1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағында, 76-бабының 1 тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында бекітілген" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында, 77-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 12-бабында бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ҚПК-нің 106-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер (әрекетсіздік) және шешімдер сот тәртібімен шағым жасауға жатады.
ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағым жасауға жататын өзге әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге:
тергеу судьясы санкциялайтындарды қоспағанда, күдіктіге, айыпталушыға процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану;
жәбірленуші деп танудан бас тарту;
қылмыстық құқық бұзушылық және оны тексеру кезіндегі әрекетсіздік туралы хабарды қабылдаудан бас тарту;
қорғаушыны тағайындау немесе өкілді, заңды өкілді жіберу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту;
қорғаушыны, жәбірленушінің өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қатысудан шеттету;
күдіктіні, айыпталушыны іздестіруге жариялау туралы қаулы (халықаралық іздестіруге жариялау туралы қаулыдан басқа немесе сот іздестіруге жарияланған күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қараған болса);
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;
күдіктіге, айыпталушыға, оның қорғаушысына (қорғаушыларына), жәбірленушіге, оның өкіліне, заңды өкіліне сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде танысуға жататын қылмыстық істің материалдарын ұсынбау;
ҚПК-нің 99-бабының тәртібімен өтінішхатты қарамау (өтінішхатты уақтылы қарамау) және т.б. жатқызылуы мүмкін.
Тергеу судьясы санкцияламайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының бұлтартпау шараларын қолдану, олардың күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулылары ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағым жасауға жатады. ҚПК-нің 153-бабының төртінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес қылмыстық қудалау органының кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оларды тергеу судьясы санкцияламайтын бұлтартпау шарасына өзгерту туралы қаулыларына осындай тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
Мамандандырылған тергеу соттары және мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары адамдардың тиісті жасырын тергеу әрекеттерінің (бұдан әрі – ЖТӘ) жүргізілуін заңсыз деп тану туралы арыздарын ҚПК-нің 106-бабында көзделген тәртіппен қарайды. ЖТӘ заңсыз деп танылған және оларды жүргізу нәтижесінде адамға залал келтірілгені анықталған жағдайда тергеу судьясы оған ҚПК-нің 4-тарауында көзделген тәртіппен залалды өтеткізуге құқығын түсіндіреді.
Арыз жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы хабардар етілген сәттен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін.
ҚПК-нің 502-бабының төртінші бөлігіне сәйкес прокурордың арызды, іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы хабарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы оны алған сәттен бастап он бес тәулік ішінде ҚПК-нің 106-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуға жатады.";
3) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңда өзге тәртіппен шағым жасау көзделген процестік әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдердің күшін жою туралы шағымдар, атап айтқанда Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты тіркеудің күшін жою туралы шағымдар, оларды ҚПК-нің 179-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 5) тармақтарының талаптарын бұза отырып, тіркеу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы, адамды күдікті, қорғануға құқығы бар куә деп тану, іс-әрекетті дұрыс сараламау немесе айыптаудың дұрыс тұжырымдалмауы туралы, не оның дәлелденбегені туралы, күдікті деп тану және іс-әрекетті саралау кезінде заңды дұрыс қолданбау туралы, бұлтартпау шарасын тергеу судьясы санкциялайтын бұлтартпау шарасына өзгерту, сот актілерінің заңсыздығы, мүлікке тыйым салудың күшін жою туралы өтініш қамтылған шағымдар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарауға жатпайды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, сараптамалар тағайындау туралы қаулыларды, процестік әрекеттердің хаттамаларын заңсыз деп тану туралы шағымдар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарауға жатпайды. Бұл ретте, қылмыстық қудалау органы тарапынан көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүргізу және шешім қабылдау барысында азаматтың және ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, мысалы жауап алуды заңда белгіленген уақыттан асырып үзіліссіз жүргізу, сараптама тағайындау туралы қаулымен таныстырмау, сарапшының шешуіне қосымша сұрақтарды қою туралы өтінішхат бойынша шешім қабылдамау және т.б. туралы шағымдар берілуі мүмкін.";
4) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сотқа шағымдар ҚПК-нің 106-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген мерзімді сақтай отырып, қылмыстық іс бойынша анықтауды және алдын ала тергеуді жүргізудің барлық кезеңінде, оның ішінде айыпталушыны сотқа беру сатысында берілуі мүмкін.
Тиісті прокурорға шағыммен жүгінгеннен кейін адам, оның қорғаушысы (қорғаушылары) прокурордың жауабымен танысқан күннен бастап он бес тәулік ішінде немесе егер осы уақытқа прокурордан жауап алынбаса, сол мерзімде осындай шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
Сотқа шағым беру үшін өткізіп алынған мерзім мүдделі адамның өтінішхаты бойынша ҚПК-нің 50-бабында көзделген жалпы қағидалармен қалпына келтірілуі мүмкін.
Қылмыстық істі сотқа жолдағаннан кейін келіп түскен прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерінің (әрекетсіздігінің), шешімдерінің заңсыздығы туралы шағымдарды қарауды сот ҚПК-нің 305-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша қарау кезінде жүзеге асырады.";
5) 7-тармақтың бірінші абзацындағы "жазбаша түрде жазылады" деген сөздер "жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында ұсынылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-тармақта:
бірінші абзацтағы "Шағымды өз өндірісіне" деген сөздер "Тергеу судьясының шағымды сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарауын қоспағанда, шағымды өзінің іс жүргізуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "судья" деген сөз "тергеу судьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
7) 13-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Сот" деген сөз "Тергеу судьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-тармақтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
9) мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. ҚПК-нің 306-бабының үшінші бөлігіне сәйкес тергеу судьясының соттылығына ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен жедел-іздестіру қызметінің, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне шағымдарды қарау жатқызылған.
Соттар прокурордың көрсетілген шешіміне шағымды жоғары тұрған прокурордың қанағаттандырудан бас тартуы адам келіспеген қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне (әрекетсіздігі) және шешімдеріне арыз берушінің шағымындағы дәлелдердің жиынтығымен ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарау нысанасы болып табылатынын ескеруге тиіс.";
10) 22-тармақ алып тасталсын;
11) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Прокурордың арыз беруші сотқа шағыммен жүгінгеннен кейін қабылдаған шағым жасалған шешімнің күшін жою туралы шешімі шағымды мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясы мұндай жағдайларда ҚПК-нің 106-бабы сегізінші бөлігінің талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.
Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру барысында тергеушінің немесе анықтаушының істі тоқтату туралы қаулыларының және басқаларының күші жойылған прокурордың қаулысы, сондай-ақ істің барлық мән-жайларының толық анықталмауына байланысты не заңның өзге де талаптарын сақтамауына орай прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының жазбаша нұсқаулары заңсыз деп танылуы мүмкін емес, өйткені олар алдын ала тергеудің және анықтаудың заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Көрсетілген қаулыларды шығару кезінде жол берілген арыз берушінің құқықтарын, бостандықтарыа нуменрация грамматикан, заңды мүдделерін бұзу жойылуға тиіс.";
12) 24-тармақтың бірінші абзацындағы "сот отырысында анықталса, судья" деген сөздер "сот отырысында анықталған жағдайда, оны қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған кезде тергеу судьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Арыз берушінің шағымы қанағаттандырылған және шағым жасалған процестік әрекеттің (әрекетсіздіктің), шешімнің күшін жою туралы қаулы етілген не жеке тұлғаның немесе ұйымның бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру тиісті лауазымды адамға, прокурорға жүктелген қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тергеу судьясының өкімі бойынша ол дереу орындау үшін тиісті органға, лауазымды адамға, прокурорға жіберіледі, олар қаулының орындалғаны туралы сотқа хабарлауға міндетті.
Бұл ретте қаулыда сот актісінің орындалуы туралы сотқа хабарлау мерзімі көрсетілуге тиіс.
Шағымды ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарау нәтижесі бойынша шығарылған тергеу судьясының заңды күшіне енген немесе дереу орындалуға жататын сот актісін орындамаған жағдайда заң бұзушылықтарын жою міндеттелген лауазымды адам заңда көзделген жауаптылыққа тартылуға жатады.";
14) 29-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланғаннан кейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
А. Мерғалиев |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |