"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8524 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2.07.2013 ж. № 161 (28100) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Тұрғанқұлов |
Хатшы |
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 11/236 қаулысымен бекітілген |
Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында мынадай құжаттар сақталуға және кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсырылуға тиіс:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары және оларға қосымшалар;
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер;
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімдері;
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы саяси партиялардың жоғары органдарының хаттамаларынан үзінді көшірмелер;
Қазақстан Республикасы астанасының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау туралы хаттамалары және оларға қосымшалар;
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.12.2022 № 132/627 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейін астананың, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтеріне мынадай құжаттарды:
аумақтық жәіне округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмелерді;
мәслихаттар депутаттарын сайлау нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидатты (бұдан әрі – әкім болуға кандидат) ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмелерді;
Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін (бұдан әрі - әкімдер) сайлау жөніндегі сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы актілерді (бұдан әрі - акт) осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша;
жоғары тұрған әкімнің азаматты әкім болуға кандидат етіп ұсыну туралы ұсынысын;
аумақтық сайлау комиссияларының әкімдерді сайлау нәтижелері туралы хаттамаларын;
сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдерін;
жеке және заңды тұлғалардың аумақтық сайлау комиссияларына келіп түскен өтініштерін сақтауға тапсырады;
округтік сайлау комиссияларының құжаттарын тиісті аумақтық сайлау комиссияларына береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Әскери бөлімдерде құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құжаттары әскери бөлімдердің істерінде сақталады.
4. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиобағдарламалардың (хабарлардың) бейне- және дыбысжазбалары құпия ақпарат құқығы негізінде тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында сақталады және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы не Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық комиссиялары сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына сақтауға жіберіледі.
5. Белгіленген мерзім өткеннен кейін сақтауға жатпайтын құжаттар осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша жойылады.
6. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куәліктері мен оларға қатысты құжаттарды Қазақстан Республикасы астанасының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі бір ай бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары, әкім болуға кандидатты қолдауға арналған қол қою парақтары Қазақстан Республикасының Президенттігіне, әкім болуға кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен сайлау комиссиясы жояды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде сақталады, содан кейін сайлау комиссиясы жояды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған, сайлау комиссиясы жарамсыз деп таныған қол қою парақтары жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні бойы сақталады, содан кейін жойылады. Бұл ретте кері шақырып алу бастамашысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу үшін оған берілген қол қою парақтарын кері қайтармаған жағдайда сайлау комиссиясы тиісті акт жасайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды сайлау қорытындылары анықталып, жарияланғаннан кейін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдарға аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі бір ай бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.12.2022 № 132/627 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.8. Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық шіріту, қалыпсыз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
9. Бөгде адамдарды жойылған құжаттармен таныстыруға, олардың мазмұнын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіндей етіп, толық жоймауға болмайды.
| Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларына қосымша |
|
| нысан |
Атауы |
Бекітемін |
Сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы
Р/б № | Істің тақырыбы немесе істердің топтық тақырыбы | Істің күні немесе істердің соңғы күндері | Істің тізімдеме бойынша № | Істердің (томдардың, бөліктердің) саны | Істің (томның, бөліктің) сақталу мерзімдері және Тізбе бойынша тармақтарының (тармақшаларының) нөмірлері | Ескертпе |
______ жылғы _______ істер мен құжаттардың барлығы
____________________________
(цифрлармен және сандармен)
Күні Қолы Қолының толық жазылуы
Құжаттар саны ______ іс, салмағы ______ кг, _____ № _________________
қабылдау-тапсыру құжаты бойынша қайта өңдеуге ________ тапсырылды.
Құжаттарды тапсырған ұйым қызметкері
лауазымының атауы
Күні Қолы Қолының толық жазылуы
Қолжеткізілімі шектеулі, құпия ақпарат құқығы негізінде сақталған құжаттарды жағу кезінде __________________ қатысты.
Сайлау комиссиясы
өкілінің лауазымы Қолы Қолының толық жазылуы