Қолданушылар назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жәмішев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн
енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі
Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.
1. Осы Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектiлерi деректерiн және мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзу мерзімдерін енгiзу тәртібін анықтайтын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;
4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау;
5) сәйкестендіргіш – электрондық есептің бірегей нөмірі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2021 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Тізілімге қосу үшін:
мемлекеттік заңды тұлғалар есепті жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік құпияларға жатқызылған мүлік туралы ақпаратты немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қоспағанда, олардың теңгерімінде бекітілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсынады;
мемлекеттік мекемелер "Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 230 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.03.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте тапсыруға қалыптастырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жасалады. Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 230 бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады; 2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Бірыңғай оператор электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасында көрсетілген электрондық мекенжайға Тізілімге электрондық есепті қосу немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны жібереді.
7. Бірыңғай оператордың электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электрондық хабарламасы басып шығаруға, бірінші басшы мен бас бухгалтердің қол қоюына және ұйымда сақталуына жатады.
8. Осы Әдістеменің 4, 5-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаның талаптарын сақтамау Бірыңғай оператордың электрондық есепті қабылдаудан бас тарту негізі болып табылады.
9. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректерімен жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық есебінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік анықталады:
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-тарауымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген, соның ішінде жаңадан құрылған;
Заңның 4-тарауымен белгіленген тәртіпте тіркелген, оған қатысты реконструкциялау, жаңадан жоспарлау, объектінің құрамының өзгерісі немесе мақсаты жүзеге асырылған және кейіннен мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген;
балансында тұрған және мемлекеттік заңды тұлғаларға одан әрі бекітіп беру үшін құқық орнатушы құжаттары жоқ (қаржылық жалдауға алынғанды қоспағанда) жылжымайтын мүлік айқындалады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес салыстыру нәтижесінде айқындалған жылжымайтын мүлік жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай оператор есептік жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде электрондық форматта:
1) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін мемлекеттік мекемелер бойынша:
тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мекемелер бойынша);
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық мекемелер бойынша);
аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық мекемелер бойынша);
жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікін басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық мекемелері бойынша);
2) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша шығындарды дамыту жоспарларына қосу үшін мемлекеттік кәсіпорындар бойынша:
тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық кәсіпорындар бойынша);
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық кәсіпорындар бойынша);
аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық кәсіпорындар бойынша);
жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорындары бойынша) жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 30.05.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 10954 болып тіркелген) Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.
Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Мемлекеттік заңды тұлғалар олардың теңгерімінде бекітілген жылжымайтын мүлікті паспорттау жүргізу бойынша шаралар қабылдайды. Жылжымайтын мүлікті паспорттау бойынша іс-шараларды мемлекеттік мекемелер жыл ішінде бекітілген қаржы жоспарларына, ал мемлекеттік кәсіпорындар бекітілген даму жоспарларына сәйкес жүргізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.| Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне 1-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан "20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат"
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20___ жылғы есепті кезең
Индекс: 1-ЖА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы:______________________________
Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:___________________________
Ұйымның заңды мекенжайы:____________________________________
| мың теңге |
Мүлік түрі | Саны | Алғашқы құн | Жинақталған амортизация | Құнсызданудан шығындар | Теңгерім құны (3-баған - 4- баған 5- баған) | Қайта Бағалау сомасы (+/-) | Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған) | Техникалық паспорттары бар объектілер саны | Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны | Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. Ғимараттар, жерлер** | ||||||||||
Тұрғын емес ғимараттар | ||||||||||
Тұрғын ғимараттар | ||||||||||
Жер | х | *** | ||||||||
2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар) | ||||||||||
3. Беру қондырғылары | ||||||||||
Электр беру және байланыс қондырғылары | ||||||||||
Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері | ||||||||||
4. Көлік құралдары | ||||||||||
Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы | ||||||||||
Су көлігі | ||||||||||
Автомобиль көлігі | ||||||||||
Әуе көлігі | ||||||||||
Ат көлігі | ||||||||||
Өндірістік көлік | ||||||||||
Спорттық көлік | ||||||||||
5. Машиналар және жабдық | ||||||||||
Күш машиналары және жабдық | ||||||||||
Жұмыс машиналары және жабдық | ||||||||||
Өлшеу аспаптары | ||||||||||
Реттеуші аспаптар және қондырғылар | ||||||||||
Лабораториялық жабдық | ||||||||||
Компьютерлік жабдық | ||||||||||
Медициналық жабдық | ||||||||||
Кеңсе жабдығы | ||||||||||
Өзге де машиналар және жабдық | ||||||||||
6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүк- әммал* | ||||||||||
Құралдар | ||||||||||
Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар | ||||||||||
Шаруашылық мүкәммал | ||||||||||
Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәм- мал | ||||||||||
7. Өзге де негізгі құралдар | ||||||||||
Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар жасанды көп жылдық отырғызулар | ||||||||||
Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар | ||||||||||
Өзге де мүкәммал | ||||||||||
Жұмыс малы | ||||||||||
Өзге де негізгі құралдар | ||||||||||
8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік** | ||||||||||
Тұрғын емес ғимараттар | ||||||||||
Тұрғын ғимараттар | ||||||||||
Жер | х | |||||||||
9. Биологиялық активтер | ||||||||||
Жануарлар | ||||||||||
Көп жылдық отырғызулар | ||||||||||
10. Материалдық емес активтер | ||||||||||
Бағдарламалық қамтамасыз ету | ||||||||||
Авторлық құқықтар | ||||||||||
Лицензиялық келісім | ||||||||||
Патенттер | ||||||||||
Өзге де материалдық емес активтер | ||||||||||
11. Мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері | х | х | х | |||||||
Электрондық ақпараттық ресурстар | х | х | х | |||||||
Бағдарламалық қамтамасыз ету | х | х | х | |||||||
Интернет-ресурс және ақпараттық-коммуника циялық инфрақұрылым | х | х | х | |||||||
12. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
Ескертпе:
1 осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес;
2 * жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып;
3 ** "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі;
x бұл жайғасым толтыруға жатпайды.
Бірінші басшы___________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)
Бас бухгалтер__________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)
Мөр орны
"20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.
4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі (3-баған - 4- баған - 5-баған).
9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.
10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).
11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.
Ескерту. Әдістеме 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.08 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АҚ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Үй-жайдың атауы | Мемлекеттік заңды тұлға қызметкерлерінің саны | Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың ауданы, ш. м. | Үй-жайдың нақты ауданы, ш. м. | Бекітілген нормативтерге сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаны орналастыру үшін қажетті аудан, ш. м. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпе:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат"
қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Ш.м. – шаршы метр
| Нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат"
(Индекс: 1- АҚ, кезеңділігі: жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат" нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.
5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).
Ескерту. Әдістеме 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.08 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АА
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде
р/с № | Ғимараттың немесе үй-жайдың атауы | Ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері | Ғимараттың кадастрлық нөмірі | Ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың бір бөлігі немесе ғимараттағы үй-жайлар және сол сияқты) | Мемлекеттік заңды тұлғаны орналастыру туралы мәліметтер | Мемлекеттік заңды тұлға орналасқан ғимараттың немесе үй-жайдың ауданы, ш. м. | Жалға берілетін алаңның 1 ш. м. құны, теңге * | Ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар, бір айға, теңге * | Есепті жылы ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар, теңге * | |||
Жедел жүргізу немесе шаруашылық басқару құқығымен бекітілген ғимарат немесе үй-жай | Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жайларында орналастырылған | Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және/немесе жеке тұлғалардан жалға алынған | Жалпы ауданы | Пайдалы аудан | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Ескертпелер:
* 11, 12 және 13 бағандарды жалға алынатын үй-жайы бар болған жағдайда
мемлекеттік мекемелер ғана толтырады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-
жайлардың алаңдары" қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Ш.м. – шаршы метр
| Нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат"
(Индекс: 1-АА, кезеңділігі:жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.
8. Нысанның 6, 7, 8 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. Нысанның 9, 10 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлға алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.
10. Нысанның 11-бағанында жалға алынған алаңның 1 шаршы метрі үшін құны көрсетіледі.
11. 12-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
12. 13-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Ескерту. Әдістеме 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.11.2016 № 623; жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АЖ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде
р/с № | Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы |
Қызметтік немесе кезекші | Маркасы, моделі, модификациясы | Мемлекеттік нөмірі | Қозғалтқыш көлемі, текше см |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Автокөліктің тиесілігі туралы мәліметтер |
|
| ||
Жедел немесе шаруашылық басқару құқығына бекітілген автомобиль | Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың пайдалануына берілді | Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және (немесе) жеке тұлғалардан жалға алынатын | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат"
қосымшада берілген.
Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________
Телефон
Электрондық пошта мекенжайы
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Текше см – текше сантиметр
| Нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат"
(Индекс: 1- АЖ, кезеңділігі:жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1 - бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2 - бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
5. Нысанның 3 - бағанында қызметтік немесе кезекші автомобиль (оның ішінде автобустар) көрсетіледі.
6. Нысанның 4 - бағанында автомобильдің маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.
7. Нысанның 5 - бағанында автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында автомобиль қозғалтқышының көлемі текше см көрсетіледі.
9. Нысанның 7, 8, 9 - бағандарында автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
10. 10 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
11. 11 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-қосымшамен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2026 № 307 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.