1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.07.15 N 171, 2005.04.21. N 1557 Жарлықтарымен.
2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 1-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен қамтылған жекелеген
мемлекеттік органдарының штат саны
Саны | Барлығы |
| Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары | 405 |
| Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы | 121 |
| Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты | 70 |
| Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 50 |
| Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппараты | 228 |
| Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы | 34 |
| Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (Сот әкімшілігінің департаменттері) | 6243 |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары | 848 |
| Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, оның ішінде өкілдіктер | 104 |
| Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері | 2470 |
| Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері | 391 |
| Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | 1867 |
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері | 120 |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 2-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы прокуратурасының ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.12.2025 № 1125 Жарлығымен.| Қазақстан Республикасының Прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдарының академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдары, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті | 5884 |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 3-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат саны ЛИМИТІ
Ескерту. Лимит алынып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066 Жарлығымен. Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының штат саны
ЛИМИТІ
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 475Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 2179
| Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 4-ҚОСЫМША |