"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушы |
А. Ғиният |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с | Нысаналы тобы | Скринингтік зерттеулердің түрі |
1 | Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдер | Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін |
2 | Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* әйелдер | Сүт безі обырын ерте анықтау үшін |
3 | Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы* әйелдер | Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін |
4 | Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдер | Колоректальды обырды ерте анықтау үшін |
5 | Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер | Жіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау үшін |
6 | Cозылмалы В және С вирусты гепатиттері бойынша динамикалық байқауда тұрмаған, жүктілік бойынша есепте тұрмаған, 18 жастағы және одан асқан ерлер мен әйелдер (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (бұдан әрі - АХЖ-10) бойынша Z11.5 коды) | В және С вирустық гепатиттерді ерте анықтау үшін |
7 | Нысаналы топ жасына жеткен бронх және өкпе қатерлі ісігімен динамикалық байқауда тұрмаған, темекі шегу өтілі ≥20 қорап-жыл темекі шегетіндер: қазір шегетіндер және темекі шегуден 15 жылдан аз уақытта бас тартқандар "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) көрсетілген кәсіптер бойынша соңғы 10 жыл ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы* ерлер мен әйелдер (АХЖ-10 бойынша Z 12.2 коды) | Өкпе обырын ерте анықтау үшін |
*Нысаналы топ жасына жеткен жыл болып күнтізбелік жылдың кезеңі есептеледі (қаңтардан желтоқсанға дейін), ол кезеңде нысаналы топ өкілі белгіленген жасқа жетеді. | ||
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімділігін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі – МЦЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
4) скринингтік зерттеулер – әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Ірі елді мекендерде қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер тіркелген халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын дәрігерлік емхана деңгейінде жүргізіліп, онда скринингтік зерттеулердің өтуін мониторингтеу үшін скринингтік орталықтар мен call-орталықтар құрылады.
Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық байқау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.
6. Скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін АЕК ұйымдары:
1) халықтың медициналық ұйымына бекітілген адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;
2) осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес скринингтік зерттеулер шеңберінде қызметтерді дәйекті көрсету бағытын әзірлейді;
3) халықты скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаттары, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар етеді;
4) скринингтік зерттеулерден өтуге қоңырау шалу, SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар арқылы шақырады;
5) МЦЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;
6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:
дайындық кезеңі;
негізгі кезеңі:
пациенттің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістердің болуын немесе болмауын анықтау үшін бірінші кезеңінен (бұдан әрі – бірінші кезең);
түпкілікті диагноз қою арқылы қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін екінші кезеңінен (бұдан әрі – екінші кезең);
қорытынды кезеңінен тұрады.
8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина жұмыскері (бұдан әрі – ОМЖ) жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:
күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін кейіннен ай сайынғы нысаналы топтарға түзету енгізе отырып, жыл сайын қалыптастыру және жасау;
халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаты, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар ету;
скринингтік зерттеулердің жедел және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, клиникалық-диагностикалық зертханалардың және аспаптық зерттеулердің жұмыс графигімен синхрондау арқылы халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру.
9. Бірінші кезең пациенттің жағдайындағы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулардың болуын анықтау үшін жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді.
Бірінші кезеңде ОМЖ дәрігерге дейінгі көмек кабинетінде мыналарды жүргізеді:
1) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
2) антропометрия (салмақ, бой, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеу;
3) қан қысымын өлшеу (бұдан әрі – ҚҚ);
4) экспресс-тесттерді қолдануымен зертханалық зерттеулер;
5) скринингтік зерттеуге сәйкес биологиялық материалды жинау;
6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеуге жолдаманың үзінді көшірмесін беру.
10. АЕК ұйымының мейіргері скринингтік зерттеудің бірінші кезеңі:
зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулары болмаған кезде;
саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізгеннен кейін денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын белгілеген кезде аяқтайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Скринингтік зерттеулердің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқу себептерін белгілеу үшін өткізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Пациентте зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулар болған кезде АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МЦЖ-де жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.
Скринингтік зертеулердің екінші кезеңінің көлеміне сәйкес келетін бұрын көрсетілген (соңғы үш ай ішінде) медициналық қызметтердің нәтижелері болған кезде АЕК ұйымының дәрігері клиникалық диагнозды белгілей отырып, скринингті аяқтайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Қорытынды кезең скринингтік зерттеулер нәтижелерін талдауды, МЦЖ-ге тіркей отырып, қорытынды диагнозды белгілеуді, сондай-ақ халықты скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы хабардар етуді қамтиды.
Скринингтік зерттеу нәтижелері бойынша патология анықталмаған жағдайда АХЖ-10 бойынша Z01.8 коды көрсетіле отырып, қорытынды диагноз қойылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) және "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.
Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейінінен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.
Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктілігі, ауруы, бекітілген орнының өзгеруі, елден тыс жерлерге уақытша шығуы себептері бойынша және азамат скринингтік зерттеулерден өтуден бас тартқан жағдайда) белгіленген мерзімділігін сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.
Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МЦЖ-ге мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің өтуі, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымына бекітілуі.
Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша жүгінуіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МЦЖ-де тіркеу.
Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МЦЖ-ге бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің көлемі мен мерзімділігі
18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулер көлемін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметке лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүзеге асырады.
19. Халықты скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
20. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 1-қосымша |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.10.2025 № 109 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Нысаналы топ | Кезең | Скринингтік зерттеулер көлемі | Көрсетілетін қызметтер топтамасының атауы |
1 | Z13.8 кодына сәйкес нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензиямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер | 1 |
Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер; | ТМККК |
2 | Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруына күдік болған кезде электрокардиографиялық зерттеуді (12 жалғамы) толық жазу | ТМККК | ||
Глаукомаға күдік туғанда офтальмологтың консультациясы | ТМККК | |||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
2 | Нысаналы топ жасына жеткен Z13.6 кодына сәйкес цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер | 1 | Қабылдау: Мейіргер | ТМККК |
Брахиоцефалдық бағанның УДДГ-сы | МӘМС | |||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
2 | Консультация: Тамырлы хирург | МӘМС | ||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
3 | Нысаналы топ жасына жеткен Z12.3 кодына сәйкес сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер | 1 |
Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | ТМККК |
Консультация (рентгенограмманы екінші рет оқу); | ТМККК | |||
2 |
Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі; | ТМККК | ||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
4 | Нысаналы топ жасына жеткен Z12.4 кодына сәйкес жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер | 1 |
Қабылдау: Мейіргер не фельдшер не акушер; | ТМККК |
Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тест | ТМККК | |||
2 |
Консультация: акушер-гинеколог; | ТМККК | ||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
5 |
Нысаналы топ жасына жеткен Z12.1 кодына сәйкес жуан ішектің | 1 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | ТМККК |
Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-сынама) | ТМККК | |||
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау не 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
2 |
Көрсетілімдер бойынша ішкі тамыр арқылы анестезия | ТМККК | ||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК | |||
6 | Нысаналы топ жасына жеткен Z11.5 кодына сәйкес В және С вирустық гепатитін ерте анықтау үшін қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезең) | 1 |
Қабылдау: Мейіргер не фельдшер; | ТМККК |
2 |
ИФА әдісімен қан сарысуындағы HbsAg анықтау; | МӘМС | ||
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері | ТМККК |
Ескертпе:
ТМККК | - | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
МӘМС | - | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
РНҚ | - | Рибонуклеин қышқылы |
ПТР | - | Полимеразды тізбекті реакция |
УДДГ | - | Ультрадыбыстық доплерография |
| Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 2-қосымша |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Нысаналы топтың атауы | Мерзімділігі | Зерттеудің аяқтау мерзімі |
1 | Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
2 | Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
3 | Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер | 4 жылда 1 рет | 60 күн |
4 | Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
5 | Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
6 | Cозылмалы В және С вирустық гепатиттері бойынша динамикалық байқауда тұрмаған, жүктілік бойынша есепте тұрмаған, 18 жастағы және одан асқан ерлер мен әйелдер (АХЖ-10 бойынша Z11.5 коды) | 3 жылда 1 рет | 60 күн |
7 | Нысаналы топ жасына жеткен бронх және өкпе қатерлі ісігімен динамикалық байқауда тұрмаған, темекі шегу өтілі ≥20 қорап-жыл темекі шегетіндер: қазір шегетіндер және темекі шегуден 15 жылдан аз уақытта бас тартқандар және/немесе "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) көрсетілген мамандықтар бойынша соңғы 10 жыл ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы* ерлер мен әйелдер (АХЖ-10 бойынша Z 12.2 коды) | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
| Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 3-қосымша |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2026 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.