ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т қараңыз.
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 143 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 7168 нөмерімен тіркелген, 2020 жылдың 11 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Жөргекбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
| Ұлан ауданы әкімі | Н. Сақтағанов |
|
"КЕЛІСІЛГЕН" Ұлан аудандық мәслихат хатшысы "___"___________2020 жыл |
О. Сыдықов |
| Ұлан аудандық әкімдігінің 2020 жылғы "30" желтоқсандағы № 428 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 13.11.2025 № 505 қаулысымен (01.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі кеңес беруші;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) директор, директордың орынбасары;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапханашы;
4) аккомпаниатор;
5) үйірме жетекшісі;
6) дыбыс операторы;
7) музыкалық жетекшісі;
8) үйірме жетекшісі;
9) хореограф;
10) концертмейстер;
11) мәдени ұйымдастырушы;
12) дыбыс операторы;
13) әдістемеші;
14) ұжым басшысы;
15) ұжым басшысы;
16) суретші;
17) хормейстер;
18) әртіс
19) қоюшы-режиссер.