Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15311 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 386 бұйрығымен
бекітілген

Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың жазаның осы түрін орындауға тартуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды ұйымдастыру тәртібі

      2. Жергілікті атқарушы орган сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) сотталған адамның тұрғылықты жерінде орналасқан белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындайды;

      2) сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға - күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығарады;

      3) пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімді жібереді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Жергілікті атқарушы орган:

      1) сотталған адамды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеудешемен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді;

      2) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жібереді;

      3) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлайды.

      Ескерту. 2-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қоғамдық жұмыстар сотталғандарды негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды. Кәмелетке толмаған сотталғандарға қатысты қоғамдық жұмыстар он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады және ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы - күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жергілікті атқарушы органдар сотталғанның жазаны өтеуден жалтару фактісін анықтаған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметін жазбаша түрде хабардар етеді.

  Жазалаудың осы түріне
сотталған адамдардың қоғамдық
жұмыстарды орындауын
ұйымдастыру қағидасына
қосымша
Нысан

      Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың кеудешесі нысанының үлгісі.

      Жарық шағылыстыратын бір жолағы бар және "ҚОҒАМҒА ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ", "ОТДАТЬ ДОЛГ ОБЩЕСТВУ" деген жазуы бар қызғылт сары түсті кеудеше (сурет).

      Сурет.



      Ескертпе: 1 – алдыңғы жағы; 2 – арқа жағы.


Об утверждении Правил организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 386. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июля 2017 года № 15311.

      В соответствии с подпунктом 12-10) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) части первой статьи 62 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.09.2025 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Правила организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания.

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных пунктами 1) и 2) настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Бисенкулова Б.Б. и Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Базылбеков А.Х.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
генерал-полковник полиции
К. Касымов

  Утверждены
приказом Министра
  внутренних дел
Республики Казахстан
от 02 06 2017 года № 386

Правила организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 12-10) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) части первой статьи 62 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок организации привлечения акимами района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа (далее - местные исполнительные органы) к выполнению общественных работ лиц, осужденных к данному виду наказания.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.09.2025 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок организации выполнение общественных работ

      2. Местный исполнительный орган в течение пяти рабочих дней со дня получения приговора или постановления суда:

      1) определяет вид общественно полезных бесплатных работ, не требующих определенной квалификации, а также объекты для их выполнения в общественных местах, расположенных по месту жительства осужденного, с учетом безопасности условий труда;

      2) издает распоряжение об организации выполнения общественных работ с указанием данных осужденного, вида неоплачиваемых общественно полезных работ, объекта для их исполнения, условий выполнения, ответственной организации, продолжительности отработки времени не более четырех часов в день, а осужденным, не имеющим постоянного места работы и не обучающимся в учебных заведениях, до восьми часов в день, но не более сорока часов в неделю, времени для отдыха;

      3) направляет в службу пробации уведомления о получении приговора или постановления суда и распоряжения об организации выполнения общественных работ.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 30.09.2025 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2-1. Местный исполнительный орган:

      1) обеспечивает осужденного жилетом, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам, а также оборудованием, инструментами и иными средствами, необходимыми для исполнения общественных работ;

      2) не позднее последнего рабочего дня текущего месяца направляет в службу пробации табель учета отработанного времени и акт выполненных работ, а также информацию о поведении осужденного;

      3) уведомляет службу пробации о факте уклонения осужденного от выполнения общественных работ.

      Сноска. Глава 2 дополнена пунктом 2-1 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 30.09.2025 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Общественные работы отбываются не свыше четырех часов в день с освобождением осужденного на время их отбывания от выполнения трудовых обязанностей по месту основной работы либо в свободное от учебы время.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 24.12.2018 № 880 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Срок наказания в виде привлечения к общественным работам исчисляется в часах, в течение которых осужденный выполнял общественные работы. В отношении несовершеннолетних осужденных общественные работы назначаются на срок от десяти до семидесяти пяти часов и заключаются в выполнении работ посильных для несовершеннолетнего, и исполняются ими в свободное от учебы или основной работы время. Продолжительность исполнения данного вида наказания лицами в возрасте до шестнадцати лет не может превышать два часа в день, а лицами в возрасте от шестнадцати до восемнадцати лет - три часа в день.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 24.12.2018 № 880 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Местные исполнительные органы в течение двух рабочих дней с момента выявления факта уклонении осужденного от отбывания наказания уведомляют в письменном виде службу пробации.

  Приложение
к Правилам организации
выполнения общественных
работ лицами, осужденными к
данному виду наказания

      Сноска. Правила дополнены приложением в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 30.09.2025 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Форма

      Образец формы жилета осужденных к наказанию в виде привлечения к общественным работам.

      Жилет оранжевого цвета с одной светоотражающей полосой и надписью "ҚОҒАМҒА ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ", "ОТДАТЬ ДОЛГ ОБЩЕСТВУ" (рисунок).

      Рисунок.

     


      Примечание: 1 – передняя часть; 2 – спина.