"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 755 қаулысымен |
|
| бекітілген |
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Мазмұны
1-бөлім | Кіріспе ("Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) қысқаша аңдатпасы, паспорты) | 2 |
2-бөлім | "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып перспективасын сипаттау | 5 |
3-бөлім | Бағдарламаның аналитикалық және болжамдық негіздеме блогы |
6 |
1-кіші бөлім | Ағымдағы жағдайды талдау | 6 |
2-кіші бөлім | Трендтер мен сын-қатерлерді талдау | 10 |
3-кіші бөлім | Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлерін, олардың "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін анықтау |
|
4-бөлім | Бағдарламаның пайымы | 13 |
5-бөлім | Бағдарламаның миссиясы | 14 |
6-бөлім | Стратегиялық басымдықтар | 14 |
1-кіші бөлім | Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі | 14 |
2-кіші бөлім | Академиялық саясат | 15 |
3-кіші бөлім | Ғылыми қызметі | 15 |
4-кіші бөлім | Цифрлық трансформация және жаһандық академиялық әріптестік | 16 |
5-кіші бөлім | Инфрақұрылым | 17 |
7-бөлім | Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу жолдары | 18 |
8-бөлім | Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелерді сипаттау | 19 |
9-бөлім | Бағдарламаның іске асыру қарқынын мониторингтеу және бағалау | 20 |
1-қосымша | "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары | |
2-қосымша | "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
1-бөлім. Кіріспе ("Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының қысқаша аңдатпасы, паспорты)
Бағдарламаның атауы | "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚазҰАЗУ, университет) 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы |
Бағдарламаны әзірлеу негіздемесі |
1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; |
Бағдарламаны әзірлеуші орган | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – АШМ) |
Бағдарламаның мақсаты | ҚазҰАЗУ-ды халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыру |
Бағдарламаның міндеттері |
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет пен білім беру процесін интеграциялау |
Бағдарламаны іске асыру мерзімі |
2026 – 2030 жылдар |
Қаржыландыру көздері | Республикалық бюджет қаражаты, ҚазҰАЗУ-дың меншікті қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер |
Бағдарлама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық құжаттарда көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында әзірленді және аталған университетті халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыруға бағытталған.
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КеАҚ-тың 95 жылдан астам тарихы бар. 1929 жылы Алматы зооветеринарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты ашылды. 1996 жылы осы екі жоғары оқу орны негізінде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті құрылды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығымен университетке ұлттық жоғары оқу орны деген ерекше мәртебе берілді, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 707 қаулысымен зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.
Аграрлық білім, ғылым және өндірістің интеграциясын күшейту мақсатында 2023 жылы қыркүйекте университеттің басқаруына ҚР АШМ 5 аграрлық ғылым субъектісі сенімгерлік басқаруға берілді. Олар: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕӨШҒЗИ), Қазақ мал шаруашылығы және азық өндірісі ғылыми-зерттеу институты (ҚазМШАӨҒЗИ), Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЖКШҒЗИ), Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты (ҚазҚӨТӨҒЗИ), "Меркі" тәжірибе шаруашылығы (бұдан әрі – ТШ).
Бағдарламаның мақсаты – ҚазҰАЗУ-ды халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыру.
Трансформациялау нәтижесінде ҚазҰАЗУ зерттеу университетінің заманауи моделіне айналады: (1) ғылыми зерттеулер, (2) ғылыми және жоғары білікті мамандарды даярлау және (3) инновацияларды енгізу (Extension services).
2-бөлім. "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып перспективасын сипаттау
Бүгінде ҚазҰАЗУ еліміздің жетекші аграрлық жоғары оқу орны және Орталық Азиядағы басты ғылыми-білім беру хабы деген позицияны иеленіп отыр. Университет жоспарлы түрде әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформацияланып келеді.
Жоғары оқу орны базасында заманауи ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар мен инновациялық орталықтар жұмыс істейді.
Әлемнің жетекші аграрлық университеттерімен және орталықтарымен бірлескен білім беру бағдарламалары, қос диплом бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Университет агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және тұрақты дамыту міндеттерін шешуге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды даярлайды.
ҚазҰАЗУ-ды дамытудың стратегиялық векторы Қазақстан Республикасының аграрлық ғылымы мен білімінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі ұзақ мерзімді мақсаттарға мыналар кіреді:
ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, ғылымды қажет ететін стартаптар құру және экономиканың нақты секторымен тығыз интеграциялану;
цифрландыру мен Smart-Agriculture дамыту – дәлме-дәл егіншілік технологияларын, жасанды интеллектіні білім беру бағдарламаларына, оқу пәндеріне және зерттеу процестеріне енгізу;
ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеудің инновациялық әдістерін әзірлеу, су ресурстарын тиімді пайдалану және органикалық егіншілікті дамыту.
Негізгі бағыттар бойынша перспективалар.
Білім беру қызметі:
білім беру бағдарламаларын жаңарту – пәнаралық мамандықтарға (агроинформатика, биотехнология, агроэкология және басқалар) басымдық беру;
практикаға бағдарланған оқыту – білім алушылардың АӨК-тің озық кәсіпорындарында практикадан және тағылымдамадан өтуі арқылы дуалды оқыту жүйесін кеңейту;
академиялық ұтқырлық – шетелдік профессорлар мен жақын және алыс шетелдерден студенттерді тартуды күшейту.
Ғылыми-инновациялық экожүйе:
инновацияларды өндіріске жедел енгізу үшін ғылым, бизнес және мемлекеттің күш-жігерін біріктіру;
зерттеулердің басым бағыттарын дамыту: ауыл шаруашылығы дақылдарының құрғақшылыққа төзімді жаңа сұрыптарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы; ветеринарлық қауіпсіздік және цифрлық мал шаруашылығы; су ресурстары тапшылығы жағдайында суды үнемдейтін суару технологиялары;
студенттік стартаптарды кеңейту.
Инфрақұрылымдық және қаржылық даму:
материалдық-техникалық базаны жаңғырту – зертханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту, білім алушыларды практикалық даярлау базасын құру: оқу-тәжірибе шаруашылығында құс фермалары мен смарт-фермаларды, орман питомниктерін құру;
қаржылық тұрақтылық – шаруашылық шарттық ғылыми-зерттеу қызметі, эндаумент-фонд және халықаралық гранттар есебінен қаржыландыру көздерін диверсификациялау.
Даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:
әлемнің бейінді университеттері арасында халықаралық рейтингтердегі (QS және басқалар) позицияларды көтеру;
түлектерге сұранысты арттыру – университетті бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыру;
ел экономикасына үлес қосу – Қазақстанның экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға ықпал ететін өндіріске енгізілген отандық ғылыми әзірлемелердің үлесін көбейту.
3-бөлім. Бағдарламаның аналитикалық және болжамдық негіздеме блогы
1-кіші бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстанда "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру салалары бойынша мамандар даярлау 24 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жүргізіледі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 ЖЖОКБҰ-нда жүргізіледі: ҚазҰАЗУ (Алматы қаласы); С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қаласы); Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қаласы). Өңірлік 10 ЖЖОКБҰ-да факультеттер бар, 11-інде мамандарды даярлау мамандандырылған кафедраларда жүргізіледі.
ҚазҰАЗУ-да ғана мамандарды даярлау барлық 7 бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, агроинженерия, су ресурстары және суды пайдалану, ветеринария.
ҚазҰАЗУ құрамында 6 факультет (24 кафедра) бар: агробиология; зооинженерия және тамақ өндірістерінің технологиясы; ветеринария; су, жер және орман ресурстары; инженерлік-техникалық; бизнес және құқық.
ҚазҰАЗУ 130 білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – БББ) жүзеге асыруда, оның ішінде 56 – бакалавриат, 53 – магистратура және 21 – докторантура. Барлық білім беру бағдарламалары халықаралық және ұлттық аккредитациядан өтті.
2024–2025 оқу жылында білім алушылар контингенті 6215 адамды құрады, оның ішінде бакалавриат – 5791, магистратура – 254, докторантура – 170 адам. Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша білім алушылардың үлесі 71,5 %-ды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) саны – 478 адам, оның ішінде 44 ғылым докторы, 149 ғылым кандидаты, 78 PhD докторы, 123 магистр, 84 адамның ғылыми дәрежесі жоқ. Ғылыми дәреже көрсеткіші – 56,7 %.
Сонымен қатар университетке жыл сайын бюджет есебінен және бюджеттен тыс қаражат есебінен Еуропа, Азия, АҚШ және ТМД елдерінің жетекші елдерінен дәріс оқу үшін 100 оқытушы шақырылады.
2025 жылы университеттің жалпы бюджетінде ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және комерцияландыру жобаларынан түскен кірістің үлесі 23 %-ды құрады. Ғылыми зерттеу жұмыстарына профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) 29,0 %-ы тікелей қатысады.
ҚазҰАЗУ-дың басты шетелдік стратегиялық серіктестері: QS-WUR әлемдік рейтингінде аграрлық білім және ғылым бойынша жетекші орындарға ие Wageningen (Нидерланд), AgroParisTech (Франция), University of Nebraska-Lincoln (АҚШ) университеттері болып табылады.
ҚазҰАЗУ-да "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" ұлттық зерттеу университетінің (ТИАМИИ ҰЗУ) филиалы құрылды.
Қытайдың ғылыми орталықтарымен және жоғары оқу орындарымен жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің қажеттіліктеріне бағытталған ҚазҰАЗУ-дың нысаналы өңіріне Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс өңірлері жатады, олар: Алматы қаласы, Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, облыстары, Шымкент қаласы.
2021 жылы нысаналы өңірлердің ауыл, орман және балық шаруашылығында (өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоспағанда) 599 мың адам немесе Қазақстан Республикасындағы осы салаларда жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 55,5 %-ы жұмыспен қамтылды. Егер республика бойынша орта есеппен ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 13,4 %-ды құраса, нысаналы өңірде бұл көрсеткіш 1,5 есе жоғары. Яғни, тұтас елге қарағанда нысаналы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан әрі – АӨК) маңызы жоғары.
Қазіргі уақытта шетелдік стратегиялық әріптестердің қатысуымен ғылыми-білім беру процесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылып келеді. Мәселен, Wageningen (Нидерланды) университетімен "Ветеринариялық азық-түлік қауіпсіздігі және технологиясы", "Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар" екі білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлануда, олар Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген. Университетте Wageningen университетімен ынтымақтасу институты жұмыс істейді.
AgroParisTech университетімен бірлесіп оқу бағдарламаларын жаңғырту, көпдеңгейлі модульдік жүйені енгізу бойынша жұмыс басталды. ҚазҰАЗУ-дың білім беру бағдарламаларына аудит жүргізілді, STEM-пәндері (физика, химия, биология, экология, математика) бойынша силлабустар әзірленді. Nebraska-Lincoln университетімен (АҚШ) бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары әзірленуде.
Сондай-ақ ҚазҰАЗУ-да студенттерді оқытудың практикалық бағытын күшейту жұмыстары басталды:
облыс әкімдерінің қолдауымен студенттер практикасының базасы ретінде 350 ірі агроқұрылым белгіленді;
ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары кафедра қызметкерлері болып жұмыс істеп жүр, бұл ПОҚ штатының 20 %-ын құрайды;
өндірістің нақты секторының өзекті мәселелері бойынша дәрістерді кәсіпорындар басшылары, бизнесмендер оқиды – барлығы 60 стейкхолдер;
университеттің өз оқу-тәжірибелік шаруашылығы, Қазақстан-Нидерланды интенсивті бағы, Қазақстан-Корей инновациялық жылыжайы, су хабы, ветеринариялық клиникасы, ҚазЖКШҒЗИ, ҚазЕжӨШҒЗИ, ҚазМЖӨҒЗИ тәжірибелік алқаптары, сондай-ақ жалпы ауданы 25 мың гектарды құрайтын "Мерке" ТШ бар. Осы құрылымдардың базасында студенттер практикалық білім алатын дуалды оқыту жүргізіледі. Академиялық күнтізбе өзгерді, аграрлық мамандықтардың студенттері ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымы кезінде практикалық жұмыс дағдыларын меңгереді.
Университетте Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті (USDA, АҚШ) сарапшыларының ұсынысына сәйкес және INRA (Франция), INTA (Аргентина), EMBRAPA (Бразилия) сияқты жетекші ғылыми орталықтардың тәжірибесі негізінде құрылымдар құрылды. Бұл құрылымдардың мақсаты – АӨК-тегі озық инновациялық технологиялар мен жаңа білімді іздеу, тарту және беру. Олардың көпшілігі халықаралық агенттіктермен аккредитацияланған және ЖЖОКБҰ, ғылыми-зерттеу институттарының (бұдан әрі – ҒЗИ) ғалымдары және агроқұрылымдар мамандарының ұжымдық пайдалануы үшін қолжетімді.
Азия Даму Банкінің қолдауымен 2017 жылы Халықаралық зерттеу орталығы – "су хабы" құрылып, оның құрамына: "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасы, 14 зерттеу зертханасы, гидротехниктердің біліктілігін арттыру институты, су проблемалары және халықаралық су ынтымақтастығы ғылыми-зерттеу институты кіреді. Су хабының миссиясы су ресурстарын тиімді басқару үшін Қазақстан мен Орталық Азияның барлық су ғалымдарының күш-жігерін су мәселесіне жұмылдыру болып табылады. 2024 – 2025 оқу жылында гидротехниктердің біліктілігін арттыру институтында су шаруашылығы саласының 75 маманы білімін жетілдірді.
Университет ғалымдары стартаптар әзірлеуде. Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҒЖБМ) Ғылым комитетінің желісі бойынша "Инновациялық технология бойынша бие және түйе сүтінің құрғақ ұнтағынан лактоферрин өндіруді ұйымдастыру" тақырыбында 230 млн теңге сомасында коммерцияландыру жобалары іске асырылды. "LFCompany" ЖШС бизнес-серіктес болды. Өнімдер экспортқа бағытталған.
Ғылыми әзірленген рецептуралар мен заманауи технологиялық процестерді қолдана отырып, реторт пакеттер мен ламистерлі ыдыстар секілді инновациялық қаптамада түйе еті (түйенің бұқтырылған еті, түйе еті қосылған күріш, қарақұмық, арпа) негізінде ет және ет-өсімдік консервілерін өндіретін типтік шағын зауыт құрылды.
"Халықаралық стандарттарға сәйкес жергілікті экологиялық таза азық негізінде өсірілген балықтан (тиляпия, Африкалық кларий жайыны және т.б.) органикалық тағам өнімдерін өндіру" жобасы бойынша тұйық (ағынсыз) сумен қамту жүйесінде балықты өнеркәсіптік молайту барысында тиляпия мен кларий жайындарын толық рационды азықтандырудың ғылыми және практикалық негізі жасалды.
Университет ғалымдары 100-ге жуық зерттеу, енгізу және халықаралық жобаларын жүзеге асыруда. Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға магистранттар мен докторанттардың 100 %-ы тартылған.
ҚазҰАЗУ әлемнің 175 жетекші ЖОО-сымен және ғылыми орталықтарымен, оның ішінде Қытаймен ынтымақтастықта жұмыс істейді. 2024 – 2025 жылдары Хэнань ауыл шаруашылық университетімен бірлесіп "Qianlian Landscape Design Engineering Co" компаниясының қолдауымен Қазақ-Қытай халықаралық агротехнологиялар және ландшафт архитектурасы ғылыми-зерттеу орталығы; ветеринарлық медицина және азық-түлек қауіпсіздігінің халықаралық зертханасы, сонымен бірге қытай тілі мен мәдениеті орталығы ашылды. Солтүстік Батыс университетімен бірлесіп Қытай-Қазақ SciTech демонстрациялық паркі құрылды, оның жұмысы топырақты сауықтыру және ауыл шаруашылығында суды тиімді тұтынуға бағытталған. Қытай аграрлық университетімен және "Eavision" компаниясымен бірлесіп ауыл шаруашылық дрондарын басқару бойынша Қазақ-Қытай зерттеу және оқыту орталығы ашылды.
Университет жоғары білім мен ғылым бойынша 4 халықаралық ассоциацияның мүшесі болып табылады.
Университетте мынадай орталықтармен бірлескен халықаралық ғылыми жобалар жүзеге асырылуда:
USDA және Мичиган штатының университетімен – Ақмола облысындағы жайылымдық аумақтарды бағалау бойынша;
NASA және жаһандық өзгерістер мен жерді бақылау орталығымен – "Қазақстан мен Моңғолиядағы тамақ өнімдерінің, энергия және судың өзара тәуелді динамикасы" тақырыбында;
дүниежүзілік көкөніс өсіру орталығымен (WVC) – көкөніс дақылдарының жаңа сұрыптарын өсіру бойынша;
Қытай аграрлық университетімен және "DAYU Irrigation Group" компаниясымен – Алматы облысының өзендерінде суды есепке алудың цифрлық технологияларын енгізу, суарудың түрлі технологияларын модельдеу және басқалары бойынша.
Сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар жүйелік проблемалар бар.
Атап айтқанда, Қазақстанның барлық оқу орындарында сияқты ҚазҰАЗУ-да да үш бағыт бір-бірінен алшақ жұмыс істейді, олар: АӨК үшін кадрлар даярлау, АӨК саласындағы ғылыми зерттеулер, өндіріске жаңа технологияларды енгізу.
АӨК үшін кадрлар даярлау саласындағы негізгі проблема – мамандарды даярлау сапасының жұмыс берушілердің үмітін ақтамауы.
Жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасына мынадай себептер әсер етеді: оқыту технологияларының ескіруі; аграрлық ғылым мен білім берудің өндіріспен байланысының әлсіздігі; АӨК субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне (бұдан әрі – ҒҒТҚН) және оларды өндіріске енгізуге деген сұранысының төмендігі; университеттердің материалдық-техникалық базасының ескіруі. Жетекші ауыл шаруашылығы өндірушілерінің технологиялық тұрғыдан жабдықталуы деңгейі ЖЖОКБҰ-ға қарағанда едәуір жоғары. Өз кезегінде материалдық-техникалық база (бұдан әрі – МТБ) нақ осылай жабдықталмайынша, түлектерді даярлаудың талап етілетін деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес;
Білім алушылардың практикалық дайындығының жеткіліксіздігі. ЖОО-ларда ескірген инфрақұрылыммен қатар практикалық оқытуға арналған инфрақұрылым тапшылығы байқалады. Басқа ұйымдарда практикадан өтуге ол тараптың мүдделілігінің болмауы, ал университеттерде практиканы сапалы ұйымдастыру үшін қаржылық мүмкіндіктердің болмауы кедергі болып отыр;
Аграрлық ғылымның сервистік инфрақұрылымының дамымауы, білімді таратудың, агротехнологияларды трансферлеу мен коммерцияландырудың тұтас жүйесінің іс жүзінде болмауы, сондай-ақ оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
Дамыған әлем елдерінің жетекші ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимылдың әлсіздігі; академиялық ұтқырлық бағдарламасының жүйесіз және тұрақсыз жұмыс істеуі салдарынан ПОҚ пен білім алушылардың озық шетелдік білім мен технологияларды игерудегі мүмкіндіктерінің шектеулілігі.
2-кіші бөлім. Трендтер мен сын-қатерлерді талдау
Бүкіл әлемде азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі және экономиканы дамытудың басым бағыты болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану туралы баяндамасының деректеріне сәйкес 2023 жылы әлемде әрбір он бірінші адам аштыққа ұшыраған. Африкада – әрбір бесінші адам.
2023 жылы шамамен 2,33 млрд адам немесе аса қажетті азық-түлік тапшылығы жағдайында болды. Олардың ішінде 864 млн астам адам бір немесе бірнеше күн бойы азықсыз қалған.
Азық-түлік тапшылығы мәселесі кедейлік, нашар тамақтану, төтенше климаттық жағдайлар, әлсіз мемлекеттік саясат пен экономика сияқты әртүрлі факторларға байланысты.
Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлем елдерінің 2022 жылғы рейтингінде Қазақстан 32-ші орында. Индекс 72,1 балды құрады.
Сондықтан бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан үшін де азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Республикада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 303,8 мыңнан астам агроқұрылым айналысады, оның 93,9 %-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары. Бұдан басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 0,6 млн астам жеке қосалқы шаруашылық айналысады, олар өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 26,3 %-ын және мал шаруашылығы өнімдерінің 55,9 %-ын өндіреді. Шаруа (фермер) қожалықтарының 58,6 %-ының ауыл шаруашылығы алқаптары 50 га-дан, ал 79 %-ының егістік жері 50 га-дан аспайды. Бұл елдегі АӨК-тегі өндірістің ұсақ тауарлы екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ауылдағы кооперация әлі де дамымай қалып отыр. Статистика деректері бойынша елде 3284 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Қазіргі таңда олардың көпшілігі жұмыс істемейді.
Урбанизация мәселесі және ауыл тұрғындарының қалаларға кету үрдісінің күшеюі ауыл шаруашылығындағы жұмыс күшінің тапшылығына байланысты. Ауыл шаруашылығы саласының мамандықтары еңбекақы деңгейінің төмендігіне байланысты, ауыл тұрмысының қолайсыздығына, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымның төмен болуына байланысты жастар арасында сұранысқа ие емес. Жас мамандарды ауылда тұрақтандыру үшін мемлекеттік ынталандырудың бағдарламалары тиімді жұмыс істемейді.
Ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін еңбек өнімділігін арттыру есебінен, оның ішінде ауыл шаруашылығын энергиямен жабдықтау деңгейін арттыру және саланы ғылымды қажетсінетін агротехнологияларға көшіру арқылы шешу қамтамасыз етілуге тиіс. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі деңгейі бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамыған елдерден едәуір артта қалып отыр. Мысалы, Беларуссияда ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір қызметкерге 33,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі өнімнен келсе, ал Ресейде бұл көрсеткіш 18,4 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайту қажеттілігі атап өтілді.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі экономика бойынша орташа көрсеткіштен 3,7 есе, тауарлар өндірісі саласындағы көрсеткіштен 5,2 есе және қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштен 3,1 есе төмен болды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы еңбек өндірісі географиялық сипаттамалары ұқсас басқа дамыған елдерге қарағанда едәуір төмен. Мысалы, Канадада 2022 жылдың аяғында ауыл шаруашылығының бір қызметкеріне 113 мың АҚШ доллары қосылған құн болса, Қазақстанда небәрі 7,6 мың АҚШ долларын құрады.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің деңгейіне ауылдық тауар өндірушілердің білім деңгейінің жеткіліксіздігі, агротехникалық әдістерді білмеуі, малдарды күтіп-бағу талаптарының сақталмауы да әсер етеді.
Бүгінде еліміздің фермерлік шаруашылықтарында 255,3 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың тек 29,7 % ғана жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар.
Осыған байланысты білім тарату жүйесі жетілмей қалып отыр. Есептік деректерге сүйенсек, елде небәрі 25 білім тарату орталығы жұмыс істейді, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы дамыған елдермен салыстырғанда он есе аз.
Ағымдағы кезеңдегі басты сын-қатерлердің бірі – жаһандық климаттың өзгеруі және осыған байланысты экономиканың аграрлық секторын дамытуда туындайтын қиындықтар.
Сондықтан АӨК-ті дамыту векторында нақты осы факторлар ескерілуі тиісті.
Атап айтқанда қолайсыз ауа райы жағдайларына бейімделген заманауи агротехнологияларды әзірлеп, өндіріске енгізу, ауруларға және климаттағы күрт ауытқуларға төзімді өсімдіктердің жаңа сұрыптары қажет. Әсіресе су мәселесін шешу өте маңызды. Жаһандық климаттың өзгеруі тұщы су тапшылығына әкелді. Қазақстан су ресурстары тапшылығы бар елдер санатына жататындықтан, осы жаһандық сын-қатердің кері әсері еліміз үшін ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.
Аграрлық ғылымды дамытып, заманауи білікті мамандарды даярламай, жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу мүмкін емес. Сондықтан аграрлық ғылым мен мамандарды даярлау ең алдымен, қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлердің әсерінен туындайтын проблемаларды шешуге бағытталуға тиіс.
Ғылымды қаржыландыру деңгейі бойынша әлемдегі мемлекеттер үш топқа бөлінеді: 1) жоғары көрсеткіштері бар – жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 3 %-ынан астамы; 2) орташа – 1-3 %; 3) төмен – 1 %-дан аз.
Әлемнің жетекші елдерінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 2-3 %-ын құрайды, оның ішінде Израильде – 5,56 %, Швецияда – 3,42 %, АҚШ-та – 3,4 %, Жапонияда – 3,30 %, Германияда – 3,14 %. Қытайдың ҒЗТКЖ шығыстары қарқынды өсуде. Ағымдағы онжылдықта Қытай ғылымға жұмсалатын шығыстар көлемі бойынша Еуропалық одақ елдерін, ал келесі онжылдықта АҚШ-ты қуып жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары ғылымға жұмсалатын барлық шығындардың 60 %-дан астамы тек екі елге – АҚШ пен Қытайға тиесілі екенін атап өтеді.
Экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің шамамен 2 %-ына, өтпелі экономикасы бар елдерде 1,5 %-ына (Ресейде 0,94 %-ына) тең. Сонымен қатар елдердің 80 %-ы ғылыми зерттеулерге ЖІӨ-нің кемінде 1 %-ынан аз мөлшерін инвестициялайды, олардың ішінде Қазақстан да бар. ҚР ҒЖБМ ресми деректері бойынша ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 0,12 %-ынан аспайды.
Дамыған елдерде жаңа білімді немесе шешімдерді қамтитын жаңа немесе озық технологиялардың, өнімдердің, жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85 %-ға дейінгі көлемі тиесілі. Мәселен, Германияда кәсіпорындардың 71,8 %-ы, Бельгияда 53,6 %-ы, Эстонияда 52,8 %-ы, Финляндияда 52,5 %-ы және Швецияда 49,6 %-ы тұрақты түрде технологиялық инновацияларды енгізуді жүзеге асырады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 31,9 %-дан төмен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы).
Аграрлық ғылымды дамыту, оны бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаумен сабақтастыру, өндіріске инновацияларды енгізу арқылы ҚазҰАЗУ осы проблемаларды шешуге белсене атсалысуға тиіс.
3-кіші бөлім. Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлерін, олардың "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін анықтау
Болжам бойынша жаһандық сын-қатерлердің күшеюі, әлемдік саяси, экономикалық және демографиялық ахуалдың шиеленісуі аясында әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі арта түседі.
БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің баяндамасына сәйкес жақын арадағы 50 – 60 жылда әлемдегі халық саны 8,2 млрд жоғары болады: халық санының ең жоғары көрсеткіші 2080 жылдары 10,3 млрд адамға жетеді деп күтілуде. Осыдан кейін өсім тоқтайды, ал 2100 жылға қарай планета халқының саны 10,2 млрд дейін біршама азаяды. Осы ғасырда ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізу ықтималдығы өте жоғары – 80 %.
Мұндай жағдайда Қазақстан екі бірдей міндетті іске асыруы қажет, атап айтқанда, өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және қазіргі әлеуетті ескере отырып әлемдік нарықтарға азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша өңірдегі көшбасшыға айналуға тиіс. Алайда, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біздің агроөнеркәсіптік кешеніміз жоғары бәсекелестік сапаға ие болуы тиіс. Мұның бәрі аграрлық ғылымның соңғы жетістіктерін өндіріске кеңінен енгізу, саланың инвестициялық тартымдылығына, еңбек өнімділігін арттыру және өндірісті заманауи құзыреттерді меңгерген мамандармен қамтамасыз ету есебінен экономиканың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Бұл үдерісте еліміздің аграрлық бейіндегі жетекші университеті – ҚазҰАЗУ-ға үлкен міндет жүктеледі.
Алайда, қазіргі материалдық-техникалық жарақтандыру, зерттеу және білім беру қызметін ұйымдастыру деңгейімен, сондай-ақ кадрлар құрамымен ҚазҰАЗУ алға қойылған міндеттерді шешуі екіталай. Озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жүйелі өзгерістер мен түбегейлі реформалар жүргізу қажет болады. Осы тұрғыдан алғанда, ең жақсы ұсыныс – зерттеу университетін әрі қарай дамыту, онда зерттеу қызметі, білім беру және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу процестері біртұтас жүйеге біріктірілуі керек. Осы аталған Бағдарлама осы мақсатқа сай әзірленді.
4-бөлім. Бағдарламаның көзқарасы
Бағдарламаның көзқарасы: Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның аграрлық бейіндегі элиталық ғылыми-инновациялық ЖОО атану, ол:
ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және экономиканың нақты секторымен әріптестікте халықаралық стандарттар деңгейінде ғылыми-білім беру процесін жүзеге асырады;
инновациялық аграрлық зерттеулердің және ауыл шаруашылығындағы өзгерістердің драйвері болып табылады;
білім мен технологиялардың таралуын, инновациялық ғылыми-білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
адами капиталды дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік береді;
QS-WUR әлемдік рейтингіндегі үздік 600 университеттің қатарына кіреді.
5-бөлім. Бағдарламаның миссиясы
Бағдарламаның миссиясы – аграрлық ғылымды дамыту, оның жетістіктерін өндіріске енгізу, АӨК үшін заманауи білімі бар бәсекеге қабілетті және құзыретті кадрларды даярлау арқылы экономиканың аграрлық секторын өркендету және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның құндылықтары – Қазақстанда ғылымды, білім беруді және өндірісті интеграциялаудың заманауи моделін құру және оны еліміздің басқа ЖОО-ларына трансформациялау.
6-бөлім. Стратегиялық басымдықтар
1-кіші бөлім. Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі
ҚазҰАЗУ-дың Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі оның аграрлық ғылым мен білімнің флагманы, агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) технологиялық тұрғыдан жаңғыртудың драйвері және зерттеу университеті моделін енгізудегі көшбасшылардың бірі ретіндегі мәртебесінен көрінеді.
ҚазҰАЗУ ауыл шаруашылығы, ветеринария, азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстары, жер менеджменті және АӨК-тегі IT-сектор үшін жаңа формациядағы біліктілігі жоғары кадрларды даярлайтын негізгі орталық болмақ.
Университет республикада алғашқылардың бірі болып білім, ғылым және өндірісті ұштастыру моделін іске асыра бастады, бұл іс отандық жоғары мектеп жүйесіне үлгі болады. Университет базасында академиялық процесс пен ауқымды іргелі/қолданбалы зерттеулер біріктіріледі.
Ғылыми-зерттеу институттарымен, тәжірибелік шаруашылықтармен және жетекші агроқұрылымдармен тығыз сабақтастықтың арқасында университетте теориясы өндірістегі практикамен нығайтылған кадрлар даярлаудың үздіксіз экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаңа мамандандырылған зертханаларды "ақылды" ауыл шаруашылығы және цифрлық құзыреттер орталықтарын құру ҚазҰАЗУ-ды инновацияларды, жасанды интеллектіні және озық технологияларды экономиканың нақты секторына айналдырады.
Қос дипломды білім беру бағдарламаларын белсенді дамыту (соның ішінде Чжэцзян технологиялық университеті сияқты әлемдік жетекші орталықтармен серіктестік), жаһандық қауымдастықтарға және басқалармен мүшелік ету және бірлескен зертханалар ашу Қазақстанның аграрлық білімін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялайды.
Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге талпынған кадрларды даярлауға бағдарлану, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және білімді тарату жүйелерін (Extension services) дамыту өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға және Қазақстанның ауылдық аумақтарын тұрақты дамытуға ықпал етеді.
2-кіші бөлім. Академиялық саясат
Зерттеу университетінің заманауи моделі шеңберінде мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру қызметін жоспарлау және басқару бойынша жүйелі шаралар қабылдау академиялық қызметтің стратегиялық басымдылығы болып табылады.
Бұл ретте күш-жігер мыналарға бағытталатын болады:
ең алдымен, еңбек нарығын форсайт-зерттеулер негізінде білім беру бағдарламаларын жедел жаңарту, агробизнес қажеттілігі және оқытудың практикалық бағытын күшейту есебінен жаңа формациядағы біліктілігі жоғары мамандарды даярлау;
ҒЗИ ғалымдарын, тәжірибелі басшыларды және озық агроқұрылым мамандарын білім беру процесіне барынша тарту арқылы білім, ғылым және өндірістің интеграциясын қамтамасыз ету;
халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету;
оқытудың инновациялық технологияларын енгізу;
білім беру сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету жүйелерін құру;
академиялық ұтқырлықты дамыту;
студентке бағдарланған оқуды ұйымдастыру;
парасаттылық, академиялық адалдық, оқыту мен білім алушылардың білімін бағалаудағы табандылық сияқты моральдық құндылықтарды дамыту.
Жоғары академиялық стандарттарды сақтау және сапаны ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ҚазҰАЗУ академиялық адалдық лигасына кірді.
Білім алушылар арасында тиісті мәдениетті қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар алаңы құрылды.
3-кіші бөлім. Ғылыми қызметі
Ғылыми қызметтегі стратегиялық басымдықтар:
ҚазҰАЗУ-ға сенімгерлік басқаруға берілген ҒЗИ ғалымдарымен бірлесіп ПОҚ, магистранттар мен докторанттарды ғылыми қызметке барынша тарту;
зияткерлік әлеуетті нығайту;
қолданбалы ғылымды дамыту;
ғылыми зерттеу тақырыптарын агробизнес қажеттіліктеріне сәйкестендіру;
ірі пәнаралық ғылыми бағдарламаларды іске асыруға көшу;
халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуге баса назар аудару.
ҚазҰАЗУ қызметінің маңызды бағыты – білімді таратуға, зерттеу қызметінің нәтижелерін өндіріске енгізуге, нысаналы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қатысу. Атап айтқанда, ҚазҰАЗУ жергілікті жерлерде білімді тарату қызметіне атсалысады және фермерлерді оқытуда, ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыруда негізгі әрекет етуші тұлға ретінде қатысады. Тәжірибелік шаруашылықтар базасында пилоттық режімде инновациялық жобалар іске асырылады, кейіннен олар фермерлерді оқыту және жаңа агротехнологияларды демонстрациялау базасы ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар ҚазҰАЗУ-дың күш-жігері шағын инновациялық кәсіпорындарды құру және дамыту, бизнес-құрылымдармен бірлесіп жергілікті жерлерде нақты бизнес-жобаларды жасау және іске асыру арқылы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге бағытталады.
4-кіші бөлім. Цифрлық трансформация және жаһандық академиялық әріптестік
Цифрлық трансформация және жаһандық академиялық әріптестік – ҚазҰАЗУ-ды АӨК саласындағы жаңа буынның халықаралық ғылыми-білім беру хабына айналдыратын екі негізгі вектор.
Осы екі бағыттың сабақтастығы университетке дәстүрлі оқыту форматынан әлемдік ғылыми кеңістікке интеграцияланған Digital & Research University моделіне өтуге мүмкіндік береді.
Цифрлық форматқа өту университетті басқаруды да, "ақылды" ауыл шаруашылығы (Smart Agriculture) үшін мамандар даярлауды да қамтиды.
Университет агрономия мен экологияда жасанды интеллектіні (AI), үлкен деректерді (Big Data) және заттар интернетін (IoT) қолдануға байланысты білім беру бағдарламаларын белсенді түрде енгізуде. Студенттер егіс алқаптарын мониторингтеуге арналған спутниктік түсірілімдермен, дрондармен және фермаларды басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
ҚазҰАЗУ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жалпыұлттық бастамалары аясында Coursera платформасының ресурстарын пайдаланады. Студенттер цифрландыру, биотехнология және менеджмент бойынша әлемнің жетекші профессорлары әзірлеген заманауи курстарға қол жеткізеді.
Нақты егіншілік, мал және өсімдік шаруашылығындағы генетикалық зерттеулерге арналған цифрлық зертханалар құрылуда. Бұл ғылыми идеяларды өндіріске енгізу мерзімін едәуір қысқартады.
ҚазҰАЗУ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен мен зерттеу орталықтарымен стратегиялық әріптестік желісін құруда.
Қос дипломды білім беру бағдарламалары мен академиялық тәжірибе алмасу қарқынды дамып келеді. Магистранттар мен докторанттар озық аграрлық жоғары оқу орындарында (АҚШ, Нидерланды, Германия, Қытай және т.б. елдерде) тағылымдамадан өтеді.
Зерттеулер шетелдік ғалымдармен бірлесіп климаттың өзгеруі, АӨК-тегі ESG күн тәртібі, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнологиялар сияқты аса маңызды бағыттар бойынша жүргізіледі. Бұл халықаралық гранттар мен қаржыландыруды (соның ішінде БҰҰ және FAO жобаларын) тартуға мүмкіндік береді.
Халықаралық әріптестік арқылы ҚазҰАЗУ үздік цифрлық практикаларды импорттайды. Шетелдік профессорлар дәріс оқумен ғана шектелмей, оқу жоспарларын цифрлық трансформациялау үдерісіне қатысады. Бұл университет түлектері дипломдарының жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Синергиялық әсер: әлемдік стандарттарға сәйкес цифрландырылған ішкі үдерістер жаңа формациядағы агромамандарды даярлауға мүмкіндік береді. ҚазҰАЗУ түлегі – тек агроном немесе зоотехник қана емес, роботтандырылған кешендерді басқара алатын, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігі мен тұрақты дамуын арттыру үшін data-driven тәсілдерін тиімді қолданатын агроөнеркәсіптік саладағы ІТ-маман.
5-кіші бөлім. Инфрақұрылым
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде университетте қазіргі заманғы АӨК-тің барлық маңызды бағыттары бойынша материалдық-техникалық база жаңартылатын болады.
33 жаңа оқу зертханасын, цифрлық технологияларды оқытатын инновациялық орталық және "ақылды" ауыл шаруашылығы орталығын құру ҚазҰАЗУ-дағы білім беру және ғылыми үдерісті сапалы трансформациялауға негіз болмақ.
Бұл бастама агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды:
агрономия, биотехнология және экология – агросекторды климатқа бейімдеуге, селекциялық жетістіктерге және табиғи биоалуантүрлілікті сақтауға басымдық береді;
ветеринария, мал шаруашылығы және биосфера – биологиялық қауіпсіздіктің, жануарларды диагностикалау мен емдеудің ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді;
цифрлық технологиялар, ЖИ және Smart-басқару – университетті агросектордың озық технологиялық хабына айналдыратын IT-инфрақұрылымды дамытуға бағытталған;
су ресурстары, орман шаруашылығы және инженерия – маңызды өңірлік міндеттерді, соның ішінде су тапшылығын азайтуды, мелиорацияны, жаңартылатын энергетиканы және логистикалық тізбектерді дамытудың практикалық шешімін табуды көздейді;
азық-түлік қауіпсіздігі, фармация және әлеуметтік блок – түпкілікті өнімнің сапасын қатаң бақылау және студенттер арасында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ дуалды оқыту міндетін шешетін жеке оқу-өндірістік алаңдар құрылады:
оқу-өндірістік смарт-ферма – Smart Agriculture ("ақылды" ауыл шаруашылығы) тұжырымдамасының демонстрациялық алаңына айналады. Мұнда болашақ ветеринарлар, зоотехниктер, инженерлер, аграрлық сектордың IT-мамандары және басқа да мамандар практикадан өтеді;
оқу-өндірістік орман питомнигі – бұл объект жаңа орман зертханасы, сондай-ақ ландшафтық дизайн, орман шаруашылығы және экология мамандары үшін ғылыми-өндірістік базаға айналады;
оқу-өндірістік құс фермасы – мұнда құстардың заманауи кросстарын (тұқымдарын) зерттеу, оңтайлы азықтандыру рациондарын таңдау және биологиялық қауіпсіздіктің қатаң стандарттарын пысықтау жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) тетіктерін тарта отырып, жаңа объектілер салу бойынша жобаларды іске асыру мынадай міндеттерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді:
білім алушылар контингентінің өсуі аясында басқа қалалардан келген студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етудегі қиындықты жою;
ғылымның кадрлық әлеуетін қолдау – жас ғалымдарға (соның ішінде университет сенімгерлікпен басқаратын ҒЗИ қызметкерлеріне) баспана бөлу аграрлық ғылым саласында келешегі бар кадрларды тұрақтандыруға және зерттеушілердің осы саладан кетуін азайтуға ықпал етеді.
Қолданыстағы әлеуметтік және қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту үшін IT-инфрақұрылымы, серверлік және желілік инфрақұрылым, кітапхана мен баспахана қосымша жарақтандырылатын болады. Оқу корпустары мен жатақханаларға реконструкция жүргізіледі.
Сондай-ақ ҚазҰАЗУ-дың сенімгерлік басқаруындағы ҒЗИ мен ТШ материалдық-техникалық базасы нығайтылады: технопарк, ғылыми орталықтар мен зертханалар құрылады.
7-бөлім. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу жолдары
Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:
ҚазҰАЗУ-дың материалдық-техникалық және зертханалық базасын заманауи құрал-жабдықтармен жаңарту;
әлемнің озық зерттеу университеттерінің тәжірибесі бойынша барлық деңгейлерде ЖОО-ның ұйымдастырушылық құрылымы мен басқару жүйесін реформалау бойынша кешенді шаралар жүргізу.
Академиялық қызмет саласында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
озық шетелдік ЖОО-лармен және стейкхолдерлермен тығыз серіктестікте оқу жоспарларын тұрақты әрі жедел жаңартып отыру;
оқытушылық қызметке қазақстандық ҒЗИ мен шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарының жетекші ғалымдарын белсенді түрде тарту;
оқу және ғылыми-өндірістік платформаларды құру арқылы оқытудың практикалық бағытын күшейту;
практикалық сабақтар мен өндірістік тағылымдамаларды ауыл шаруашылығы жұмыстарының нақты технологиялық мерзімдерімен ұштастыра жүргізу;
елдің озық агроқұрылымдарының басшылары мен мамандарын сабақ беруге және тәлімгерлікке тарту;
тікелей тәжірибелік шаруашылықтарда және ҒЗИ базаларында студенттер үшін жайлы өндірістік және тұрмыстық жағдайлар жасау;
шетелдік университеттермен бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламаларына кезең-кезеңмен көшу;
әлемдегі озық ЖОО-лардың филиалдарын ашу;
білім мен тәжірибе алмасу үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсендендіру;
агросекторда жұмыс істеуге бағдарланған талапкерлерді тарту, бұл жас мамандардың жұмысқа орналасуының және ауылда қызмет істеп қалуының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ғылыми қызмет саласында көзделген мақсатқа қол жеткізу мынадай шаралар арқылы қамтамасыз етіледі;
профессор-оқытушылар құрамын, магистранттар мен докторанттарды нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына және гранттық жобаларға тарту;
ғылыми мектептердің дәстүрлерін дамыту және сақтау;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің практикалық мәселелерін және агробизнестің нақты сұраныстарын шешуге бағдарлана отырып, әртүрлі ғылымдардың тоғысындағы зерттеу тақырыптарын қалыптастыру;
университет пен ҒЗИ (соның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген) ғалымдарының халықаралық ғылыми коллаборацияларға және гранттық бағдарламаларға белсенді қатысуы;
ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруды күшейту, оларды экономиканың нақты секторына енгізу, патенттер алу, технологиялар трансфері және инновациялық әзірлемелерді нарыққа шығару.
8-бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелерді сипаттау
Бағдарламаны іске асыру 2030 жылдың соңына қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ҚазҰАЗУ мәні мен мазмұны жаңартылған материалдық-техникалық және зертханалық базасы бар әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналады, онда ғылыми зерттеулерді орындау, білім беру үдерісі және ҒҒТҚН нәтижелерін өндіріске енгізу біртұтас жүйеге біріктіріледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау үшін "оқуды үйрету және білімді практикада қолдану" қағидаты негізінде білім беру жүйесіне түбегейлі реформа жүргізіледі. Дуалды оқытуға басымдық бере отырып, бағдарламаларды жедел жаңарту тетігі іске қосылады. Студенттер университетте алған теориялық білімдерін ҒЗИ мен тәжірибелік шаруашылық базасында құрылған оқу және ғылыми-өндірістік платформаларда пысықтайтын болады, ал практикалық сабақтар мен өндірістік практикалар маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу мерзімдерімен барынша сабақтастырылады.
Оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылардың үлесі 10,2 %-ды, қос дипломды білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламаларының саны 15 бірлікті құрайды. Чжэцзян технологиялық университетімен бірлесіп іске асырылатын "Жасанды интеллект және геоақпараттық жүйелер" қос дипломды білім беру бағдарламасы бұдан әрі дамиды.
ҚазҰАЗУ түлектерінің біліктілік деңгейі артады. Түлектердің ЖОО-ны аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасу үлесі 90 %-ға жетеді.
"Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" ұлттық зерттеу университеті филиалының қызметі кеңейеді, қосымша АҚШ-тың озық аграрлық ЖОО-ларының бірінің филиалы ашылады.
Зерттеушілер саны 31,5 %-ға артады, магистранттар мен докторанттар ғылыми жобаларға, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға (бұдан әрі – БНҚ), гранттық қаржыландыруға (бұдан әрі – ГҚ), сондай-ақ халықаралық ғылыми жобаларға қатысу есебінен ғылыми қызметке барынша тартылады.
Университет қызметкерлерінің Journal Citation Reports JCR жоғары рейтингтік Q1, Q2 басылымдарындағы мақалалары мен шолу мақалаларының саны 75-ке жетеді. ҒЗИ базасында кемінде 69 магистрант пен PhD докторантты бірлесіп даярлау жүзеге асырылады. Университеттің ПОҚ штатында қосымша жұмыс істеу және/немесе сағаттық төлем шарттарымен жұмыс істейтін ҒЗИ ғалымдарының саны 80 адамды құрайды.
Корпоративтік басқарудың тиімді моделі жасалып, университеттің зияткерлік әлеуеті нығайтылады. Зерттеу және академиялық қызметті дамыту мәселелерінде Ғылыми кеңестің рөлі артады. ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын ғалымдар мен зерттеушілердің ішінде жас ғалымдардың үлесі 58,5 %-ды, корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ПОҚ үлесі 60 %-ды, ұйымдастырылған қоғамдық қызметке тартылған білім алушылардың үлесі 61 %-ды құрайды.
Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ішіндегі коммерцияландырылатын жобалардың үлесі 33 %-ды құрайды. Нысаналы өңірде АӨК-тің кемінде 15000 субъектісін білім тарату жүйесінің қызметтері қамтиды. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге білім беру үшін практикалық семинарлар, ғалымдардың жергілікті жерге барып беретін жеке консультацияларымен қатар цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері жан-жақты пайдаланылады. ҚазҰАЗУ веб-сайтына білім тарату бойынша қосымша қызмет енгізіледі. Онда ҚазҰАЗУ-мен ынтымақтастықтың арқасында жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген және озық құзыреттерді меңгерген АӨК субъектілері туралы фильмдер, фото және бейнематериалдар жарияланған қосымша блок пайда болады. Осының барлығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және олардың мамандарын онлайн оқыту мен консультация беру үшін пайдаланылады.
Зертханалардың жаңартылған жабдықтарының үлесі 35 %-ды, IT-инфрақұрылымын жаңарту 35 %-ды құрайды.
Білім алушылар мен ПОҚ-тың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсарады. МЖӘ шеңберінде білім алушылар мен жас ғалымдарға арналған 450 және 200 орындық екі жаңа жатақхана пайдалануға беріледі. 2 оқу корпусына реконструкция жүргізіледі.
Сүтті және етті ірі қара мал шаруашылығы, ешкі өсіретін, құс өсіретін смарт-ферма, сондай-ақ микроклон арқылы көбейту зертханасының өнімдерін ары қарай тираждауға арналған заманауи орман питомнигі мен жылыжай сынды оқу-өндірістік платформалар құрылады. Сондай-ақ ҒЗИ-дің ғылыми инфрақұрылымы нығайтылады.
Бірінші кезекте университеттің, оған бағынысты құрылымдардың және басқаруға берілген субъектілердің шаруашылық және шаруашылық-шарттық қызметін дамыту есебінен ҚазҰАЗУ-дың қаржылық орнықтылығы артады. Бұл болашақта жеке инвестициялар есебінен оқу, ғылыми және өндірістік базаны жаңартуға әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
9-бөлім. Бағдарламаның іске асыру қарқынын мониторингтеу және бағалау
Бағдарламаны іске асыру барысы ҚазҰАЗУ-дың барлық басқару органдары мен оның құрылымдық бөлімшелерінің тұрақты бақылауында болады. Бағдарламада көрсетілген нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар жоспарына құрылымдық бөлімшелердің қол жеткізу барысын талдау мен жедел бақылау жұмыстарына Стратегия және талдау департаменті жетекшілік етеді. Бағдарламаның орындалу барысы туралы құрылымдық бөлімшелер тұрақты түрде, жылына кемінде 2 рет есеп береді.
Университеттің әрбір қызметкерінің қызметін бағалау, рейтингін, еңбекақы төлеу деңгейін және материалдық сыйақыны белгілеу жүйесінде оның осы Бағдарламаның мақсатты индикаторларын орындау дәрежесі шешуші мәнге ие болады.
Бағдарламаның іске асырылуын бақылау және оны ілгерілету нәтижелерін бағалау 1-2 қосымшаларда көрсетілген нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
| "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасына 1-қосымша |
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары
Р/с | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Жоспарлы кезең | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | 2029 жыл | 2030 жыл | |||
| Мақсаты – ҚазҰАЗУ-ды халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыру | |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1-міндет. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті білім беру процесімен сабақтастыру | |||||||
1. | 2023 жылғы зерттеушілердің жалпы санынан зерттеушілер санының өсімі (152 адам) |
адам |
160 |
170 |
181 |
192 |
200 |
2. | Университет қызметкерлерінің Journal Citation Reports JCR жоғары рейтингтік Q1, Q2 басылымдарындағы мақалалары мен шолу мақалаларының саны | бірлік | 69 | 70 | 72 | 73 | 75 |
3. | Ғылыми жобалардың жалпы санынан іске асырылып жатқан халықаралық ғылыми жобалардың үлесі | % | 1,5 | 2.9 | 4,2 | 5,5 | 6,6 |
4. | ЖЖОКБҰ-ны аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі | % | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 |
5. |
Университеттің QS-WUR рейтингісіндегі орны | орын | 660 | 640 | 630 | 620 | 610 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
6. | Студенттердің жалпы санынан ЖЖОКБҰ-дағы шетелдік студенттердің үлесі | % | 12 | 13 | 14 | 15 | 15 |
7. | Оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылардың үлесі | % | 9,2 | 9,5 | 9,8 | 10 | 10,2 |
8. | Білім алушылар мен ПОҚ-тың білім беру қызметтерінің сапасы мен экожүйеге қанағаттану деңгейі | % | 88 | 89 | 90 | 91 | 91 |
| 2-міндет. Корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру және университеттің зияткерлік әлеуетін нығайту | |||||||
1. | ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын ғалымдар мен зерттеушілердің жалпы санының жас ғалымдар үлесі | % | 42,9 | 45,1 | 51,0 | 57,1 | 58,5 |
2. | Біліктілігін арттырудан және шетелдік тағылымдамадан өткен ПОҚ үлесі | % | 80 | 83 | 85 | 87 | 90 |
3. | Корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ПОҚ үлесі | % | 40 | 45 | 50 | 55 | 60 |
4. | Азаматтық және патриотизм деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде студенттік өзін-өзі басқару, дебат және волонтерлік қозғалыс арқылы тартылған білім алушылардың үлесі | % | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 |
| 3-міндет. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу қызметі | |||||||
1. | Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санының коммерцияландырылған жобалар үлесі | % | 25 | 30 | 31 | 32 | 33 |
2. | ҒҒТҚН коммерцияландыру және қолданбалы ғылыми зерттеу жобаларын жеке қоса қаржыландыру үлесі | % | 15 | 20 | 30 | 35 | 40 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
3. | Ғылымды бюджеттік қаржыландырудың жалпы көлемінің АӨК субъектілерін ғылыми сүйемелдеуден түсетін кірістер үлесі | % | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 4-міндет. Университеттің ғылыми-білім беру инфрақұрылымын және цифрлық архитектурасын дамыту | |||||||
1. | Зертханалардың жаңартылған жабдықтарының үлесі | % | 10 | 20 | 25 | 30 | 35 |
2. | IT-инфрақұрылымын жаңарту үлесі | % | 15 | 20 | 25 | 30 | 35 |
3. | ЖЖОКБҰ-ның жалпы кірісінен, оның ішінде эндаумент-фонд шеңберінде дамытуға тартылған инвестициялар үлесі | % | 1,5 | 2,0 | 2,5 | 3,0 | 3,5 |
4. | Студенттік жатақханаларда пайдалануға берілген орын саны | орын | 450 | - | 200 | - | - |
| "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасына 2-қосымша |
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шаралар атауы | Өлшем бірлігі | Тікелей нәтиже көрсеткіштері | Аяқталу нысаны | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | 2029 жыл | 2030 жыл | ||||
1-міндет. Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, ғылым мен білім беруді одан әрі интеграциялау | ||||||||
1. |
Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларының жалпы саны, оның ішінде: халықаралық коллаборация шеңберінде орындалған; | бірлік |
шарттар, | |||||
55 | 56 | 57 | 60 | 65 | ||||
|
|
|
|
| ||||
2. | бірлік | 0,90 | 0,91 | 0,92 | 0,93 | 0,95 | дерекқорлардан алынған мәліметтер | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
халықаралық рейтингтік журналдарда соңғы бес жылда жарияланған ғылыми мақалалардың орташа цитаталану деңгейі | ||||||||
3. | Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын профессорлар мен оқытушылардың үлесі | % | 30 | 32 | 33 | 34 | 35 | бұйрықтар |
4. | Мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде алынған патенттер саны | бірлік | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | патенттер, авторлық куәліктер |
5. | Халықаралық патенттер саны | бірлік | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | патенттер |
6. |
Отандық ғылымның халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануын күшейтуге арналған әлемнің озық ғылыми орталықтарымен жасалған шарттардың (меморандумдардың) саны | бірлік | 28 | 29 | 32 | 35 | 36 | шарттар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
7. | ҒЗИ базасында магистранттар мен PhD докторанттарды бірлесіп даярлау | адам | 58 | 61 | 64 | 66 | 69 | бұйрықтар, есептік ақпарат |
8. | Университеттің ПОҚ штатында қоса атқарушылық және/немесе сағаттық төлем шарттарымен жұмыс істейтін ҒЗИ ғалымдарының саны | адам | 58 | 65 | 70 | 75 | 80 | бұйрықтар, штаттық кесте |
9. | Диссертациялық кеңестердің саны | бірлік | 9 | 10 | 10 | 10 | 10 | диссертациялық кеңестің құрамы туралы бұйрық |
10. | EMBA, MBA, DBA бағдарламаларының саны | бірлік | 2 | 2 | 3 | 4 | 5 | MBA, DBA бағдарламалары |
11. | Постдокторантура бағдарламаларының саны | бірлік | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | постдокторантура бағдарламалары |
12. | Білім алушылар контингенті | адам | 7200 | 8000 | 8500 | 9000 | 10000 | статистикалық есептілік |
13. | Инновациялық білім беру бағдарламаларының үлесі | % | 6 | 8 | 9 | 10 | 11 | инновациялық білім беру бағдарламалары |
14. | QS рейтингінің ТОП-1000 тізіліміне кіретін серіктес жоғары оқу орындарының қос дипломды білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламаларының саны | атау | 9 | 10 | 12 | 15 | 15 | білім беру бағдарламалары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
15. | Студенттердің жалпы санынан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кемінде бір триместр, семестр, оқу жылы мерзіміне шетелге білім алуға кеткен студенттердің үлесі | % | 0,8 | 1,0 | 1,2 | 1,4 | 1,6 | бұйрықтар |
16. | Студенттердің жалпы санынан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кемінде бір триместр, семестр, оқу жылы мерзіміне шетелден келген студенттердің үлесі | % | 6,0 | 6,2 | 6,5 | 6,7 | 7,0 | бұйрықтар |
17. | Бірлескен білім беру бағдарламаларының саны | бірлік | 4 | 6 | 8 | 10 | 12 | бірлескен білім беру бағдарламалары |
18. | ПОҚ-тың жалпы санынан ағылшын тілінде сабақ беретін профессорлар мен оқытушылардың үлесі | % | 8 | 9 | 11 | 14 | 16 | сертификаттар |
19. | Бағыттар бойынша халықаралық рейтингтерге кірген бағдарламалар саны (BY SUBJECT) | бірлік | 1 | 1 | 2 | 3 | 4 | есептік деректер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
20. | ТИАМИИ ҰЗУ филиалына арналған | бірлік | 3 | 3 | 6 | 6 | 6 | білім беру бағдарламалары |
серіктес ЖОО-мен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламаларының саны | ||||||||
21. | Университет базасында құрылған филиалдың бағдарламалары бойынша білім алушылар контингенті | адам | 86 | 130 | 150 | 200 | 250 | бұйрықтар |
22. | Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттердің саны | адам | 1300 | 1400 | 1500 | 1600 | 1700 | шарттар, бұйрықтар |
| 2-міндет. Корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру және университеттің зияткерлік әлеуетін нығайту | ||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. | Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын жас ғалымдардың саны | адам | 73 | 82 | 98 | 115 | 120 | бұйрықтар |
2. | Әлемнің озық ЖОО-лары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткен ПОҚ және ғылыми қызметкерлердің саны | адам |
60 |
80 |
100 |
120 |
140 | сертификаттар |
3. | Басқа ЖЖОКБҰ, колледждер мен ҒЗИ қызметкерлері үшін ұсынылатын біліктілікті | атау | 40 | 45 | 50 | 55 | 60 |
біліктілікті арттыру бағдарламалары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
арттыру бағдарламаларының саны | ||||||||
4. | "Үздік ғылыми қызметкер", "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" сыйлықтарын, мемлекеттік сыйлықтарды және ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін көрнекті ғалымдарға арналған стипендиялар беру жөніндегі жыл сайынғы конкурстарға қатысу | адам |
31 |
33 |
35 |
37 |
39 | бұйрықтар |
5 | Күміс университет бағдарламалары бойынша тыңдаушылардың саны | адам | 80 | 100 | 120 | 140 | 160 | бұйрықтар, сертификаттар |
6. | Бейресми білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылардың саны | адам | 50 | 100 | 150 | 180 | 200 | бұйрықтар, сертификаттар |
| 3-міндет. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу жөніндегі қызмет | ||||||||
1. |
Ғылыми-зерттеу қызметінің коммерцияландырылған жобаларының саны | бірлік | 6 | 6 | 7 | 7 | 8 | шарттар, енгізу актілері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2. |
Ғылыми жобалардың жалпы санынан білім алушылар, ҒЗИ | % | 9 | 13 | 16 | 19 | 22 | стартап жобалары |
3. | Білім тарату жүйесінің қызметтерімен қамтылған АӨК субъектілерінің саны | бірлік | 2000 | 5000 | 10000 | 12000 | 15000 | шарттар |
4. | Қызмет көрсетуге арналған шарттар саны | бірлік | 50 | 100 | 130 | 160 | 200 | шарттар |
5. | Ғылыми және инновациялық қызметке қатысты ірі бизнес өкілдерімен қамқорлыққа алу бойынша жасалған меморандумдар мен келісімдер саны | бірлік | 10 | 15 | 20 | 25 | 30 | меморандумдар |
6. | ҒҒТҚН коммерцияландырылатын жобалары мен қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қоса қаржыландыру көлемі (жергілікті атқарушы органдар, бизнес өкілдері) | мың теңге | 300000,0 | 320 000,0 | 350 000,0 | 400 000, | 420 000,0 | шарттар |
7. | Ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және коммерцияландырылған | % | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | шарттар, орындалған жұмыс актілері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
жобалардан алынған кірістердің үлесі | ||||||||
| 4-міндет. Университеттің ғылыми-білім беру инфрақұрылымын және цифрлық архитектурасын дамыту | ||||||||
1. | АӨК-ті дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми-технологиялық және инжинирингтік парктер құру | бірлік | 1 | 3 | 3 | 4 | 4 | бұйрықтар, пайдалануға беру актілері |
2. | ҒЗИ-мен бірлесіп ұжымдық пайдаланудағы жаңа ғылыми- инновациялық зертханалар құру | бірлік | 3 | 4 | 6 | 8 | 10 | бұйрықтар |
3. | Университеттің аккредитацияланған және сертификатталған зертханаларының саны | бірлік | 4 | 4 | 5 | 5 | 6 | сертификаттар |
4. | Цифрландырылған қағаз жеткізгіштердің (ғылыми еңбектер, жарияланымдар және т.б.) үлесі | % | 50 | 60 | 70 | 80 | 90 | электрондық форматтағы есептік ақпарат |
5. | Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен өзара іс-қимыл жасауға арналған цифрлық платформаны құру, мұнда ҒЗИ интегратор, технологияларды | бірлік | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | цифрлық платформа |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
тасымалдаушы немесе қабылдаушы ретінде әрекет етеді | ||||||||
6. | Coursera халықаралық білім беру платформасын игерген білім алушылардың үлесі | % | 35 | 40 | 45 | 50 | 55 | сертификаттар |
7. | Жұмыс істеп тұрған әлеуметтік және қызмет көрсету инфрақұрылымын реконструкциялауға бюджеттен тыс қаражаттан тартылған инвестициялар | мың теңге | 1383000,0 | 880000,0 | 905000,0 | 980000,0 | 1075000,0 | пайдалануға беру актілері |
8. | 450 орындық 1 студенттік жатақхананың (бас кампус) және ҚазЕӨШҒЗИ-дегі жатақхананың құрылысына бағытталған МЖӘ шеңберіндегі инвестициялар | мың теңге | 2300000 | 300000 | 1200000 |
пайдалануға беру актілері | ||
9. | Республикалық бюджеттен тартылған инвестициялар, оның ішінде: | мың теңге | 11172151,4 | 7597451,3 | 8509294,3 | |||
ғылыми-білім беру зертханаларының, соның | мың теңге | 5 286 739,1 | 3 376 847,5 | 5 024 413,9 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
ішінде цифрлық технологияларды | ||||||||
оқытудың инновациялық орталығының материалдық-техникалық базасын дамыту | ||||||||
IT-инфрақұрылымын, серверлік және желілік инфрақұрылымды қосымша жабдықтау | мың теңге | 722 668,3 | 355 372,8 | 19 760,4 | ||||
оқу-өндірістік орман питомнигін құру | мың теңге | 163 755,0 | ||||||
оқу-өндірістік смарт-фермасын құру; | мың теңге | 1 855 231,0 | 1 415 120,0 | |||||
оқу-өндірістік құс фермасын құру | мың теңге | 1 058 666,0 | ||||||
университетке сенімгерлік басқаруға берілген ҒЗИ мен ТШ-ның материалдық-техникалық базасын нығайту | мың теңге | 3940323,0 | 2010000 | 2050000 | ||||