"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 44-ө өкімі

      "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі";

      2) көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      6-тармақтың 5) тармақшасындағы "талдау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады." деген сөздер "талдау нәтижелерін қарау қорытындысы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.", ол 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Премьер-Министр О. Бектенов

О внесении изменения и дополнения в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 16 ноября 2018 года № 146-р "О Межведомственной комиссии по вопросам регулирования предпринимательской деятельности"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 13 апреля 2026 года № 44-р

      Внести в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 16 ноября 2018 года № 146-р "О Межведомственной комиссии по вопросам регулирования предпринимательской деятельности" следующие изменение и дополнение:

      1) в составе Межведомственной комиссии по вопросам регулирования предпринимательской деятельности, утвержденном указанным распоряжением:

      строку "вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан";

      2) в Положении о Межведомственной комиссии по вопросам регулирования предпринимательской деятельности, утвержденном указанным распоряжением:

      пункт 6 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) итогам анализа эффективности мер государственной поддержки частного предпринимательства.", который вводится в действие с 12 июля 2026 года.

      Премьер-Министр О. Бектенов