Үкіметаралық келісімдер мен инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын электр энергетикасы саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының электр энергетикасы саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде үкіметаралық келісімдер мен инвестициялар туралы келісімдерді орындау үшін аккредитивтерді немесе банк кепілдіктерін шығаруы (беруі) жөніндегі шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |