Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17030 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2026 № 90-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 122-бабының 5-тармағына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2026 № 90-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2026 № 90-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрі

      _____________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 28 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 14 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2026 № 90-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 122-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) залал – көмірсутектердің нормаланған ысыраптарынан асатын нақты ысырап көлемін негізге ала отырып, айқындалатын мемлекет шеккен залал;

      2) көмірсутектердің нормаланған ысыраптары – деңгейі жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарындағы техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жүйелерімен және қабылданған тәсілдерімен технологиялық жағынан байланысты көмірсутектер ысыраптары және (немесе) шикі газды алау етіп жағуға рұқсатта көрсетілген шикі газды жағу көлемі түріндегі ысыраптар;

      3) нақты ысыраптар – залалды есептеу сәтіндегі айқындалған ысырыптар.

      3. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, көмірсутектер өндіру бойынша барлық жер қойнауын пайдаланушыларға, соның ішінде жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша операторларға, сенімгерлік басқарушыларға (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) қолданылады.

      4. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау табу фактісі бойынша, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) мемлекеттік органдардың өздерінен залалы бойынша ақпарат болған кезде:

      көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады;

      5. Залалдың мөлшерін айқындауға байланысты туындайтын даулар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес шешіледі.

2-тарау. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібі

      6. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері көмірсутектердің нормаланған ысыраптарынан асатын нақты ысырабының көлемін негізге ала отырып белгіленеді және ресми белгіленімдеріне сәйкес есепті кезеңдегі баға белгілеулерінің орташа құнына сүйене отырып құндық мәнде белгіленеді.

      7. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нормадан тыс ысыраптары үшін залал мөлшерін айқындау мысалдарына сай белгіленеді.

      8. Көмірсутектердің нақты ысырабының нормаланған ысыраптардан асып түсуі (бұдан әрі – нормадан тыс ысыраптар) мынадай көлемдерден туындайды:

      көмірсутектердің баланстық қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан алудың толықтығын бастапқы есепке алу мүмкін болатын біртектес тау-кен-геологиялық жағдайлармен бір жүйеде игерілетін көмірсутектердің баланстық қорлары жер қойнауының әрбір бөлігі бойынша белгіленген ысыраптардан баланстық қорларының кен орны бойынша белгіленген ысыраптардан тыс ысыраптар, сондай-ақ кез келген негізсіз ысыраптар;

      алудың коэффициентіне, қорларды уақтылы есептен шығармауға, көмірсутек қорларын алдын ала өтеуге қол жеткізбей, жер қойнауында қалған көмірсутектер қорлары;

      жер қойнауында суланудың, жанудың салдарынан туындаған көмірсутектердің баланстық қорларының немесе игеру (өндіру) бойынша талаптарды бұзу салдарынан туындаған өндірілген көмірсутектердің ысыраптары;

      көмірсутектер кен орындарының оңай қол жеткізілетін учаскелерінде өндірудің салдарынан рентабельді өңдеу мүмкін емес болатын олардың баланстық қорларының ысыраптары;

      кәсіпшілікте өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау кезінде көмірсутектер ысыраптарынан нормадан тыс ысыраптары;

      базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатында көзделген кен орындарын игерудің технологиялық режимін сақтамаудың салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан баған сыртындағы және бағанаралық кеңістік арқылы жоғары жатқан көмірсутектің қатаралық ағылуының салдарынан Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен көмірсутектердің алынатын қорларының ысыраптары;

      базалық жобалау құжатын, игеруді талдауды немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатын, оларды алу және кәдеге жаратуды сақтамағандықтан шикi газ, газ конденсатының ысыраптары;

      авариялық жағдайлардың қатері немесе туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз және (немесе) рұқсат шарттарын сақтамай алау етіп жағылатын шикі газ;

      көмірсутектер саласындағы уәкiлеттi органның жағуға рұқсат етілген көлемінен тыс жағылған шикі газы;

      барлау кезінде, оның ішінде жер қойнауы учаскесінде нормаланған ысыраптардан тыс сынамалы пайдалану кезінде шикі мұнайдың (конденсаттың) ысыраптары.

      9. Мұнайдың, конденсат пен газдың, оның ішінде ілеспе (еріген) газдың нормадан тыс қабаттық ысыраптары бекітілген базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында алу коэффициентінен ауытқулармен анықталады.

      10. Шикі газды жағу кезіндегі нормадан тыс ысыраптар базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген және (немесе) қорларды есептеген кезде қабылданған компоненттердің құрамы негізінде пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында тұрған газдың компоненттік құрамы бойынша анықталады.

      Компоненттердің құрамы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соңғы бекітілген жобалау құжаттарынан ескеріледі.

      11. Жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде жобалық ысыраптарды есептеу Қазақстан Республикасының пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған және (немесе) базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген өндірілетін пайдалы қазбадағы еріген газдың құрамы бойынша жүргізіледі.

      Компоненттердің құрамы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соңғы бекітілген жобалау құжаттарынан ескеріледі.

      12. Бастапқы қайта өңдеу (дайындау) процесінде жол берілген көмірсутектердің нормадан тыс ысыраптарының сандық мәні көмірсутектердің тиісті типі (сорты) үшін технологиямен белгіленген алу шамасы мен оның тауарлық өнімге нақты қол жеткізілген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады.

  Көмірсутектерді барлау мен
өндіру кезінде жер қойнауын
ұтымды және кешенді
пайдалану бойынша
талаптардың бұзылуы
салдарынан келтірілген
залалдың мөлшерін
айқындау қағидаларына
қосымша

Нормадан тыс ысырабы үшін залал мөлшерін айқындау мысалдары

      1-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 2658000 тонна мұнай өндірді.

      Осы кезеңде мұнайдың нақты ысырабы 4442 тонна мұнайды, оның ішінде бекітілген нормативтік ысырап 1081 тонна мұнайды құрады.

      Есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (бағалардың ресми белгіленімдері, Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы орташа құны) мұнайды сату кезіндегі орташа баға 50,49 АҚШ долларын құрады,

      (4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары.

      169696,89 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

      2-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде барлау және өндіру кезінде жүзеге асырған кезде 300 млн. м3 көлемінде шикі газды жақты. Бұл ретте газда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе бекітілген жобалау құжатында көрсетілген Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған компоненттерінің өнеркәсіптік құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген әлеуетті мазмұндардың мәндерінің негізінде компоненттердің, оның ішінде құрғақ газдың (метанның) санын анықтаймыз. Компоненттердің жоғалуы – этан, пропан және (немесе) бутан, әлеуетті жиынтық құрамы 1000 м3 газға 500 кг болғанда 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде құрғақ газдың және (немесе) метанның ысырабы 150 млн. м3 құрайды.

      Есептік кезеңде құрғақ газ (метан) бойынша ресми баға белгіленімдерінің орташа құны 1000 м3 үшін 80 АҚШ долларын, ал компоненттер бойынша – этан, пропан және (немесе) бутан бойынша әрбір компонент бойынша 1 тоннасы үшін 350 АҚШ долларын құрады.

      Залал сомасы:

      құрғақ газ (метан) үшін: 150000000 х 80:1000 = 12000000 АҚШ доллары;

      компоненттер үшін – этан, пропан және (немесе) бутан: 150000 х 350 = 52500000 АҚШ доллары;

      барлығы: 64500000 АҚШ доллары.

      64500000 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.".

Об утверждении Правил определения размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 апреля 2018 года № 141. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июня 2018 года № 17030.

      Сноска. Заголовок приказа – в редакции приказа Министра энергетики РК от 25.02.2026 № 90-н/қ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 122 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Министра энергетики РК от 25.02.2026 № 90-н/қ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции приказа Министра энергетики РК от 25.02.2026 № 90-н/қ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 29 июня 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Заместитель Премьер-Министра
Республики-министр сельского
хозяйства Республики Казахстан
________________ У. Шукеев
28 мая 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
________________ Ж. Касымбек
14 мая 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
________________Т. Сулейменов
11 мая 2018 года

  Утверждены приказом
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 26 апреля 2018 года № 141

Правила определения размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра энергетики РК от 25.02.2026 № 90-н/қ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов (далее – Правила) разработаны в соответствии c пунктом 5 статьи 122 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок определения размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) ущерб – убыток, понесенный государством, определяемый исходя из объема фактических потерь углеводородов, превышающих их нормированные потери;

      2) нормированные потери углеводородов – потери углеводородов, технологически связанные с принятыми способами и системами проведения операций по недропользованию по углеводородам, уровень которых обоснован технико-экономическими расчетами в проектных документах для проведения операций по недропользованию и (или) потери в виде объемов сжигания сырого газа, указанные в разрешении на сжигание сырого газа в факелах;

      3) фактические потери – потери, определенные на момент исчисления ущерба.

      3. Настоящие Правила распространяются на всех недропользователей, в том числе на операторов по контракту на недропользование, доверительных управляющих (далее – недропользователь) по углеводородам, независимо от форм собственности.

      4. Определение размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр, осуществляется по факту обнаружения, а также при наличии информации по ущербу от самих недропользователей и (или) государственных органов:

      при разведке и добыче углеводородов – уполномоченным органом в области углеводородов;

      5. Споры, возникающие в связи с определением размера ущерба, разрешаются согласно пункту 2 статьи 9 Гражданского кодекса Республики Казахстан и статьи 9 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок определения размера ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов

      6. Размер ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов, определяется исходя из объема фактических потерь углеводородов, превышающих их нормированные потери, и определяется исходя из средней стоимости в соответствии с официальными котировками цен за отчетный период.

      7. Размер ущерба, причиненного вследствие нарушения требований по рациональному и комплексному использованию недр при разведке и добыче углеводородов, определяется в соответствии с примерами определения размера ущерба за сверх нормированные потери, согласно приложению к настоящим Правилам.

      8. Превышение фактических потерь углеводородов над нормированными потерями, (далее – сверх нормированные потери), исходит из объемов:

      потерь балансовых запасов углеводородов сверх установленных нормированных потерь по каждой части залежи сверх установленных нормированных потерь по месторождению, отрабатываемой одной системой разработки с относительно однородными горно-геологическими условиями, в которой достоверно подсчитаны балансовые запасы углеводородов и возможен первичный учет полноты их извлечения из недр, а также любые необоснованные потери;

      запасов углеводородов, оставленных в недрах, не достигнув коэффициента извлечения, несвоевременного списания запасов, преждевременного погашения запасов углеводородов;

      потерь балансовых запасов углеводородов, возникших из-за обводнения, возгорания в недрах или добытых углеводородов вследствие нарушения требований по их разработке (добыче);

      потерь балансовых запасов углеводородов, рентабельная отработка которых становится невозможной из-за добычи на легкодоступных участках месторождения;

      потерь углеводородов при добыче, сборе, транспортировке и подготовке на промыслах сверх нормированных потерь;

      потерь извлекаемых запасов углеводородов, утвержденных Государственной комиссией по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан, вследствие несоблюдения технологического режима разработки месторождений, предусмотренного базовым проектным документом, анализом разработки или проектным документом, утвержденным до введения в действие Кодекса, а также межпластового перетока углеводородов в вышележащие горизонты через заколонное и межколонное пространство вследствие нарушения требований по рациональному использованию недр при проведении операций по недропользованию;

      потерь сырого газа, газового конденсата из-за несоблюдения базового проектного документа, анализа разработки или проектного документа, утвержденного до введения в действие Кодекса, их извлечения и утилизации;

      сжигаемого в факелах сырого газа без разрешения и (или) без соблюдения условий разрешений уполномоченного органа в области углеводородов, за исключением случаев угрозы или возникновения аварийных ситуаций, угрозы жизни персоналу или здоровью населения и окружающей среде;

      сожженного сырого газа сверх разрешенных, уполномоченным органом в области углеводородов, для сжигания объемов;

      потерь сырой нефти (конденсата) при разведке, в том числе при пробной эксплуатации на участке недр сверх нормированных потерь.

      9. Сверх нормированные пластовые потери нефти, конденсата и газа, в том числе попутного (растворенного), определяются отклонениями от коэффициента извлечения, который утвержден в базовом проектном документе, анализе разработки или проектном документе, утвержденном до введения в действие Кодекса.

      10. Сверх нормированные потери при сжигании сырого газа определяются по компонентному составу газа, состоящего на государственном балансе полезных ископаемых, на основе содержания компонентов, принятых при подсчете запасов, и (или) указанному в базовом проектном документе, анализе разработки или проектном документе, утвержденном до введения в действие Кодекса.

      Содержание компонентов учитывается с последних утвержденных проектных документов, указанных в части первой настоящего пункта.

      11. При отсутствии индивидуальных приборов учета, расчет проектных потерь проводится по содержанию растворенного газа в добываемом полезном ископаемом, числящихся на Государственном балансе запасов полезных ископаемых Республики Казахстан, и (или) указанного в базовом проектном документе, анализе разработки или проектном документе, утвержденном до введения в действие Кодекса.

      Содержание компонентов учитывается с последних утвержденных проектных документов, указанных в части первой настоящего пункта.

      12. Количественное значение сверх нормированных потерь углеводородов, допущенных в процессе первичной переработки (подготовки), определяется по разнице между величиной извлечения, установленной технологией для соответствующего типа (сорта) углеводородов и фактически достигнутого его извлечения в товарный продукт.

  Приложение
к Правилам определения
размера ущерба, причиненного
вследствие нарушения требований
по рациональному и комплексному
использованию недр
при разведке и добыче
углеводородов

Примеры определения размера ущерба за сверх нормированные потери

      Пример 1.

      Недропользователь за отчетный период добыл 2658000 тонн нефти.

      За этот период фактические потери нефти составили 4442 тонн нефти, в том числе утвержденные нормированные потери 1081 тонн нефти.

      Средняя цена при реализации нефти недропользователем (официальные котировки цен) в отчетном периоде составляла 50,49 долларов США, (4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 долларов США.

      169696,89 х на официальный курс национальной валюты Республики Казахстан к иностранной валюте, установленный Национальным Банком Республики Казахстан на день обнаружения ущерба = сумма ущерба.

      Пример 2.

      Недропользователем при разведке и добыче за отчетный период сожжено сырого газа в количестве 300 млн. м3. При этом газ имеет промышленное содержание компонентов, числящихся на Государственном балансе запасов полезных ископаемых и (или) содержание компонентов указанного в базовом проектном документе, анализе разработки или проектном документе, утвержденном до введения в действие Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании". На основании значений потенциальных содержаний, согласно утвержденных Государственной комиссией по запасам Республики Казахстан данных и (или) указанных в базовом проектном документе, анализе разработки или проектном документе, утвержденном до введения в действие Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании", определяем количество компонентов, в том числе сухого газа (метана). Потери компонентов – этан, пропан и (или) бутан, при потенциальном суммарном содержании 500 кг на 1000 м3 газа составляют 150000 тонн. Потери сухого газа и (или) метана при содержании 50 % составляют 150 млн. м3. Средняя стоимость официальных котировок цен по сухому газу (метана) в отчетном периоде составила 80 долларов США за 1000 м3, а по компонентам – этану, пропану и (или) бутану, 350 долларов США по каждому компоненту, за 1 тонну.

      Сумма ущерба:

      за сухой газ (метан): 150000000 х 80:1000 = 12000000 долларов США;

      за компоненты – этан, пропан и (или) бутан: 150000 х 350 = 52500000 долларов США;

      всего: 64500000 долларов США.

      64500000 х на официальный курс национальной валюты Республики Казахстан к иностранной валюте, установленный Национальным Банком Республики Казахстан на день обнаружения ущерба = сумма ущерба.