Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 04.12.2025 № 266 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған актінің кіріспесіндегі "5-бабының 4) тармақшасына" деген сөздер "5-бабының 7) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |