Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрі | |
____________ А. Сәрінжіпов | |
14 қараша 2014 жыл |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген |
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 09.06.2025 № 81 (16.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары (бұдан әрі – СДБМИ) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрақты құрам – оқушылардың контингентіне ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;
2) оқушы – ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;
3) топтар (оқу кезеңдері бойынша) – оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары;
4) үміткерлердің резервтік тізімі – тұрақты құрамға кірмеген ОРММИК мен СДБМИ түсуге үміткерлер, санды кему тәртібімен жиналған баллдардың сомасы бойынша.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес әзірленген жұмыс оқу жоспарларымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
3-1. ОРММИК және СДБМИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы), "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" бұйрығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрығын, осы Қағидалар мен ОРММИК және СДБМИ жарғысын басшылыққа алады.
Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда "Білім туралы" Заңының 37-2-бабының 2-тармағына сәйкес ОРММИК және СДБМИ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.
Ескерту. Қағидалар 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Оқушылар контингентін жинақтау тәртібі
4. Спорт түрлерінің тізбесі мен республикалық ОРММИК оқушылар контингентін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуі бойынша республикалық ОРММИК басшылары бекітеді.
Спорт түрлерінің тізбесін және оқушылар контингентін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ басшылары дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша бекітеді.
5. ОРММИК және СДБМИ-ге қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 169 бұйрығымен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36792 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. ОРММИК және СДБМИ контингенті басқа ОРММИК және СДБМИ-де, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан кему ретімен алынған баллдар сомасы бойынша жинақталады.
Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша үміткерлердің резервтік тізімге енгізу конкурстық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер ОРММИК және СДБМИ тұрақты құрамына оқу жылының ішінде бос орын болған жағдайда кему ретімен алынған баллдар сомасы бойынша қабылданады.
Бос орындардың болуы туралы ақпарат ақпараттық стендтерде және ОРММИК және СДБМИ интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. ОРММИК және СДБМИ білім алушылары келесі негіздер бойынша оқудан шығарылады:
1) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімі бойынша;
2) денсаулық жағдайы бойынша (тиісті медициналық қорытынды негізінде);
3) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
4) академиялық үлгермеушілік үшін;
5) оқу тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, спорттық даярлық режимін бұзғаны үшін;
6) спорттық нәтижелердің төмендеуі себебінен;
7) спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолданғаны үшін (допинг).
8-1. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды ОРММИК-ке ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3 тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі
9. ОРММИК және СДБМИ-де негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасына, спорт түрі бойынша жаттығу және жарыс дағдыларына сәйкес қажетті білім көлемін алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 129 "Спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес іске асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. ОРММИК және СДБМИ-дегі оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін жоспарлау ОРММИК және СДБМИ басшысының оқу жылына оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері кестесін және теориялық және тәжірибелік сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
11. Оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар, жеке жоспар бойынша жұмыс, медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға, матчтық кездесулерге, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық сауықтыру лагерлерінде болу, нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе болып табылады.
ОРММИК және СДБМИ-дегі спорт түрлері бойынша бөлімшелерінде оқу-жаттығу сабақтары 52 оқу аптасына есептелген оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
12. ОРММИК және СДБМИ оқушыларды:
тұрғын орынмен;
тамақтанумен;
спорт формасымен және арнайы спорт киім-кешектерімен;
спорттық мүкәммал және құрал-жабдықтармен;
оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу-әдістемелік кешенімен;
оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысу кезеңдегі іссапар шығындарымен;
фармакологиялық қамтамасыз етумен;
жаттығу сабақтарына тасымалдау үшін көлік қызметімен қамтамасыз етеді.
13. ОРММИК және СДБМИ-да дене тәрбиесі сабақтары оған бөлінген оқу сағаттары шеңберінде таңдалған спорт түрі бойынша оқу-жаттығу процесі нысанында өткізіледі және мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатта дене тәрбиесі пәні ретінде көрсетіледі.
14. Спортшыларды тамақтандыруды және фармакологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
14-1. Білім алушыларды оқу-жаттығу процестері мен жарыстарда спорттық жабдықтармен, мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 "Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі
15. ОРММИК және СДБМИ-де қызметкерлерді жасақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) және "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
16. Педагогикалық қызметпен айналысуға тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлғалар жіберіледі.
Республикалық ОРММИК жаттықтырушы-оқытушылық қызметке біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттан төмен емес жаттықтырушы-оқытушылар жіберіледі. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ-на біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттан төмен емес немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы бар біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Басшы, басшының орынбасарлары, ОРММИК және СДБМИ әдіскерлері тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушылық-оқытушылық жұмыс жүргізеді.
18. ОРММИК және СДБМИ-де білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. ОРММИК және СДБМИ алқалы басқару нысандары педагогикалық және қамқоршылық кеңестер болып табылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. ОРММИК және СДБМИ-де оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесі, білім алушыларды даярлауды жеке жоспарлау, спорттық жарыстарға қатысу мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесінің әдістемесін жетілдіру, кейіннен оларды талқылай және тәжірибе алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу жөніндегі хабарламалары мен баяндамаларын тыңдайтын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
21. ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесін, оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде күнделікті оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесі оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті ұзақтықты үзілістерді қарастырады.
22. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Медициналық персонал білім алушылардың денсаулығын қорғауды және нығайтуды, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды, профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушылардың тәулік бойы болуын ескере отырып, гигиеналық негізделген жұмыс режимін ұйымдастырады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Медициналық қамтамасыз ету, функционалды диагностика және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін ОРММИК және СДБМИ медициналық бөлімшемен (кабинетпен), қажетті ғимаратпен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалар 26-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Туризм және спорт министрінің 14.04.2026 № 61 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша)
топтар (оқу кезеңдері бойынша) | оқу кезеңдері | аптасына сағат саны | спорт түрлері бойынша топтардағы (оқу кезеңдері бойынша) адам саны (ең аз саны) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
бірінші топ | екінші топ | үшінші топ | төртінші топ | бесінші топ | |||
жоғары спорт шеберлігі | кезең бойы |
32 сағат | 3 | 5 | 4 | 2 | 2 |
спорттық жетілдіру | бірінші оқу жылы | 24 сағат | 5 | 6 | 6 | 2 | 3 |
екінші оқу жылы | 26 сағат | 4 | 6 | 5 | 2 | 3 | |
екі жылдан астам оқу | 28 сағат | 4 | 6 | 5 | 2 | 3 | |
оқу-жаттығу | үшінші оқу жылы | 18 сағат | 6 | 10 | 8 | 3 | 4 |
үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 6 | 10 | 8 | 3 | 3 | |
Ескертпе:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: биатлон, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты, шорт-трек, жеңіл атлетикалық көпсайыс, сырықпен лақтыру және секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен секіру, жүзу, әртістік (синхронды) жүзу, өрмелеу, садақ ату, оқ ату, стендтік ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол, маутинбайк), триатлон, үстел теннисі;
2) екінші топ: олимпиадалық ойын спорты;
3) үшінші топ: барлық басқа олимпиадалық спорт түрлері;
4) төртінші топ: слалом есу, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис.