Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15640 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.09.2025 № 678 бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 10 тамыздағы
№ 548 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.09.2025 № 678 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі - тұрғын үй комиссиясы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) жанынан құрылатын, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық органдар болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібі

      3. Тұрғын үй комиссиясының құрамы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      4. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан құралады.

      5. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй комиссиясының төрағасынан, тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасарынан, тұрғын үй комиссиясының мүшелерінен және хатшысынан тұрады. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы мүше болып табылмайды.

      Ескерту. 5-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар:

      әлеуметтік жұмысты жетекшілік ететін орынбасарды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары;

      заң қызметінің басшысы (әскери бөлім командирінің құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі);

      қаржы қызметінің басшысы;

      кадр қызметінің басшысы;

      жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы (пәтер-пайдалану қызметінің бастығы);

      мемлекеттік мекеменің өкілдері кіреді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы немесе оның орынбасарларының бірі болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.09.2025 № 678 бұйрығымен.

      7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін қызмет басшысы болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 11.09.2025 № 678 бұйрығымен.

      8. Хатшы мемлекеттік мекеме құрылымдық бөлімшесінің әскери қызметшілері (азаматтық персонал адамдары) қатарынан тағайындалып, тұрғын үй комиссиясының қарауына арналған мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді.

      9. Тұрғын үй комиссиясы мынадай мәселелерді қарайды:

      1) әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғын жайға мұқтаж деп тану;

      2) әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй беру;

      3) әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау;

      4) әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру;

      5) бұған дейін жалға берілген қызметтік тұрғын үйді айырбастау;

      6) қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасау;

      7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген өзге де мәселелер.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 829 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәселелерді қарауды:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 829 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тұрғын үй комиссиясы айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Егер тұрғын үй комиссиясының отырысына тұрғын комиссиясының мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 829 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тұрғын үй комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан тұрғын үй комиссиясының мүшелері жалпы санының дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

      13. Тұрғын үй комиссиясының мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыс саны тең болған жағдайда тұрғын үй комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      14. Тұрғын үй комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және тұрғын үй комиссиясының төрағасы, хатшысы, қатысқан мүшелері қол қояды.

      Тұрғын үй комиссиясының хаттамасын тұрғын үй комиссиясының хатшысы еркін нысанда жүргізеді.

      15. Тұрғын үй комиссиясы өзінің қызметін мемлекеттік мекеме таратылған немесе қайта құрылған кезде тоқтатады.

Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 сентября 2017 года № 15640.

      В соответствии с частью второй пункта 4 статьи 77 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 11.09.2025 № 678.

      1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан.

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан (Жаксылыков Р.Ф.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Бисенкулова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования. 

      Министр
генерал-полковник полиции
К. Касымов

  Утверждены
приказом Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 10 августа 2017 года № 548

Правила
деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии МВД Республики Казахстан разработаны в соответствии с частью второй пункта 4 статьи 77 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и определяют порядок организации деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии МВД Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 11.09.2025 № 678.

      2. Жилищные комиссии Национальной гвардии Республики Казахстан (далее - жилищная комиссия) являются коллегиальными органами, создаваемыми при Главном командовании Национальной гвардии Республики Казахстан, региональных командованиях, воинских частях и Академии Национальной гвардии Республики Казахстан (далее – государственные учреждения), уполномоченными на вынесение решений по жилищным вопросам, действующими на постоянной основе.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 10.01.2023 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок организации деятельности жилищной комиссии

      3. Состав жилищной комиссии утверждается приказом руководителя государственного учреждения.

      4. Жилищная комиссия формируется из нечетного количества не менее пяти человек.

      5. Жилищная комиссия состоит из председателя жилищной комиссии, заместителя председателя жилищной комиссии, членов и секретаря жилищной комиссии. Секретарь жилищной комиссии не является ее членом.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 10.01.2023 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. В состав членов жилищной комиссии входит:

      заместители руководителя государственного учреждения, за исключением курирующих социальную работу;

      руководитель юридической службы (помощник командира воинской части по правовой работе);

      руководитель финансовой службы;

      руководитель кадровой службы;

      руководитель ответственного структурного подразделения (начальник квартирно-эксплуатационной службы);

      представители государственного учреждения.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 10.01.2023 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Председателем жилищной комиссии является первый руководитель государственного учреждения либо один из его заместителей.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 11.09.2025 № 678.

      7-1. Заместителем председателя жилищной комиссии назначается руководитель службы курирующий социальную работу.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 7-1 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 10.01.2023 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 11.09.2025 № 678.

      8. Секретарь назначается из числа военнослужащих (лиц гражданского персонала) структурного подразделения государственного учреждения, обеспечивающего подготовку вопросов для рассмотрения жилищной комиссии.

      9. Жилищная комиссия рассматривает вопросы:

      1) признания военнослужащих и членов их семей, нуждающимися в жилище;

      2) предоставления служебного жилища военнослужащим;

      3) назначения жилищных выплат военнослужащим;

      4) приватизации военнослужащим служебного жилища;

      5) обмена ранее предоставленного внаем служебного жилища;

      6) заключения договора найма служебного жилища;

      7) иные вопросы, установленные жилищным законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.09.2019 № 829 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Жилищная комиссия рассмотрение вопросов, указанных в пункте 9 настоящих Правил, осуществляет в порядке, установленными:

      Правилами обеспечения служебным жилищем военнослужащих, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 49;

      Правилами осуществления денежной компенсации, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 50;

      Правилами приватизации жилищ из государственного жилищного фонда, утвержденными постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673;

      Правилами предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.09.2019 № 829 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Жилищная комиссия заседает не реже одного раза в месяц. Заседания жилищной комиссии считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третьих от общего числа членов жилищной комиссии.

      Сноска. Пункт 11 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 25.09.2019 № 829 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Решения жилищной комиссии принимаются открытым голосованием большинством голосов от общего числа членов жилищной комиссии, присутствующих на ее заседании.

      13. Члены жилищной комиссии обладают равными голосами при принятии решения. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель жилищной комиссии.

      14. Решение жилищной комиссии оформляется в виде протокола, и подписываются председателем, секретарем, присутствующими членами жилищной комиссии.

      Протокол заседания жилищной комиссии ведется секретарем жилищной комиссии в произвольной форме.

      15. Жилищная комиссия прекращает свою деятельность при ликвидации либо реорганизации государственного учреждения.