"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | А.Сәрінжіпов |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығымен бекітілген |
Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қоспағанда, білім беру ұйымдарында білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бар қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
4) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдарының желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
6) білім беру сапасы – білім беру қызметі тиімділігінің кешенді сипаттамасы, сондай-ақ білім алушы мен тәрбиеленуші даярлығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі;
7) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің даму жай-күйі туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) – мемлекеттік статистика және әкімшілік деректер негізінде өткен жылдың қорытындылары бойынша білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;
8) ұлттық статистикалық жинақ – әкімшілік деректер негізінде өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындылары бойынша деректердің білім беру жүйесінің статистикалық ақпаратын қамтитын ақпараттық-статистикалық жария құжат;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектілері мыналар болып табылады:
1) білім беру ұйымдары;
2) аудандық (қалалық) білім бөлімдері (бұдан әрі – білім бөлімдері);
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары).
4. Білім беру мониторингін жүзеге асырудың объектісі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру жүйесі болып табылады.
2-тарау. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
5. Білім беру мониторингі:
білім беру деңгейлері бойынша (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі);
қамту бойынша (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық);
ұйым нысаны бойынша (қашықтан, тікелей) жүзеге асырылады.
6. Білім беру мониторингі келесі түрде жүзеге асыралады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты жинау, жүйелі есепке алу, өңдеу, сондай-ақ сақтау, жаңарту және жинақтау арқылы білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі түрде бақылау;
орта білім беру ұйымдарындағы оқу процесін талдау және әдістемелік тұрғыдан түзету, педагогикалық қауымдастыққа практикалық көмек көрсету үшін білім басқармалары мен білім бөлімдерінің әдістемелік күндерді ұйымдастыруы және өткізуі;
әлеуметтік немесе мониторингтік зерттеулер ұйымдастыру (оның ішінде халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер үшін);
білім беру қызметінің нәтижелерін талдау (ұлттық бірыңғай тестілеу, оқушылардың қорытынды бағаларын, халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелерін талдау және салыстыру) түрінде жүзеге асырылады.
7. Құжаттар мен материалдарды жинау:
уәкілетті органның әкімшілік деректерінің;
мемлекеттік статистикалық есептіліктің;
білім беру сапасының динамикасына әсер ететін факторларға салыстырмалы талдау жүргізудің;
білім беру ұйымдарын лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу рәсімдері нәтижелерінің;
білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың білім беру мониторингін жүзеге асыратын субъектілер қызметін тексеру нәтижелері;
білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің;
ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің;
кешенді тестілеу нәтижелерінің;
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау туралы деректердің;
халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелерінің;
мониторингтік зерттеулер нәтижелерінің;
әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйелеріндегі ақпаратты жинақтау, жүйелі түрде есепке алу, өңдеу, сондай-ақ сақтау, жаңарту және жинақтау және қорғауды ұйымдастыру тәртібі мыналарды қамтиды:
1) білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектілерінің уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде әкімшілік деректерді енгізуі және/немесе өзектендіруі;
2) толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде мәліметті уақытылы толтыруы;
3) әкімшілік деректерді білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектісі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау;
4) уәкілетті органның жүйе мұрағатында сақтау үшін жыл сайын бір күнге әкімшілік деректерді тіркеуі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйелеріндегі немесе білім беру мониторингі субъектілерінің ақпараттық жүйесіндегі әкімшілік деректерді өзектендіру өзгерістердің туындау фактісі бойынша, бірақ олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей үнемі жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Уәкілетті орган жыл сайын қазан айында білім берудің барлық деңгейлері бойынша әкімшілік есептілікті қалыптастыру үшін білім уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде әкімшілік деректерді тіркеуді қамтамасыз етеді. Осы кезеңде уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде әкімшілік деректерді өзектендіру 10 (он) жұмыс күнге дейінгі мерзімге тоқтатылады. Әкімшілік деректерді тіркеу және өзектілендіруді тоқтата тұру мерзімдері туралы пайдаланушылар ақпараттандыру объектілерінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын хабардар етіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде немесе онымен интеграцияланған басқа ақпараттық жүйелерде деректерді толық, дұрыс және уақтылы толтыруды ұсынады және қамтамасыз етеді.
12. Білім беру мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.05.2026 № 129-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінің параметрлеріне түзетулер енгізеді;
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 желтоқсанға дейін Ұлттық баяндаманы жариялайды;
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейін ұлттық статистикалық жинақты жариялайды.