Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/4 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" N 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 99-IV (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13-10-81 бойынша 2009 жылғы 17 сәуірден тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы № 20 "Знамя труда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес 2008 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкалары 4 қосымша бойынша белгілеу";
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
| Аудандық мәслихаттың | Аудандық |
| сессиясының төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
| О. Бикина | А. Қошанов |
КЕЛІСІЛГЕН
"Мамлют аудандық бойынша
Салық баскармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығы
С. Жансейітов
КЕЛІСІЛГЕН
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют аудандық
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
Р. Ғаббасов
| Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 40/2 шешіміне қосымша Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне қосымша |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың ай сайынғы ставка |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | |
Ойын жолы | |
Карт | |
Бильярд үстелі |