Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 09.11.2015 № 421 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 598 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 541 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3730 санымен тіркелген, аудандық "Мұғалжар" газетінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2 жарияланған) 
қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 
2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Аудан әкімі  | 
С.Шаңғұтов  | 
Мұғалжар ауданы әкімдігінің  | 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№  | 
Аудан атауы  | 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылатын балалар (саны)  | 
1  | 
Мұғалжар ауданы  | 
595  | 
Барлығы  | 
595  | 
Мұғалжар ауданы әкімдігінің  | 
Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)  | 
Мектепке дейінгі ұйымдар  | 
|||||
Балабақшалар(бөбекжайлар, орталықтар)  | 
||||||
Сүйық отынмен жылытылатын жылу жүйесі  | 
Қатты отынмен жылытылатын жылу жүйесі   | 
Электрқуатымен, көгілдір отынмен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылатын  | 
||||
Қалалық жерлерде  | 
Ауылдық жерлерде  | 
Қалалық жерлерде  | 
Ауылдық жерлерде  | 
Қалалық жерлерде  | 
Ауылдық жерлерде  | 
|
30800  | 
23885  | 
29420  | 
||||
Экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін 1,2 коэффициентін есепке алғанда  | 
||||||
34166  | 
33951  | 
29620  | 
30662  | 
|||