Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 20-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.07.2025 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Жумангарин |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 Бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 90-6-бабының 20-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жоспар-кесте - мониторинг объектілерінің тізбесін және мониторинг жүргізу кезеңдерін қамтитын құжат;
2) лауазымды адам - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам;
3) мониторинг объектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар;
4) мониторинг - монополияға қарсы органның келісімін алмастан мониторинг объектілерінің құру жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Мониторингті монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
4. Мониторинг осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен (республикалық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының (коммуналдық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) бұйрықтарымен жыл сайын бекітілетін жоспар-кестелерге сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.07.2025 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жоспар-кестеге енгізу үшін негізгі өлшемшарттар мониторинг объектісін құру күні болып табылады.
6. Жыл сайынғы жоспар-кесте ағымдағы жылдың 20-желтоқсанынан кешіктірілмей монополияға қарсы органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу тәртібі
7. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен ақпарат жинау және өңдеу;
2) алынған ақпаратқа монополияға қарсы органның келісімін алмай мониторинг объектілерінің құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау тұрғысынан талдау жүргізу;
3) алынған ақпаратқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу;
4) мониторинг объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне қорытынды дайындау.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Монополияға қарсы орган ақпарат жинауды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мониторинг объектілерінің атына тиісті сұрау салулар жіберу арқылы, сондай-ақ ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Монополияға қарсы орган мониторинг жүргізу үшін мынадай ақпаратты сұратады:
1) мониторинг объектісінің құрылтай құжаттары;
2) мониторинг объектісі қызметінің түрлерін жүзеге асыруды растайтын статистикалық және қаржылық-экономикалық есептер;
3) растайтын материалдары бар қызмет түрлері бойынша заттай және ақшалай көріністегі соңғы жылдары өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі;
4) Кодекстің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпарат.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.07.2025 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Алынған ақпарат мониторинг объектісін құру, мониторинг объектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау үшін өңделеді және жүйеленеді.
10. Мониторинг жүргізу кезінде монополияға қарсы орган ұсынылған ақпаратты зерделейді, мониторинг объектісі қызметінің түрлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарымен салыстырады.
11. Мониторинг нәтижелері лауазымды адамның қорытындысымен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мониторинг объектісіне жолданады.
12. Мониторинг объектілерін құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілері, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 192-бабының 8-тармағына сәйкес монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайды.
Жоспар-кесте
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.07.2025 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Мониторинг объектісінің атауы | Мониторинг жүргізу кезеңі |
1 | 2 | 3 |
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.07.2025 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities
Әкімшілік нысанның атауы: Мониторинг жүргізу үшін әкімшілік деректер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): №1-KМС
Кезеңділігі: сұрау салу бойынша
Есепті кезең: 202___жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар ұсынатын ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде
ЖСН/БСН
![]()
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде):
Байланыс жасайтын адам | ||
Мониторинг объектісінің қызмет ету кезеңі | ||
Бақылау объектісін құрудың мақсаты | ||
Мониторинг объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны | ||
Қызмет түрлері | ||
Меншік нысаны өзгерген жағдайда, мониторинг объектісінің қызмет түрлері | ||
Мониторинг объектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер | ||
Мониторинг объектімен бір тұлғалар тобына кіретін тұлғалар туралы мәліметтер | ||
Кәсіпкерлік қызметке қатысудың негіздері | ||
Монополияға қарсы органның қорытындылары | ||
Нормативтік құқықтық актілер |
Ескертпе. Әрбір сұраққа егжей-тегжейлі жауап ұсынылады. Толық ақпарат ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, оның бағалау немесе болжамдық екені көрсетіліп, бағалау немесе болжамдық ақпарат ұсынылады, сондай-ақ оны алу көздері және бағалау мен болжаудың пайдаланылған тәсілдері көрсетіледі.
Атауы _____________________________
Мекенжайы ___________________________
Телефон _____________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________________
Орындаушы ______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы
тұлға_________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
| "Мониторинг жүргізу үшін әкімшілік деректер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Мониторинг жүргізу үшін әкімшілік деректер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме ( индексі: № 1-KМС, жиілігі – сұрау салу бойынша)
1. 1-жолда оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі.
2. 2-жолда мониторинг объектісінің қызмет ету мерзімі көрсетіледі.
3. 3-жолда мониторинг объектісін құрудың негіздемелері тізіп көрсетіледі.
4. 4-жолда ұйымдық-құқықтық нысан көрсетіледі. Ұйымдық-құқықтық нысан өзгертілген жағдайда растайтын құжаттар (жарлық, қаулы және т.б.) ұсынылады.
5. 5-жолда мониторинг объектісінің қолданыстағы жарғылық қызмет түрлері (статистикалық кодтарды көрсете отырып, мемлекеттік және орыс телдерінде) тізіп көрсетіледі.
6. 6-жолда Жарғыны қоса бере отырып (статистикалық кодтарды көрсетіп), мониторинг объектісінің бұрынғы жарғылық қызмет түрлері санамаланады.
7. 7-жолда құрылтайшылар туралы мәліметтер көрсетіледі, оның ішінде:
1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) мониторинг объектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құны;
3) мониторинг объектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің, пайларының) жалпы санынан пайыздардағы үлесі (Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің анықтамасын қоса беру қажет);
4) мониторинг объектісіне қатысты құқықтар мен өкілеттіктер
8. 8-жолда мыналар көрсетіледі:
1) мониторинг объектісінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысың атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер;
2) мониторинг объектісінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалардың өзге де заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдік тұлғаларға атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, қатысуы туралы мәліметтер;
3) мониторинг объектісінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысының өзге заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдік тұлғаларға атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер.
9. 9-жолда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметке қатысу негіздері көрсетіледі.
10. 10-жолда жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде мониторинг объектісіне берген монополияға қарсы орган қорытындыларының көшірмелерін ұсыну қажет. Монополияға қарсы органның қорытындылары болмаған жағдайда, негізді түсіндірмесі бар түсіндірме жазбаны ұсыну қажет.
11. 11-жолда мониторинг объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.