"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.03.2022 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.03.2022 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "____" ___________
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына 1-қосымша |
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 29.12.2025 № 131/нс (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі |
Қосылған |
Қосылған құн салығы ескерілген бағасы, |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу: | |||
1) | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет** | 148 541 | 172 308 |
2) | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет** | 173 297 | 201 025 |
3) | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу | 1 қызмет** | 173 297 | 201 025 |
2. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру | 1 қызмет* | 1 087 358 835 | 1 261 336 249 |
3. | Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру | 1 қызмет* | 210 982 513 | 244 739 715 |
4. | Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу | 1 инцидент | 2 606 161 | 3 023 147 |
5. | Мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу: | |||
1) | Бастапқы кодтарды талдау | 1 Мбайт | 5 812 | 6 742 |
2) | Жүктемелік сынау | 1 пайдалану нұсқасы | 410 910 | 476 656 |
3) | Желілік инфрақұрылымды зерттеп - қарау | 1 кіші желі | 745 079 | 864 292 |
4) | Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау |
1 жүйе/ | 765 224 | 887 660 |
5) | Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау |
1 жүйе/ | 740 344 | 858 799 |
6. | Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру | 1 қызмет* | 216 225 641 | 250 821 744 |
7. | Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі: | |||
1) | Қорғалуды қамтамасыз ету мониторингі |
1 "электрондық үкіметтің" ақпараттанды | 7 086 554 | 8 220 403 |
2) | Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі |
1 "электрондық үкіметтің" ақпараттанды | 6 669 698 | 7 736 850 |
3) | Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету мониторингі |
1 "электрондық үкіметтің" ақпараттанды | 2 084 281 | 2 417 766 |
8. | Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу: | |||
1) | Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін орнату |
1 | 2 588 907 | 3 003 132 |
2) | Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін техникалық қолдап отыру |
1 | 11 361 237 | 13 179 035 |
3) | Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мониторингі объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау |
1 | 13 885 956 | 16 107 709 |
9. | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру |
1 | 9 421 078 | 10 928 450 |
10. | Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру: | |||
1) | Дербес деректерді қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық шаралары мен процестері |
1 | 757 706 | 878 939 |
2) | Аспаптық сканерлеу |
1 | 597 202 | 692 754 |
11. | Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1 қызмет* | 170 018 924 | 197 221 952 |
12. | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру | 1 қызмет* | 1 418 557 993 | 1 645 527 272 |
13. | Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу | 1 қызмет** | 618 458 | 717 411 |
Ескертпе:
* қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі;
** қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына 2-қосымша |
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 29.12.2025 № 131/нс (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Қосылған құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге | Қосылған құн салығы ескерілген бағасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыру, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізу | 1 қызмет* | 2 071 347 174 | 2 402 762 722 |
2. | Ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру | 1 қызмет* | 77 778 205 | 90 222 718 |
3. | Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыру, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу | 1 қызмет* | 270 296 083 | 313 543 456 |
Ескертпе:
* қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.