"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
1) "Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10009 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 280 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19513 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 қазанда электрондық түрде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 бұйрығымен бекітілген |
Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Спортшыларды медициналық тексеру түрлері
2. Спортшыларды медициналық тексеру мыналарды қамтиды:
1) тереңдетілген медициналық тексеру;
2) кезеңдік медициналық тексеру;
3) ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау;
4) кешенді функционалдық тестілеу;
5) жарыс алдындағы тексеру.
3. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру, спортшының дене бітімінің дамуы, денсаулығының жай-күйі, денсаулық жағдайының ауытқуын ертерек анықтау, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындығы оның ішінде функционалдық жай-күйі және серпіндегі оның физикалық жұмысқа қабілеттілігінің көрсеткіштері туралы неғұрлым толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында спорт медицинасы және оңалту ұйымдарымен өткізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тереңдетілген медициналық тексеру бағдарламасы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар контингентіне, спорттық даярлық кезеңіне, спорттық мамандануға байланысты осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Спорттық мамандандыруды ескере отырып, спортшыларға қосымша:
1) офтальмологиялық зерттеулер жүргізіледі: көру аясына, көздің түбіне, көздің ішкі қысымына, көру аясының шетіне, циклоскопия жүргізіледі;
2) мергендер (оқ ату, стенд ату, садақ ату), биатлоншылар, конкуршылар, семсерлесушілер, жеңіл атлеттер, жүзушілер, бессайысшылар, жекпе-жекке қатысатындар және ауыр атлетшілерде аудиометрия жүргізіледі;
3) спорт дәрігерінің тағайындауы бойынша мыналар жүргізіледі:
қан тамырларын, жұмсақ тіндер мен буындарды, жамбас мүшелерін, қалқанша безді ультрадыбыстық зерттеу;
функционалдық сынамалары бар электроэнцефалография, электромонография;
ортостаздағы электрокардиография (бұдан әрі – ЭКГ), жүгіру жолында жүктеме бар (велоэргометр), ЭКГ тәуліктік мониторингі (Холтер мониторингі), қан қысымының тәуліктік мониторингі, ауыр атлет спортшыларда күшенуіне сынама (Вальсальва сынама);
рентгенография;
компьютерлік томография;
магниторезонансты томография;
қосымша клиникалық зертханалық зерттеулер;
4) спорт медицинасы дәрігерінің (терапевт, педиатр және (немесе) жалпы практика дәрігері) тағайындауы бойынша бейінді мамандармен қосымша тексерулер жүргізіледі: кардиолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, дерматолог, аллерголог, кардиохирург, нейрохирург, уролог және бейіні бойынша мамандар.
6. Кезеңдік медициналық тексеру спорттық жарыстарға дайындықтың белгілі бір кезеңі аяқталғаннан кейін спортшылардың денсаулық деңгейін, физикалық жұмыс қабілеттілігі мен дайындығын анықтау мақсатында спорт медицинасы дәрігерімен өткізіледі.
Кезеңдік медициналық тексеру келесі тексерулерді қамтиды:
1) спорт медицинасы дәрігерінің тексеруін, көрсеткіштері бойынша басқа мамандардың тексеруін;
2) биологиялық материалдарды зертханалық зерттеуін;
3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық тексерулерді:
қалыпты жағдайдағы ЭКГ;
PWC-170 (Physical Working Capacity – физикалық жұмыс қабілеті) субмаксималды қуатын анықтауға арналған тестілеу немесе максималды қуатты (жұмыстан бас тартқанға дейін), максималды алактатты қуатты (бұдан әрі – МАҚ) анықтау үшін тестілеу;
антропометрия, дене құрамының құрамын талдау.
7. Ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау спортшының денсаулық жағдайын және ағзаның жаттығу жүктемелеріне бейімделу динамикасын жедел бақылау, даярлау және қалпына келтіру іс-шаралары процесінің тиімділігін даралау және арттыру мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
1) спортшыны спорт медицинасы дәрігерінің қарап-тексеруін, жаттығу сабақтарындағы жалпы физикалық жұмыс қабілеттілігін анықтау үшін осы қағидалардың қосымшасына сәйкес функционалдық сынамалар жүргізу;
2) спортшыны функционалдық және зертханалық тексеру және медициналық көрсетілімдер болған кезде бейінді мамандардың қарап-тексеруі.
8. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Кешенді функционалдық тестілеу мына тексерулерді қамтиды:
1) спорт медицинасы дәрігерінің қарауы (спорттық медицина бойынша дәрігердің тағайындауы бойынша бейінді мамандардың тексеруі);
2) биологиялық материалдарды зертханалық зерттеуін;
3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық зерттеулер:
антропометрия, дене құрамының құрамын талдау;
плантоскопия;
спирография;
омыртқаның көп өлшемді талдауы;
ЭКГ;
эхокардиография;
жүктемелі кардиологиялық тестілеу;
буындардың магниттік-резонанстық томографиясы;
газ анализімен және лактатты анықтаумен арнайы төзімділікті бағалау;
жылдамдық пен қуат көрсеткіштерін бағалау.
Кешенді функционалдық тестілеу үшін тексерулерді спорт медицинасы дәрігерінің спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының бас жаттықтырушысымен келісім бойынша спорт түріне, жаттығу жиындары мен жарыстардың жиілігіне сәйкес, сондай-ақ әр спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, спортшыға тағайындайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Спортшыны жарыс алдындағы тексеруді спортшылардың экстремалды қызмет процесінде денсаулығындағы шынайы өзгерістерді және функционалдық даярлығын, спорттық жарыстарға қатысуға жіберу мүмкіндігін анықтау, жұмыс қабілетін қалпына келтіру және арттыру құралдарының жүйесін белгілеу мақсатында спорт медицинасы дәрігері өткізеді.
3-тарау. Спортшыларды медициналық тексеруден өткізудің тәртібі
10. Спортшыны тереңдетілген медициналық тексеру дайындық кезеңінің басында және спорттық жарыстардың алдында жылына екі рет өткізіледі.
11. Спортшыны кезеңдік медициналық тексеру бір жылдық кезең ішінде дайындық кезеңдерінің санына байланысты жүргізіледі.
12. Спортшыны ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау бүкіл күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады.
13. Спортшыны кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының халықаралық және ұлттық спорттық жарыстарға даярлау бойынша арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде жылына кемінде екі рет жүргізіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Спортшыны жарыс алдындағы тексеру әр спорттық жарыс алдында өткізіледі.
15. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру қорытындылары бойынша оқу-жаттығу процесіне рұқсат алу және спорттық жарыстарға қатысу үшін спорт медицинасы дәрігері (еркін нысанда) қорытынды жасайды, онда мыналар қамтылады:
1) денсаулық жағдайын бағалау және функционалдық топқа жататындығын анықтау:
дені сау, спорттық қызметпен айналысу шектеулерсіз мүмкін;
іс жүзінде сау, спорттық қызметі кезінде физикалық жүктемелерді шектемейтін диагнозды көрсету;
емделу және қалпына келтіру кезінде спортпен шұғылданудан шеттетілуді талап ететін диагнозды көрсету және спортшыны қалпына келтіру;
спорттық қызмет кезінде дене жүктемесін шектейтін және спортпен айналысудан тұрақты шеттетуді талап ететін диагнозды көрсету;
2) физикалық дамуын бағалау (антропометриялық деректер және индекстер әдісі бойынша);
3) бейімделу мүмкіндіктерін және функционалдық жағдайын бағалау (дене жұмыс қабілеті, жүректің функционалдық резерві, вегетативті қамтамасыз ету түрі, ортостатикалық орнықтылығы, сенсомоторлы реакция жылдамдығы).
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды тереңдетілген, кезеңдік, ағымдағы, кешенді функционалдық тестілеудің және жарыс алдындағы медициналық тексерулердің нәтижелері, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34558 болып тіркелген) № 052/е нысаны бойынша "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" толтырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тереңдетілген медициналық тексеру нәтижелері бойынша спорттық іс-шараларға қатысу үшін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысаны бойынша анықтама беріледі.
Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларына қосымша |
Тереңдетілген медициналық тексерудің бағдарламасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Спортшылардың санаты | Өткізу мерзімділігі | Дәрігер мамандар | Клиникалық - зертханалық және функционалдық - диагностикалық зерттеулер |
1. | Спорттық - сауықтандыру даярлығы кезеңінде шұғылданатын спортшылар | жылына бір рет |
Педиатр немесе терапевт (жасына байланысты) |
Қанның клиникалық талдауы (бұдан әрі - ҚКТ), |
2. | Бастапқы даярлық кезеңінде шұғылданатын спортшылар | жарты жылда бір рет |
Педиатр немесе терапевт (жасына байланысты), |
ҚКТ, ЗКТ, антропометрия, ЭКГ, ЭХОКГ, қол, орнақтық динамометрия (бұдан әрі - динамометрия), құрсақ қуысы мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу, (бұдан әрі - ҚҚ және бүйректі УДЗ), өкпефлюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес). Жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған функционалдық сынамалар: |
3. | Оқу-жаттығу даярлығы кезеңінде шұғылданатын спортшылар | жарты жылда бір рет |
Травматолог-ортопед, |
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, жалпы билирубин, тікелей билирубин, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі - АЛТ), аспартатаминотрансфераза (бұдан әрі - ACT), креатинфосфокиназа (бұдан әрі - КФК), сілтілі фосфатаза, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, кортизол, тестостерон, тиреотропты гормон (ТТГ), |
4. | Спорттық жетілдірукезеңінде шұғылданатын спортшылар | жарты жылда бір рет |
Травматолог-ортопед, |
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, (бұдан әрі - ЖТЛП), |
5. | Жоғары спорт шеберлігі кезеңінде шұғылданатын спортшылар | жарты жылда бір рет |
Травматолог-ортопед, |
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, ЖТЛП, |
6. | Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының спортшылары | жарты жылда бір рет |
Травматолог-ортопед, |
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, жоғары тығыздықтағы липопротеидтер холестерині (ЖТЛП), төмен тығыздықтағы липопротеидтер холестерині (ТТЛП), жалпы билирубин, тікелей билирубин, |
Ескерту: "Мүгедектігі бар спортшылар мен денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған тереңдетілген медициналық тексерудің өткізу бағдарламасы денсаулықтың бұзылу түріне, функционалдық диагностика, стресс-тесттер және дәрігер-мамандардың зерттеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді.
Ескерту. Ескерту жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2025 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.