Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-да" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нің", "ҚПК-да" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Сот практикасын зерттеу соттардың қызметiнде азаматтарды негізсіз соттау фактілері әлі күнге орын алып отырғанын көрсеттi. Кейбiр iстер бойынша заңда көзделген қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар болса да, соттар айыптау үкімдерін шығарған.
Ақтау туралы, сондай-ақ өзге нәтижесiнде адамдардың зиянды өтеттетіруге құқығы туындайтын шешiм шығарған кезде соттар процестік құжаттарда олардың осындай құқықтарын тану туралы көрсетпеген және зиянды өтеткізу тәртібін түсiндiрмеген.
Зиянды өтеу туралы талаптар мен талап қоюларды қараған кезде соттар қылмыстық процесті жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеудің негiздерi мен тәртібін белгiлейтiн қылмыстық-процестік заң нормаларын кейде дұрыс қолданбаған.
Аталған кемшiлiктерді жою мақсатында және қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу тәртібін регламенттейтін заңнаманың өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қылмыстық жауаптылыққа негiзсiз тарту, процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негiзсiз соттау фактілері өрескел заң бұзушылық болып табылатынына және оның салдарынан адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiне елеулi нұқсан тиетiнiне, оларға және мемлекетке материалдық зиян мен моральдық залал келтiрiлетiнiне қылмыстық қудалау органдарының және соттардың назары аударылсын.
Нормативтік қаулының ережелері бұрын шығарылған айыптау үкімінің күші жойылған және ақтау үкімі шығарылған не қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда жекеше айыптау істеріне де қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Қылмыстық процестi жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерi болып мыналар:
ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлiгiнде санамаланған жағдайлардан басқа, осы баптың екiншi және үшінші бөліктерінде санамаланған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушының шағымы болмаған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
iсте қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық iстi тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы, сондай-ақ сол айыптау және сол адамға қатысты заңды күшіне енген үкім немесе қылмыстық қудалаудың мүмкiн еместiгiн анықтаған сот қаулысы болған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
қылмыс оқиғасының немесе адамның іс-әрекетiнде қылмыс жасау оқиғасының болмағанын, прокурордың және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, жекеше айыптау iсi бойынша жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартқанын (ҚПК-нiң 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 71 және 88-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескеру мерзiмiнiң өтуін және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келісімiн, ҚК-нiң 68-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбiрленушiнің айыпталушымен, күдіктімен татуласқанын, адамның жасаған іс-әрекетi үшiн қылмыстық жауаптылықты жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылданғанын, жазадан босататын рақымшылық жасау актiсінiң шыққанын және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келісімiн, адамға кешiрiм жасау актiсiнiң қабылдануын растайтын фактiлер анықталғаннан кейiн қылмыстық қудалауды жүзеге асыру танылатыны түсiндiрiлсiн.
Сондай-ақ қылмыстық процестi жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiне мыналар: қылмыстық құқық бұзушылықты саралау кезiнде қылмыстық заңнама нормаларын дұрыс қолданбау; бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн күдікті ретiнде ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау таңдалған адамды оның өмiрiне және денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау; күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн бұл туралы сот шешiмi болмаса да, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру; күш қолдану, қатыгездік таныту немесе адамның ар-намысын қорлау шараларын қолдану; процестік әрекеттердi осы әрекеттерге қатысатын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндіретін жағдайларда өткізу, жасырын тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу, қылмыстық процеске қатысатын адамның абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемiтетiн шешiмдер шығару мен әрекеттер жасау; ҚПК-де көзделмеген мақсаттар үшiн жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты өзге де адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi пайдалану және тарату; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын заңсыз қолдану және басқаларболып табылады.
Қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың әрекеттерiнiң заңсыздығы сот үкімімен немесе қаулысымен немесе анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен белгiленедi.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандарға немесе күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға, сотталғандарға, ақталғандарға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерiмен зиян келтiрiлген жағдайларда ҚПК-нің 37-42-баптары қолданылатыны түсiндiрiлсiн. Қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдардың ҚПК-нің 38-бабында көрсетiлген тізбесі түпкiлiктi болып табылады. Iс бойынша сот ісін жүргізуге қатысқан өзге адамдарға (куәларға, куәгерлерге, аудармашыларға және т.б.) келтiрiлген зиянды өтеу мәселесi азаматтық iс жүргiзу тәртібімен шешiлуге жатады.
Жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшырап, ақталған адамдарға зиянды өтеу тәртібі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2143-XII Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Адам толық ақталды деп оған қатысты соттың ақтау үкімін шығаруын, сол сияқты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды немесе анықтау, тергеу органының, прокуратураның қылмыс оқиғасының болмауынан, қылмыс құрамының болмауынан немесе адамның қылмысқа қатысқаны дәлелденбеуiнен қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулыны шығаруын тану керек.
Адамды ішінара ақтау – оны айыптаудың жеке эпизодтары бойынша кінәсіз деп тануға не ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуға, оның әрекеттерін қылмыстық заңның онша ауыр емес қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бабына қайта саралауға, заңсыз қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының немесе тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға негізделеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. ҚПК-нің 13-бабының екінші бөлiгiне және 14-бабының сегізінші бөлiгiне сәйкес ұстап алынған адам, күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған адамдар сот iсiн жүргiзу барысында зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе оларға қатыгез қарым-қатынас жасалған жағдайда қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың шешiмдерi немесе әрекеттерi олардың абыройын түсірген немесе қадiр-қасиетiн қорлаған немесе тергеп-тексерудегі iс бойынша адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтер қажетсіз жинақталған, жария етiлген немесе таратылған жағдайда, сол сияқты бас бостандығынан айырылған адам оның өмiріне және денсаулығына қауiптi жағдайда ұсталған кезде де, өздерiне келтiрiлген зиянды өтеткізу құқылы.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Соттың ақтау үкімін шығаруы немесе анықтау, алдын ала тергеу органының, прокурордың ҚПК-нің 38-бабының бірінші бөлiгінде көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулыны, сондай-ақ рақымшылық, кешiрiм жасау актілерін, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жеңiлдететiн жаңа қылмыстық заңды және т.б. қолдану туралы шешiмдi уақтылы қабылдамау фактiсiн белгiлеген қаулыны шығаруы зиянды өтеу туралы талап қоюға себеп болып табылады. Мұндай шешiм қабылданған кезде қылмыстық процесті жүргiзген орган адамның қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығын анықтап, оған негiздер болған жағдайда ҚПК-нің 42-бабына сәйкес ақтау үкімінде немесе iстi тоқтату туралы қаулыда оның танылатыны туралы көрсетуге тиiс.
Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде анықтау, алдын ала тергеу органының, прокурордың бұл талапты орындамауына ҚПК-нің 105, 106-баптарының тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Ақтау туралы шешiм қабылдаған анықтау, тергеу органы, прокурор немесе сот ҚПК-нің 42-бабына сәйкес адамға ақтау үкімінiң немесе қаулының көшiрмесiн және зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарламаны жiберуге мiндеттi. Хабарламада ҚПК-нің 40-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес адам мүлiктiк зиянды өтеудi, моральдық зиянның салдарын жоюды, iс бойынша сот ісін жүргізуге байланысты бұзылған еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiрудi талап етуге құқылы екенiн көрсету қажет. Сонымен бiрге хабарламада зиянды өтеу тәртібін түсiндiру керек, атап айтқанда: адамның талаппен жүгінуге құқығы болатын мерзiмді; мүдделi адамның: ақталуы туралы мәлiметтердi тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарына, жұмыс iстейтiн, оқитын, тұрғылықты жерiне жiберу туралы талапты; мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты;, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiру туралы талапты, келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы туралы талапты; мемлекеттік наградаларын қайтару, құрметтi және өзге де атақтарын, шендерiн, дәрежелерiн, біліктiлiк сыныптарын қалпына келтiру туралы және басқа да талаптарды жiберуге тиiс органдардың атын көрсеткен жөн. Хабарламада шығыс нөмірі мен оны адресатқа жіберу күні қамтылуға тиiс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган ҚПК-нің 41-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес келтiрілген зиян үшiн ақталған адамнан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi, ал ол жазбаша түрде білдіруі тиiс екенi түсiндiрiлсiн. Хабарлама ресми сипатта болғандықтан, ол арнайы немесе қызмет бланкiсiне рәсiмделуге және оған ақтау туралы шешiм қабылдаған органның басшысы қол қоюға тиiс. Онда адамды ақтау туралы нақты шешiмге сiлтеме жасалып, қылмыстық қудалаудың заңсыздығы көрсетiлiп, келтiрiлген зиян үшiн ресми түрде кешiрiм сұрау туралы сөздер жазылуға тиiс.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеткізу құқығы жеке, сонымен қатар заңды тұлғаларға да берiлген. ҚПК-нің 40-бабының үшінші бөлiгiне сәйкес мүлiктiк зиянды өтеудi ҚПК-нің 38-бабының екінші бөлiгiнде көрсетiлген адамдармен бiрге олардың заңды өкiлдерi де талап ете алады. ҚПК-нің 38-бабының үшінші бөлiгiнде санамаланған жағдайларда мұрагерлер және зейнетақы туралы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етуге құқығы бар адамдар да зиянды өтеткізу туралы талаппен жүгіне алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Құқықтарды қалпына келтiру тәртібін түсіндіретін хабарламаны алған күннен бастап алты ай iшiнде адамдар зиянды өтеткізу туралы талаппен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі талапта қойылған мәселелерді шешуге құзыретті органдарға жүгінуге құқылы екені түсiндiрілсiн. Атап айтқанда еңбек құқықтарын қалпына келтiру туралы талап ақталған адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылуына немесе сотталуына байланысты қызметiнен шететтілген сәтінде жұмыс iстеген ұйымға, кәсiпорынға, мекемеге жiберiледi; зейнетақысын немесе жәрдемақысын төлеу туралы - әлеуметтiк қорғау органдарына; тұрғын үй құқығын қалпына келтiру туралы - жергiлiктi атқарушы органдарға; тәркіленген мүлiктi қайтару туралы - сол мүлiк тұрған жердегi органға; мемлекеттік наградаларды қайтару туралы, құрметтi, әскери, арнаулы немесе басқа да атақтарын, сыныптық шенiн, дипломатиялық дәрежесiн, біліктiлiк сыныбын қалпына келтiру туралы талаптар - осы мәселелердi қарауға құзыреттi органдарға жiберiледi.
Мүліктік зиянды өтеткізу туралы талап ҚПК-нің 40-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген тиісті сотқа тікелей жіберілуі мүмкін.
ҚПК-нің 40-бабының бірiншi бөлiгiне және "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян: айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды; соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi; соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды; заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды; қылмыстық қудалау салдарынан болған өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды. Сонымен қатар қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар адамдардың еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ моральдық зиянның салдарын жойғызуға құқығы бар.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9-1. Өндіріп алынуға тиіс өзге де қаражат пен кірістерге ақталған адам алуға тиіс болған сыйлықақылар, бонустар және басқа да төлемдер жатады.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.9-2. Ақталған адамның арызы бойынша адам айырылған жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, өзге де қаражат және кірістер сомалары бойынша тұрақсыздық айыбы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот шешімі шығарылған күнгі базалық мөлшерлемесінің негізінде өндіріп алынуға тиіс.
Өзге де жіберіп алынған пайданы өндіріп алу туралы талаптар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.
Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.10. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға ҚПК-нің 38-бабында аталған адамдардың құқығы бар.
Құқықтарды қалпына келтіру тәртібін түсіндіретін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде жіберілген қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы талапты сот ҚПК-нің 40-бабында көзделген тәртіппен қарайды.
Егер мүліктік зиянды өтеу туралы талап берілетін алты айлық мерзім өткізіп алынса және қалпына келтірілмесе, онда адам азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.
Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай мәнде өтемақы туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ғана қойылуы мүмкін.
Соттар талап қоюларды қараған кезде мүліктік және моральдық зиянды өтеткізу құқығы қылмыстық процесті жүргізетін органдардың және олардың нақты лауазымды адамдарының кінәсіне қарамастан, мемлекеттің жауаптылығы негізінде туындайтынын және зиян бюджет қаражатынан өтелетінін негізге алуы қажет.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10-1. Азаптаулар және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің (ал қылмыс салдарынан ол қайтыс болған жағдайда - заңға сәйкес жәбірленушінің құқығын жүзеге асыратын адамдар) материалдық, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қоюы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап және сот тергеуі аяқталғанға дейін қойылуы мүмкін.
Азаматтық талап қою тікелей күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың әрекеті немесе есі дұрыс емес адамның әрекеті үшін жауаптылық жүктелген адамдарға қойылады.
ҚПК-нің 168-бабына сәйкес азаматтық талап қою қылмыстық іспен бірге қаралады. Азаматтық талап қою бойынша шешім үкімнің қарар бөлігінде көрсетіледі. Соттың азаматтық талап қою бойынша қабылдаған шешімінің уәждері үкімнің уәждеу бөлігінде міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Ескерту. Нормативтік қаулы 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.11. Зиянды өтеу туралы талапты қараған кезде сот оларды қарау үшiн қажет құжаттарды: жұмыс орны бойынша еңбекақы туралы, көрсетілген заң көмегi үшiн төленген сомалар туралы, заңсыз тәркiленген немесе мемлекет кiрiсiне алынған мүлiктiң бағасы туралы, заңсыз үкiмдi немесе сот қаулысын және басқаларды орындаумен байланысты төлеген сомасының мөлшері туралы құжаттарды сұратуға және өтелуге жататын зиянның мөлшерiн анықтауға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұратылуы мүмкiн.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11-1. Соттар көрсетілген заң көмегі үшін төленген сомаларды өтеу туралы талаптарды қараған кезде ҚПК-нің 68-бабының қорғалуға құқығы бар күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы екендігі туралы ережелерін ескеруі қажет.
Ақталған адамға ақталғанға дейін ғана емес, сонымен қатар оның құқықтарын қалпына келтіруге байланысты адвокатқа жұмсаған шығыстары өтеледі.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.12. Зиян мөлшерiн есептеу және оны өтеткізуге құқығы бар адамдардың шеңберiн анықтау зиян келтiрiлген кезде қолданыста болған заңға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн зиянның мөлшерi КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1981 жылғы 18 мамырдағы Жарлығымен бекітілген "Анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура мен соттың заңсыз әрекеттерiмен азаматтарға келтiрілген зиянды өтеу тәртібі туралы" Ережеде белгіленген қағидалар бойынша анықталады.
Зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес анықтаған кезде қылмыстық процесті жүргiзетiн органдардың әрекеттерi заңсыз болып танылатын сәттер мен мерзiмдердi анықтайтын мән-жайларға назар аударған жөн. Атап айтқанда, ҚПК-нiң 38-бабы екінші бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес жасалған іс-әрекетiнiң саралануы ҚК-нің оны жасағаны үшiн күдік келтiру немесе айыптау кезiнде ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптау бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешiмiнің күші жойылған жағдайда адамның ұсталуға немесе бұлтартпау шарасын қолдануға не қылмыстық жазасын қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде өтеуге байланысты адамның күзетпен ұсталуын заңсыз деп таныған жөн. Бұл ретте күзетпен ұстаудың, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалаудың нақты өтелген мерзiмi ҚК-нің кiнәлi адам жасаған іс-әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып есептеледі. Егер ҚК-нiң қылмыстық құқық бұзушылық жаңадан сараланған бабында жаза ретiнде қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру көзделмесе, онда күзетпен ұстау, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру ҚК-нің көрсетілген бабында көзделген жазамен есепке жатқызу мүмкін болмайтын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. ҚПК-нің 38-бабының төртінші бөлiгiне сәйкес өзiне-өзi жала жапқан адамға зиянның өтелмейтiнiн ескере отырып, әрбір нақты жағдайда адамның ерiктi түрде өзiне өзi жала жапқан-жаппағанын және iс бойынша ақиқатты ашуға кедергi келтiрген-келтірмегенін анықтау қажет. Іс бойынша тергеу жүргiзудiң рұқсат етiлмеген әдістерiнің қолданылуы немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өзiне өзi жала жабуына немесе жалған айғақтар беруiне алып келуі мүмкін басқа да заң бұзушылықтары анықталған жағдайда, заңсыз соттауға немесе қылмыстық процестi жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерiне байланысты адамға келтiрiлген зиян қанағаттандырылуға жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Рақымшылық жасау туралы актiнiң қабылдануына, кешiрiм жасалуына, ескiру мерзiмiнiң өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңiлдететiн заңның қабылдануына байланысты қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда зиянды өтеу туралы талап, егер адамның осы негiздер бойынша iстi тоқтату туралы келісімі болған кезде қылмыстық қудалауды тоқтату туралы, қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жою туралы шешiмдер уақтылы қабылданбаған кезеңге ғана қанағаттандырылуға жататыны түсіндірілсін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Судья мүліктік зиянды өтеу туралы талапты ҚПК-нің 40-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жеке-дара қарайды. ҚПК-нің 38-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан адамға келтірілген зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi. Сот отырысына мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасының Бюджет туралы заңына сәйкес ағымдағы жылға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге қаражат бөлінген мемлекеттік органның өкілі қатысады. Егер Бюджет туралы заңда мұндай орган белгіленбесе, онда өндіріп алу Республиканың Қаржы министрлігінен жүргізіледі. Көрсетілген өкілдің немесе талап еткен адамның сот отырысына келмеуі оны қарауға кедергі келтірмейді.
Талапты қарау қорытындылары бойынша қаулы шығарылып, онда талапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығаруға негізге алынған мән-жайлар көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ қаулыда мыналар: қаулы шығарған органның және оның лауазымды адамының аты, оның шығарылған уақыты мен орны; азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылған, күзетпен қамауға алынған, жазаға немесе өзге де процестік мәжбүрлеу шараларына тартылған кезде негiзге алынған процестік құжаттың күні мен атауы; адам ақталған процестік құжаттың күні мен атауы, ақтау негiздерi; ақталған адамның талаптарының мазмұны; есеп-қисап жүргiзуге негiзге алынған құжаттарға және залалды өтеу туралы шешім қабылданған заңға сiлтеме жасай отырып, өтелуге жататын мүлiктiк зиянның егжей-тегжейлі есеп-қисабы; зиянды өтеу есебiнен төленуге жататын жалпы сома және оны төлеу тәртібі мен мерзiмдерi; зиянды өтеу туралы талапты iшiнара қанағаттандырудың немесе қанағаттандырмаудың негiздерi; шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15-1. Ақталған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талабын қарауға судья оның қатысуымен қабылданған айыптау үкімінің күші жойылғаннан және адамды ақтағаннан кейін қатыса алмайды.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.16. Моральдық зиянның салдарын жою туралы талапты қанағаттандыру кезінде қаулының қарар бөлiгiнде ҚПК-нің 41-бабына сәйкес заңсыз қылмыстық қудалауға байланысты осы адам жөнiнде бұрын таратылған мәлiметтердi теріске шығару мақсатында қандай нақты әрекеттерді және кiмнің жасау қажеттігі көрсетiлуі тиiс. Қажет болған жағдайларда қаулыда бір ай ішінде баспасөзде жариялануға немесе радио, телевизия және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуға жататын хабарламаның мәтіні жазылуы мүмкін.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. ҚПК-нің 415-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның зиянды өтеу туралы талапты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысына ҚПК-нің 48-тарауында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. Қылмыстық процестi жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiнің салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты ақшалай төлемдi жүргізу сол органдардың кiнәсiне қарамастан республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Зиянды өтеу туралы талапты қарау нәтижелері бойынша шығарылған, елтаңбалық мөр басылған қаулының көшiрмесiне төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн арыз берушіге немесе оның заңды өкіліне жолдануға тиiс.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Егер зиянды өтеу негiзге алынған соттың iстi тоқтату туралы ақтау үкімінің немесе қаулысының күші жойылып, iс жаңадан қаралған кезде айыптау үкімі шығарылса, адамға зиянды өтеу үшiн төленген сомалар одан сот шешiмiнiң орындалуын бұру тәртібімен өндiрiлуге жатады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Азаматтарды негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тарту, ұстап алу, заңсыз күзетпен ұстау немесе басқа процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану не азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қозғайтын өзге де заң бұзушылықтар анықталған жағдайда соттардың қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуді жүзеге асыру кезінде заң бұзушылықтарына жол бермеуге қатысты шаралар қабылдау үшін тиісті органдар мен олардың лауазымды адамдарына жекеше қаулылар шығарғаны жөн.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Азаматтарды заңсыз соттау фактілерін жою шаралары және қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу тәжірибесі туралы" 1987 жылғы 23 ақпандағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды деп және "КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен азаматқа келтірілген зиянды өтеу туралы" Жарлығын сот тәжірибесінде қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1988 жылғы 23 желтоқсандағы № 15 КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
| Қазақстан Республикасы |
| Жоғарғы Сотының Төрағасы |
| Қазақстан Республикасы |
| Жоғарғы Сотының судьясы, |
| Пленум хатшысы |