ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже):
мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2) және 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"45-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;
45-2) уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптарының негізінде "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;
45-3) қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
"46-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жою;";
57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"57) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата түру немесе тоқтату не оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау;";
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"60) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және цифрлық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;";
мынадай мазмұндағы 61-2) және 61-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"61-2) оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-3) борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";
63) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"63) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу және бекіту;
64) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 67-1) және 67-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"67-1) жеке сот орындаушысын аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттарын айқындау;
67-2) жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру тәртібін белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 71-1) және 71-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"71-1) жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
71-2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жеке сот орындаушыларының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;";
72) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 79-1), 79-2) және 79-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"79-1) аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан соманы беру және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
79-2) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан соманы беру және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
79-3) өндіріп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу, сондай-ақ олардың қызметіне ақы төлеу үшін ақшаны бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 142-1) тармақшамен толықтырылсын:
"142-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз ету;";
152) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"152) мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметіне басшылық ету, жеке нотариаттың дамуына жәрдем көрсету, мемлекеттік нотариустар мен аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары жасайтын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және іс қағаздарын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылау;";
мынадай мазмұндағы 152-1) тармақшамен толықтырылсын:
"152-1) жеке практикамен айналысатын нотариустардың және аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау;";
177), 178), 178-1) және 179) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"177) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
178) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне және құқықтық сипаттағы консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын және ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;
178-1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту;
179) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тәртібін бекіту;";
185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194) және 195) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"185) білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
186) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
187) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін білікті заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
188) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
189) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;
190) білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;
191) білікті заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
192) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;
193) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасына, білікті заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
194) халыққа білікті заң көмегін көрсететін адамдар, білікті заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
195) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ету;";
215) тармақша алып тасталсын;
224) тармақша алып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолдану, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешу;
3) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік ету;
4) Министрліктің жұмыс регламентін бекіту;
5) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамау үшін дербес жауаптылықта болу;
6) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлерді, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлерді шығару;
7) мемлекеттік органның бірінші басшысының құрылымдық бөлімшелердің жекелеген басшыларына ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын беру, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомствоаралық кеңестерге қатысуы мен өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін белгілеу.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Министрліктің соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүдделерін білдіруге сенімхаттарға Министрліктің басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды.";
20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Министрлікке жүктелген міндеттердің іске асырылуын ұйымдастыру;
2) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) өз құзыреті шегінде Министрлік аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
4) Министрліктің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
5) тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде штат санын және штат кестесін Министрмен келіскеннен кейін бекіту;
6) қажет болған кезде Министрліктің перспективалы, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
7) Министрліктің конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін және өзге де жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындау және қызметінен босату;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешу;
11) Министрліктің және оның ведомстволарының мемлекеттік сатып алу саласындағы жалпы басшылықты жүзеге асыру;
12) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
14) Министрліктің тәртіптік комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, оның құрамын белгіленген тәртіппен қалыптастыру;
15) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдануы жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған актілерді қоспағанда, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау;
17) өз құзыретi шегiнде орындалуы мiндеттi актiлер шығару;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының оныншы, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма бірінші абзацын, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма бесінші абзацын, сондай-ақ 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |