РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған келісім шарттарды тіркеу және келісім шарттарды бұзу жөніндегі ақпараттарды уәкілетті органға ұсыну туралы Ережелері бекітілсін (бұдан әрі - Ережелер).
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Күрішбаев |
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ретін анықтайды және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының негізінде әзірленген.
2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылары мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жануарлар дүниесін пайдалану шарттарын (бұдан әрі – шарт) тіркеуді аңшылық алқаптар орналасқан жері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – инспекция) жүргізеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 12.11.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарлары пайдаланушыларымен жеке және заңды тұлғалар арасында бекітілетін шарттар тіркеуге жатады.
2. Шарттарды тіркеу
4. Пайдаланушы жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар арасында шарт бекітілгеннен кейін он жұмыс күн барысында Инспекцияға осы Ережелерге қосымшаға сәйкес нысанасы бойынша өтініш береді.
5. Өтінішке келесі құжаттар қосымша беріледі:
1) шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
2) шартты бекіткен тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің көшірмелері, заңнамамен бекіткен тәртіп бойынша куәландырылған (заңды тұлғалар үшін);
3) жеке куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
6. Мемлекеттік тіркеудің ресми растауы жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын тіркейтін Журналына мәліметтерді енгізу болып табылады. Тіркеу өтініш білдірген күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде жасалады.
7. Өтініш беруші осы Ережедегі 5 тармақта көрсетілген қажетті толық құжаттар пакетін бермеген жағдайда тіркеу жасалмайды. Тіркеуді жасамау туралы шешім өтініш берушіге 2 жұмыс күн ішінде жазбаша түрде хабарланады.
3. Қорытынды ережелер
8. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттары бұзылған жағдайда, 10 жұмыс күн ішінде жазбаша ақпаратты Инспекцияға жолдайды.
4. Шағымды қарау тәртібі
9. Егер жануарлар дүниесін пайдалану шартын осы Ережеде бекітілген мерзімде тіркеу жүргізілмесе, жануарлар дүниесін пайдаланушы уәкілетті органға жазбаша түрде шағым жібере алады.
Қабылданған шағым есепке алу және шағымдар журналында тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес тыңдау тәртібін көздей отырып, ӘРПК 13-тарауында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Шағымды қарастыру нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы берілген шешімге жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануына болады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 12.11.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарлары пайдаланушыларымен жеке және заңды тұлғалар арасында шарттарды тіркеу Ережелеріне Қосымша |
Нысан
Бастығына _________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (Тегі, инициалдар) ___________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, ___________________________________________________________________ тұратын орны; заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, ___________________________________________________________________ тұратын жері) телефон: _________________ Өтініш Мен (Біз) _________________________________________________________ (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________________________________ заңды тұлға үшін - атауы) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы және банк реквизиттары) ___________________________________________________________________ бекіткен балық ресурстарын пайдалану үшін шартты тіркеуді өтінемін (өтінеміз) Өтінішке қосымша беріледі 1. __________________ 2. __________________ 3. __________________ "___" 20______ жылы ____________________ (өтініш берушінің қолы) |