Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 27 және 28-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 20.10.2015 № 43/76 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімнің (бұдан әрі - әкім), сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Сайлау алдындағы үгітті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асырудың және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын ақпараттық қамтамасыз етудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 11 тамыздағы N 124/158 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 3016) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2007 жылғы 25 маусым
| Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысымен бекітілген |
Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін (бұдан әрі - әкімдер) және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы бойынша сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың, сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, кинодокументалистика, дыбысбейне жазба және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз бұқаралық таратудың өзге де нысаны;
сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету – сайлау алдындағы үгітті қоспағанда, сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу барысы туралы сайлаушыларды жедел және кеңінен хабардар етуге бағытталған шаралар кешені;
сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу мақсатындағы қызмет;
сөз сөйлеу - кандидаттардың, тиісінше партиялық тізімдері мен кандидаттарын ұсынған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің, сондай-ақ сенім білдірген адамдардың сайлау алдындағы бағдарламасы баяндалған сайлаушыларға жеке үндеуі;
сайлау алдындағы пікірсайыс - Президенттікке екі және одан көп кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, әкімдікке кандидаттардың түрлі қоғамдық маңызды мәселелер, оның ішінде олардың сайлау алдындағы бағдарламаларына қатысты мәселелер бойынша жария пікірлер алмасуы.
онлайн-платформа - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисін қоспағанда, белгілерді және (немесе) сигналдарды және (немесе) дауыстық ақпаратты және (немесе) жазбаша мәтінді және (немесе) кескінді және (немесе) дыбыстарды және (немесе) хабарларды орналастыру, қабылдау және (немесе) нақты айқындалған немесе айқындалмаған тұлғалар тобына беру арқылы пайдаланушының өзі жасаған дербес парақшасы арқылы ақпарат таратуына арналған интернет-ресурс және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі.
2-тарау. Сайлау алдындағы үгітті БАҚ-пен, онлайн-платформалар арқылы жүзеге асыру тәртібі
3. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.
Сайлау алдындағы үгіт Президенттікке, Құрылтай депутаттығына, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынған саяси партиялардың партиялық тізімдерін, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайта дауыс беруді өткізген кезде сайлау алдындағы үгіт қайта дауыс беру күні тағайындалған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік беріледі.
Сенім білдірген адамдар сайлау алдындағы үгітті жүргізе алады.
4. Сайлау алдындағы үгіт басталған сәттен бастап Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат, жаңалық және талдау бағдарламаларын қоспағанда, кандидаттардың немесе саяси партиялардың сайлау қорынан не жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау қорынан төленуге тиіс.
Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарынан басқасын тегін таратуға жол берілмейді.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, онлайн-платформалардағы сайлау алдындағы үгіт:
1) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидатты, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне белгілі бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру үндеулерін;
2) сайлаушы дауыс беретін Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне қандай да бір кандидатқа қатысты артықшылық жасауды;
3) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатты сайлаудың немесе сайламаудың мүмкін салдарларын сипаттауды;
4) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат туралы жағымды не жағымсыз аргументтелген көрінеу басым мәліметтерді қамтитын материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарының жарыққа шығару (эфирге шығару), сондай-ақ ақпаратты пайдаланушының тарату жөніндегі қызметі танылады.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, онлайн-платформалардағы сайлау алдындағы үгіт:
1) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидатты, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне белгілі бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру үндеулерін;
2) сайлаушы дауыс беретін Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне қандай да бір кандидатқа қатысты артықшылық жасауды;
3) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатты сайлаудың немесе сайламаудың мүмкін салдарларын сипаттауды;
4) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат туралы жағымды не жағымсыз аргументтелген көрінеу басым мәліметтерді қамтитын материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарының жарыққа шығару (эфирге шығару), сондай-ақ ақпаратты пайдаланушының тарату жөніндегі қызметі танылады.
6. Сайлау күні және оның қарсаңындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітті жүргізуге жол берілмейді.
Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.
7. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар үшін бірдей болып табылады.
8. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы Президенттікке, кандидаттарды, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды идеяларын насихаттаса, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақырса оларды жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады.
9. Конституциялық заңның 28-бабының 8-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының лауазымды адамдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген материалдар жарияланған жағдайларды қоспағанда, кандидаттардың сайлау алдындағы науқаны барысында айтқандары үшін жауап бермейді.
10. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сайлау алдындағы науқан барысында Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың материалында кандидаттардың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, аталған адамдарға олардың абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін бере отырып, олардың үгіт материалдарын және өзге ақпаратын жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады.
Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар бұқаралық ақпарат құралы редакциясының, онлайн-платформаны пайдаланушының талабы бойынша үгіт материалдарында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды тапсырады.
Үгіт материалдарын жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан), жариялаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Қандай да бір адамның бейнесін оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізуге жол берілмейді.
Телерадиотарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында үгіт материалдарын таратуына жол берілмейді.
Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың Президенттікке, Құрылтай және мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
11. Мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;
4) діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді.
3-тарау. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін мемлекет қаржыландыратын эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру тәртібі
12. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді.
4-тарау. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ әкімдікке өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатқа шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру тәртібі
13. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.
Онлайн-платформаларды пайдаланушылар шарттық негізде тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, өзінің интернет-ресурстарын, онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын кандидаттар мен саяси партияларды қоспағанда, үгіт материалдарын жариялау үшін ақпарат көлемін ұсынады.
14. Кандидаттарға немесе саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беру үшін кандидаттың куәлігі, хабар беруді (эфирге шығаруды) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына, онлайн-платформаны пайдаланушының атына жазылған жеке жазбаша өтініші немесе Орталық не тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
15. Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық туғызбауға тиіс.
16. Бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға үгіт материалдарын орналастыруға берген келісімі басқа кандидаттарға, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім болып табылады.
17. Кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не, егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді.
Партиялық тізімдерді ұсынған кандидаттар мен саяси партиялар жазбаша өтініштерінде қай кезде сөз сөйлейтінін жорамалдайтын күнін, уақытын көрсетеді.
Осы ұсыныстардың негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттардың немесе саяси партиялардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беру кестесін белгілейді.
18. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беру кестесін бұқаралық ақпарат құралының, онлайн-платформаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаны пайдаланушы әзірлейді. Осы кестеге кандидаттардың немесе саяси партиялардың жарнама және үгіт материалдарын жариялау да енгізіледі.
Кандидаттардың немесе саяси партиялардың үгіт материалдарын жарыққа шығарудың (эфирге шығарудың) күні мен уақыты көрсетілген кестенің көшірмесі Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына, кестеге бір тәулік ішінде ұсынылуы тиіс өзгерістердің енгізілуін қоспағанда, үш күн ішінде жіберіледі.
19. Кандидаттардың және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия өкілінің теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге және сөйлеген сөздеріне іле-шала сол күні, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздеріне сол нөмірде түсініктеме жасауға жол берілмейді.
20. Республикалық мерзімді баспасөз басылымдары мәслихат депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Құрылтай, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы материалдарын тиісті облыста, қалада, ауданда қосымша парақтарды (беттерді) басу арқылы таратады.
21. Төлем мөлшері туралы мәліметтерді, үгіт материалдарын орналастыру шарттарын тиісті бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихат депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде - өзге де аумақтық сайлау комиссияларына беруге тиіс.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынған төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтер орналастырылады. Шарттық негізде эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.
22. Барлық үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым (баспа материалдары бойынша - олардың басып шығарылған орны және таралымы бойынша), тапсырысты жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы науқанға дайындалмаған материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
Ақпараттандыру тәсілін бұқаралық ақпарат құралы редакциясы және онлайн-платформаны пайдаланушы айқындайды.
Онлайн-платформаларға қатысты осы тармақтың талаптары, егер онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын шарттық негізде дайындаған жағдайда қолданылады.
23. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың үгіт материалдарының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат шығару (эфирге шығу), онлайн-платформаларда ақпарат көлемін жариялау құны жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттардың сайлау қорынан немесе саяси партиядан төленеді.
Құны кандидаттың не саяси партияның сайлау қорынан өзге қаражат есебінен төленген үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында шығаруға (эфирге шығуға), ақпарат көлемін онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.
24. Президенттікке кандидаттар, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, әкімдікке кандидаттар тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы теледидардағы пікірсайыстарға қатыса алады.
25. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырады.
5-тарау. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі
26. Бұқаралық ақпарат құралдары барлық Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, сондай-ақ әкімдікке кандидаттарды, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды ұсыну, оларды тиісті сайлау комиссияларының тіркеуі, сондай-ақ кандидаттарды немесе саяси партияларды қолдап өткізілетін сайлау алдындағы үгіт іс-шаралары туралы ақпаратты баспасөз бетінен орынның, эфир уақытының бірдей көлемінде таратады.
Осы жарияланымдар, жаңалықтар мен талдау бағдарламаларының сюжеттері сайлау алдындағы үгіт белгілерін қамтымауға тиіс және кандидаттардың немесе саяси партиялардың сайлау қорлары қаражатынан төлеуді қажет етпейді.
27. Мерзімді баспасөз басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын, Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке кандидаттардың, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың деректерін "Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17426 болып тіркелген) Сайлау комиссияларының хабарларын мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және көлемде жариялайды.
Осы хабарларды мерзімді баспасөз басылымының бір нөмірінде, ал едәуір көлемді болса, басылымға қосымша ретінде жариялау қажет.
28. Бұқаралық ақпарат құралдары тиісті сайлау комиссияларына сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты және Конституциялық заңда белгіленген хабарламаларды дереу жариялауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты мерзімді баспа басылымдарының редакциясында баспа өнімінің келесі нөмірі шығарылғанға дейінгі күні сағат 15-ке дейін оны кейіннен жариялау үшін жолдау қажет.
29. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауды жүзеге асыруы; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан бас тартуы; аталған адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды сол көлемде сол көлемде тегін жариялау мүмкіндігін беруі қажет, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабарлама немесе материал орналастырылған жерде. Радио және теледидар арқылы теріске шығару және теріске шығару тәуліктің бір мезгілінде және теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты теле-, радио бағдарламада, ал көрсетілген теле -, радиобағдарлама өзге теле-, радиобағдарламада жабылған жағдайларда және тиісті тақырыптық бағытта берілуі тиіс.
Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабарламаның немесе материалдың көлемінен екі немесе одан да көп болуы мүмкін емес.
Өтінішке кең таралған материалдарды кандидаттардың, саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін қоса беру қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары кандидаттардың сайлау науқанын жариялау кезінде олардың ешқайсысына артықшылық жасамай, кандидаттардың қызметін жариялаудағы теңдік пен тепе-теңдік қағидаттарын басшылыққа алады.
30. Ақпараттық теле- және радиохабарларда, жарияланымдарда, мерзімді баспасөз басылымдарында сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу туралы хабарлар қандай болмасын Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ әкімдікке кандидаттарға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатқа артықшылық берусіз не алалаусыз берілуі қажет.
Артықшылық беру немесе алалау деп нақты кандидат немесе саяси партия туралы, мерзімді баспасөз басылымының жеке нөміріндегі көлемі бойынша басым, жеке телерадиохабардағы көлемі бойынша басым және арнайы әсерлермен ерекшелендірілген оң да, келеңсіз де сипаттағы хабарларды, жаңалықтар дикторының мәтініне кандидаттың немесе саяси партияның оларға үндеулер мен өтініштерді бағалауын енгізу деп түсінген жөн.
31. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының не олардың сенім білдірген адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуге қатысуына құқығы жоқ.
Егер Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау тізіміне енгізілген адам не Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың сенім білдірген адамы бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) болып табылса, оның өкілеттіктері сайлау кезеңіне басқа жауапты адамға беріледі.
32. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау жүргізген заңды тұлғаны, сұрау жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген адамдарды, сұрау жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетеді.
Қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізе алады. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сұрау салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.
Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізуге жол берілмейді.
33. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, мәслихаттар депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидаттардың, әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен олардың қызметкерлерінің, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың осы Қағидалардың ережелерін сақтауын орындауды Орталық және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
34. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сайлау алдындағы үгіт материалдарының жариялануына, эфирге шығуына есеп жүргізеді. Сайлау комиссиясынан сұрау салу түскен жағдайда бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сұрау салынған күннен бастап үш күндік мерзімде оған жазбаша ақпарат, ал қажет болған жағдайда сұрау салынған материалдардың көшірмелерін ұсынады.
35. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиобағдарламалардың (хабарлардың) жазбалары "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясында соңғы жазба жүргізілген сәттен бастап кемінде алты ай сақталады.
36. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, онлайн-платформалардағы ақпараттардағы жарияланымдарға, хабарларға байланысты даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қаралады.