Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 17.12.2025 № 967/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 1174 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4707 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйекте № 38 "Отарқа" және № 38 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 916/8 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "2-1-тармағына" сандары мен сөзі "5-тармағына" санымен және сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы "коммерциялық" сөзі алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | К. Нукенов |