Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 27.11.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2821 болып тіркелген, 2014 жылдың 21 қазанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбындағы, 1-тармағындағы және қосымшасындағы "Оңтүстік Қазақстан облысындағы" деген сөздер "Түркістан облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
| А.Ш. Жетпісбай | |
| Ә.Е. Тұрғымбеков | |
| С.А. Қалқаманов | |
| М.И. Мырзалиев | |
| Ұ.Қ. Тәжібаев | |
| А.А. Абдуллаев | |
| А.Б. Тасыбаев |
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"___________ №_____ қаулысына