімде үнемдеу сомасын Қор шотына қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте, ЖУО үнемдеу сомасын ОМО шотына қайтарады, ал ОМО өз кезегінде ЖУО үнемдеу сомасын қор шотына аударады.
3-тарау. Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану бойынша мониторингтеу тәртібі
24. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ай сайын 25-ші күнге дейін мемлекеттік қазынашылық органдарының "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы Қор шотына қаражат түсімдерінің мониторингін жүргізеді.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде "Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығына сәйкес нысан бойынша Қордың түсімдері мен шығыстары туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Қор қаражатының пайдаланылуына мониторингті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тапсырылатын ОМО/ЖАО негізінде тоқсан сайын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептің жыл қорытындысы бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік қазынашылық Қор қаражатын пайдалану мониторингі шеңберінде деректерді салыстыру үшін тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қор қаражатының ОМО және ЖАО арнаулы шоттарында қалдықтарының болуы туралы ақпарат береді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. ЖУО тиісті объектіні салуға және (немесе) реконструкциялауға жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың болмауы себебінен ОМО және (немесе) ЖУО шотына қаражат түскен сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде пайдаланбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) ОМО тиісінше, пайдаланылмаған қаражатты қордың шотына қайтару қажеттілігі туралы талапты ОМО және (немесе) ЖУО-ға жібереді.
ОМО және (немесе) ЖУО бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) ОМО-ның тиісті талабын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаражатты қор шотына қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте, ЖУО пайдаланылмаған қаражатты ОМО шотына қайтарады, ал ОМО өз кезегінде пайдаланылмаған ЖУО қаражатын Қор шотына аударады.
Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Жобаға әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхат
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орталық мемлекеттік орган/жергілікті уәкілетті орган Арнаулы мемлекеттік қор (бұдан әрі – Қор) қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жобаға
____________________________________________________________________
(әлеуметтік және экономикалық жобалардың атауын көрсету)
тізбесін енгізуді сұрайды
Әлеуметтік/экономикалық жобаның негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:
1) сметалық құны _____________ мың теңге;
2) _______________ № __________ жобалардың кешенді ведомстводан тыс
сараптамасының оң қорытындысы (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) және инвестициялық ұсыныстың, техникалық-экономикалық негіздеменің және қаржылық-экономикалық негіздеменің оң экономикалық қорытындысы;
3) жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны _____ мың теңге;
4) жобалық қуаттылығы _____________орын;
5) қабаты ____;
6) ауданы (жалпы, кабинеттер) _________ шаршы метр;
7) орналасқан жері (мекенжайы) __________________________________;
8) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ________________________;
9) жер учаскесінің ауданы__________________________________.
Инвестициялық жоба бойынша Қордан қаржыландырудың талап етілетін сомасы
_____________________________ (сандармен және жазумен) мың теңге.
Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
жаңа объектілерді салуға арналған кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) және инвестициялық ұсыныстың, техникалық-экономикалық негіздеменің және қаржылық-экономикалық негіздеменің оң экономикалық қорытындысы.
Қосымша: ______________ парақта.
Орталық мемлекеттік орган басшысы / облыс,
республикалық маңызы бар қала және астана әкімі
___________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны
Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға |
|
арналған нысан |
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2025 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға/тиісті саланың орталық мемлекеттік органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-АМҚ
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын
Есепті кезең: _______тоқсан _______жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті саланың орталық мемлекеттік органы/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы үшін-есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20-ші қаңтарына дейінгі мерзімде;
тиісті саланың орталық мемлекеттік органы үшін-есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ші күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25-ші қаңтарына дейінгі мерзімде.
Бизнес сәйкестендіру нөмер:
Жинау әдісі: электрондық түрде
Өлшем бірлігі: мың теңге
Код | Орталық мемлекеттік органның/ жергілікті уәкілетті органның атауы | Жобаның атауы | Сметалық құны (жобаның смета құжаты бойынша) | Жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны | Шарттың күні мен нөмірі | Бірлесіп қаржыландыру: | |
республикалық бюджеттен | жергілікті бюджеттен | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Жыл басындағы пайдаланылмаған қалдық | Арнайы шотқа аударылды | Пайдаланылды | Есепті кезеңнің соңында пайдаланылмаған қалдық | Үнемдеу сомасы | Арнаулы мемлекеттік қорға қайтару сомасы | Қол жеткізілген нәтиже/қол жеткізбеу себептері |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Атауы: ____________________________ Мекенжайы: _________________________
_________________________________ ______________________________________
Телефоны: ______________________
Электрондық пошта мекенжайы: __________________
Орындаушы: _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Орталық мемлекеттік органның басшысы /
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі
__________ _____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Ескертпе: "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанына қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (1-АМҚ, тоқсан сайын, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанды толтыру бойынша тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдары жасауға және ұсынуға арналған.
2. Нысанды орталық мемлекеттік органның басшысы/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
3. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
4. 1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі.
5. 2-бағанда орталық мемлекеттік органның/жергілікті уәкілетті органның атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі.
7. 4-бағанда құрылыстың сметалық құны көрсетіледі.
8. 5-бағанда жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі.
9. 6-бағанда өнім берушімен жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
10. 7-бағанда республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыруға бөлінген қаражаттың көлемі көрсетіледі.
11. 8-бағанда жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруға бөлінген қаражаттың көлемі көрсетіледі.
12. 9-бағанда жыл басындағы Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының/бюджет қаражатының пайдаланылмаған қалдығы көрсетіледі.
13. 10-бағанда арнайы шотқа аударылған Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының сомасы көрсетіледі.
14. 11-бағанда Арнаулы мемлекеттік қордың пайдаланылған қаражаттың сомасы көрсетіледі.
15. 12-бағанда есепті кезеңнің соңында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы көрсетіледі.
16. 13-бағанда Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының үнемдеу сомасы көрсетіледі.
17. 14-бағанда Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару сомасы көрсетіледі (Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалардың 23 және 25-тармақтарына сәйкес).
18. 15-бағанда қол жеткізілген нәтиже не қол жеткізбеу себептері көрсетіледі.