Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорықшылық қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қорықшылық қызметі аңшылық шаруашылығы субъектісі директорының бұйрығымен құрылады және оған (басшылыққа) бағынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қорықшылық қызметке аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері: аңшылық шаруашылығы директорлары, аға қорықшылар (болған жағдайда), қорықшылар жатады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебінен құрады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің жұмысы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына, осы Үлгілік ережеге негізделеді.
7. Қорықшылық қызметі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын аңшылық шаруашылығы субъектiсі әзiрлейдi және бекiтедi.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған тұлғалар қабылданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Аңшылық шаруашылығының субъектілері қорықшылық қызмет құрылғаннан немесе оның құрамы өзгергеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне тиісті ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қызметтік куәлігінің және омырауға тағатын белгісінің нөмірі көрсетілген қызметкерлердің тізімі) ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің өкілеттігi және
оның қызметінде пайдаланылатын құжаттары
10. Қорықшының құқықтары мен міндеттері:
Қорықшының:
1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға;
6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының аумағында көлік құралдарын тоқтатуға құқығы бар.
Қорықшы:
1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
2) аң аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;
5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;
6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;
7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.01.2022 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.11. Қорықшылық қызметінің жұмысында мынадай құжаттар пайдаланылады:
1) директор:
облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт;
"Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы;
аңшылық алқабының карта-схемасы;
аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары;
жануарларды есепке алу материалдары;
2) аға қорықшы (бар болса), қорықшы:
аңшылық шаруашылығы субъектісі, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік;
қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) бекітіп беру туралы аңшылық шаруашылығы субъектілері бұйрығының көшірмесі және оның карта-схемасы;
қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.