Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, 15 шілдеден және 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 765 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Аяқталу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Үкімет мемлекеттік қаржы орнықтылығының мынадай нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етсін | |||
1.1 | Республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіші (ковенанты) ретінде мұнайға қатысты емес тапшылықтың рөлін бекіте отырып, республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы деңгейін 2025 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 7,3 %-ға, 2026 – 2027 жылдары 5,9 %-ға, 2028 – 2029 жылдары 5,5 %-ға дейін төмендету | Үкіметке ақпарат | жыл сайын, 2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
1.2 | Республикалық бюджет тапшылығының деңгейін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,7 %-ға дейін, 2026 жылы – 2,5 %-ға, 2027 жылы – 2,3 %-ға, 2028 жылы – 2,1 %-ға, 2029 жылы – 2,1 %-ға дейін төмендету | Үкіметке ақпарат | жыл сайын, 2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан | ҰЭМ, Қаржымині |
1.3 | Мемлекеттік борыштың көлемін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,2 %-дан, 2026 жылы – 28,1 %-дан, 2027 жылы – 29,0 %-дан, 2028 жылы – 29,9 %-дан, 2029 жылы – 30,8 %- дан аспайтын мөлшерде сақтау | Үкіметке ақпарат |
жыл сайын, 2025 – 2027 | ҰЭМ, Қаржымині |
1.5 | Республикалық бюджеттің кірістерін (трансферттерді есепке алмағанда) 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,4 %-ға, 2026 жылы – 10,6 %-ға, 2027 жылы – 10,4 %-ға, 2028 жылы – 10,2 %-ға, 2029 жылы – 10,2 %-ға дейін жеткізу | Үкіметке ақпарат |
тоқсан сайын, 2025 – 2027 | ҰЭМ, Қаржымині |
1.6 | Мемлекеттік сектордың сыртқы міндеттемелерінің лимитін (сыртқы мемлекеттік борыштың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының және кепілдік берілген сыртқы борыштың сомасы) Қазақтан Республикасы Ұлттық қорының 0,85 таза валюталық активтерінен көп болмайтын деңгейде бекіту | Үкіметке ақпарат |
жыл сайын, 2025 – 2027 | ҰЭМ, Қаржымині |
2. | Үкімет мемлекеттік қаржының теңгерімділігін арттыру үшін | |||
2.1 | Бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарларды мүлтіксіз сақтау жолымен контрциклдік салық-бюджет саясатының жүргізілуін қамтамасыз етсін | |||
2.1.1 | Бюджетті бекіту мен нақтылауды қоса алғанда, бюджетті жоспарлау кезеңдерінде бюджеттік қағидалардың екі құрамдасын да сақтау | Үкіметке ақпарат |
жыл сайын, 2025 – 2027 | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
2.2 |
Ұлттық қордан алып қоюдың барлық нысанының толыққанды қамтылуын қамтамасыз ету жолымен бюджеттік | |||
2.2.1 | Нысаналы трансферттердің көлемін бетпе-бет өткізілетін отырыстарда Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі бойынша ғана айқындау | Үкіметке ақпарат |
қажеттілігіне қарай, 2025 – 2027 | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
2.2.2 | Қазақтан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен квазимемлекеттік сектор компанияларының акцияларын сатып алуға тыйым салуды қамтамасыз ету | Үкіметке ақпарат | қыркүйек, 2025 жыл |
ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), |
2.3 | Жоғары аудиторлық палатамен және Ұлттық Банкпен бірлесіп Үкіметтің бюджеттік қағидаларды сақтау бойынша есептілігін күшейту үшін | |||
2.3.1 | Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарында бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп шеңберінде бюджеттік тәуекелдердің болжамды кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлеріне әсерін бағалау нәтижелерін қарау | Үкіметке ақпарат | жыл сайын, 2025 – 2027 жылдар |
ҰЭМ, СЖРА (келісу бойынша), Қаржымині, ҰБ |
2.3.2 | Жоғары аудиторлық палатаның неғұрлым басым бағыттарға қайта бағдарлау және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қор құрылған кезден бастап одан экономиканы қолдауға жеңілдікті шарттармен бөлінген қаражатқа, бюджеттен тыс құйылған қаражатқа мемлекеттік аудит жүргізуі | ЖАП-тың аудит бойынша ақпараты | жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша | ЖАП (келісу бойынша) |
2.3.3 | Республикалық бюджет жобасына қорытындыны қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын оларда белгіленген параметрлердің шынайылығы және бюджеттік тәуекелдерді есепке алудың толықтығы тұрғысынан сыртқы тәуелсіз бағалауды күшейту | Үкіметке ақпарат |
қажеттілігіне қарай, 2025 – 2027 | СЖРА (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
2.4 | Мемлекеттік қаржының біртұтастығы қағидатын қатаң сақтау үшін мемлекет активтері мен міндеттемелерінің есепке алынуын қамтамасыз етсін | |||
2.4.1 | Бюджеттен тыс қорлар нысанында құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңаларын құруға тыйым салуды енгізе отырып, олардың дербес ұйымдар ретінде жұмыс істеуінің орындылығы тұрғысынан ревизия жүргізу | Үкіметке ақпарат | тоқсан сайын, 2025 – 2027 жылдар | Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) |
2.4.2 | Салықтық ынталандырулардың мақсаттары мен әлеуметтік- экономикалық әсеріне сүйене отырып, қолданылу мерзімі бойынша уақытша шектеулер белгілеу | Үкіметке ақпарат | қыркүйек, 2025 – 2027 жылдар | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
2.4.3 | Салықтық жеңілдіктерді беру мен есепке алуды қатаң регламенттеу арқылы тиімсіз салықтық жеңілдіктерді, преференцияларды алып тастау | Үкіметке ақпарат | қыркүйек, 2025 – 2027 жылдар | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
2.4.4 | Бақыланбайтын экономика деңгейін төмендету бойынша пәрменді шаралар қабылдау | Үкіметке ақпарат | қазан, 2025 жыл | Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша) |
2.4.5 | Парафискалдық төлемдерге ревизия және парафискалдық төлемдерді алып қоятын ұйымдарды тарату немесе бюджетке беру жөнінде шешімдер қабылдау үшін олардың қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу | Үкіметке ақпарат | 2026 жылдан бастап жыл сайын | ҰЭМ, Қаржымині |
2.4.6 | Салықтық жеңілдіктер, салықтан босатулар және өзге де преференциялар, салықтық жеңілдіктерді алушылар мен олардың бенефициарлары, қолданылу мерзімдері, есептік сомалары, сондай-ақ жаңа салықтық жеңілдіктер шығындарының болжамды сомалары және күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер туралы жария дерекқор енгізу | Үкіметке ақпарат | 2027 жылдан бастап жыл сайын | ҰЭМ, Қаржымині |
2.5 | Мемлекеттік қаржы параметрлерін талдау және жоспарлау, сондай-ақ макроэкономикалық болжау процесін жақсартсын | |||
2.5.1 | Мемлекеттік басқару секторлары және мемлекеттік сектор бойынша бөле отырып, экономиканың институционалдық бірліктерінің нақты сыныптамасын қамтамасыз ету, сондай- ақ анық статистиканы арттыру үшін институционалдық бірліктердің сыныптамасын үйлестіру бойынша жұмысты аяқтау | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2027 жыл |
ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), ҰБ |
2.5.2 | Мемлекеттік борышты тиімді басқару үшін кейіннен орта мерзімді іс-қимыл жоспарын Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірлей отырып, мемлекеттік борышты басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған жұмыс органын (Debt Management Office) құру | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), СЖРА (келісу бойынша), ҰЭМ |
2.6 | Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттырсын | |||
2.6.1 | Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігіне бағалау жүргізу | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл |
ҰЭМ, ӨҚМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҒЖБМ, ОМ, ДСМ, ЦДИАӨМ, ТСМ, МАМ, АШМ, ҰБ (келісу бойынша), |
2.6.2 | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды қоса алғанда, олардың ұсынылуы мен пайдаланылуын екі деңгейлі жүйе негізінде мониторингтеу үшін "Baqylauda" АЖ-ны жетілдіру | Үкіметке ақпарат |
үнемі, 2025 – 2027 | Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) |
2.6.3 | Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың барлық қолданыстағы шаралары үшін стандартталған паспорттарды әзірлеу және енгізу | Үкіметке ақпарат | ақпан, 2026 жыл |
ҰЭМ, ӨҚМ, Еңбекмині, КМ, СИМ, СІМ, СРИМ, ТСМ, ЭТРМ, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), |
2.6.4 | Тікелей және жанама ынталандыру шараларын алған кәсіпорындар мысалында мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне микроэкономикалық зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2026 жыл | ҰЭМ, Еңбекмині, КМ, ӨҚМ, СИМ, СІМ, СРИМ, ТСМ, ЭТРМ, АШМ, ҰБ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) |
2.7 | Экономиканы дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік шығыстарды босату үшін оларды оңтайландыру | |||
2.7.1 | Нақты лауазымды адам – бастамашы мемлекеттік органның бірінші басшысының іске асыруға жеке-дара жауапкершілігін енгізе отырып, оған мемлекеттік инвестициялар портфеліне енгізілген жобалар пулын, қаражатқа дербес билік ету құқығын (өнім берушіні таңдау, іске асыру мерзімі және т. б.) бекітіп беру | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл | ҰЭМ, Қаржымині |
2.7.2 | 2022 жылдан бастап құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктердің объектілерін және басталып қойған құрылыс жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен алдын ала келісу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, 2025 – 2027 жылдар (қоса алғанда) кезеңінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жаңа әкімшілік ғимараттарын салуға мораторий енгізу | Үкіметке ақпарат | қыркүйек, 2025 жыл | ҰЭМ, Қаржымині |
2.7.3 | Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі шеңберінде бюджет есебінен қаржыландырылатын ағымдағы және күрделі шығындарды кемінде 15 %-ға қысқарту мақсатында олардың асып кетуіне қарсы, оның ішінде цифрлық құралдарды енгізу және құрылыс саласындағы экономикалық субъектілер арасындағы есептеулерде цифрлық теңгені "таңбалау" тетігін пайдалану арқылы жүйелі шешімдер қабылдау | Үкіметке ақпарат | қыркүйек, 2025 жыл | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша) |
2.7.4 | Цифрландыруды енгізу және халықтың әлеуметтік қолдауды алу өлшемшарттарын, рәсімдерін жетілдіру арқылы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін жетілдіру | Үкіметке ақпарат |
тоқсан сайын, 2025 – 2027 | Еңбекмині, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
3. | Ұлттық Банк Ұлттық қор активтерінің және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы активтерінің басқарылу тиімділігін арттыру үшін | |||
3.1 | Ұлттық қордың жинақ портфелінің құрылымын теңгерімделген стратегиялық аллокацияны және жергілікті экономиканы дамытуға бағытталған бастамалардың іске асырылуын ескере отырып, активтердің табыстылығы жоғары сыныптарына инвестицияларды ұлғайту жағына қайта қарау | ҚТК хаттамасы | қыркүйек, 2025 жыл | ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
3.2 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің жалпы ұзақ мерзімді кірістілігін активтерді консервативті бөлуге қатысты жылдық мәнде кемінде 1 %-ға арттыру | Қазақстан Республикасы ның Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есеп | жыл сайын, 2025 – 2027 жылдар | ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ |
3.3 | Ұзақ мерзімді кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы кірістілікті инфляциядан 150-200 базистік тармаққа жоғары қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау | ҚТК хаттамасы | жыл сайын, 2025 – 2027 жылдар |
ҰБ (келісу бойынша), Еңбекмині, Қаржымині, |
4. | Инфляцияны орнықты төмендету, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, экономиканы ырықтандыруға және нарықтық тетіктерді дамытуға жәрдемдесу, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету және екінші деңгейдегі банктерді бизнесті кредиттеуге ынталандыру үшін | |||
4.1 | Жеке тұлғаларға кредит беру сегментінде секторлық контрциклдік капитал буферін жандандыру | Үкіметке ақпарат | сәуір, 2026 жыл | ҰБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша) |
4.2 | Инфляциялық қысымды төмендету, ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізуге арналған шығыстарды төмендету үшін ең төмен резервтік талаптар тетігін белсенді пайдалану арқылы артық өтімділікті басқарудың тиімділігін күшейту | Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы | 2025 жылғы 3-тоқсан | ҰБ (келісу бойынша) |
4.3 | Тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты іске асыру шеңберінде Ұлттық Банктің операцияларын қайталау бойынша операцияларды жүзеге асыру арқылы өтімділіктің құрылымдық профицитін қысқарту жөніндегі шараларды қабылдау | Үкіметке ақпарат | жыл сайын, 2025 – 2027 жылдар | ҰБ (келісу бойынша) |
4.4 | Алтын экспортын ынталандыру, Қазақстан Республикасында өндірілген тазартылған алтын құймаларының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестициялар тарту, оның ішінде отандық өндірушілерден тазартылған алтынды 100 пайыз сатып алу практикасынан кезең-кезеңімен бас тарту арқылы тарту мәселесін пысықтау | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) |
4.5 | Компаниялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Ұлттық Банкпен валюталық операцияларының үнемі үйлестірілуін нормативтік-құқықтық регламенттеуді қамтамасыз ету | Үкіметке ақпарат | қажеттілігіне қарай, 2025 – 2027 жылдар | ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) |
5. | Үкімет салықтық төрелікті жою, бизнесті кредиттеу және тәуекелсіз кірістерге салық төлеу үшін ынталандыру жасау мақсатында Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Салық кодексінің жобасы шеңберінде 2026 жылдан бастап | |||
5.1 | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның еншілес ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін кірістерге салық салу бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуші резиденттердің жеңілдіктерін жою | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
6. | Үкімет Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктерімен және Ұлттық Банкпен бірлесіп бизнесті қолдан бөлшектеу жағдайларын болғызбау үшін | |||
6.1 | Инфляцияға ықпал етуді төмендету, сондай-ақ тұтынушылардың қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында бөліп төлеу түрінде тұтынушыларды қысқа мерзімді қаржыландыруды реттеу жөніндегі шараларды қабылдау | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл | ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, СИМ, БҚДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша) |
6.2 | Бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің түйінді өлшемшарттары ретінде салықтық түсімдер мен еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуды айқындау | Үкіметке ақпарат |
қажеттілігіне қарай, 2025 – 2027 | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) |
6.3 | Ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде даму институттарының ішкі нормативтік құжаттарында жеке қаржы институттарының қаражатын тарту бойынша міндетті талапты орта мерзімді перспективада оның үлесін біртіндеп ұлғайта отырып белгілеу | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 – 2027 жылдар | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша) |
6.4 | "Аграрлық несие корпорациясы" және "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамдарының агроөнеркәсіптік кешенде шикізат сатып алудан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден, қайта өңдеуден, тасымалдаудан, сақтаудан бастап түпкілікті тұтынушыларға өткізуге дейінгі барлық кезеңді қамтитын орнықты жеткізу тізбектерін қалыптастыру үшін инфрақұрылым құру бойынша қызметін күшейте отырып, олардың АӨК субъектілерін қаржыландырудағы, сондай-ақ АӨК субъектілерін қаржыландыру кезінде кепілдік беру, сақтандыру құралдарын пайдалану жөніндегі өкілеттіктері мен функцияларын жетілдіру | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл |
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ |
6.5 | Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының базасында шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қорының құрылуын қамтамасыз ету | Үкіметке ақпарат | желтоқсан, 2025 жыл | ҰЭМ, Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
6.6 | Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті лизингтік қаржыландыруды көздейтін және "Бәйтерек" АҚ еншілес ұйымдары арқылы іске асырылатын бағдарламалық құжаттардың шарттарына оларды іске асыруда лизингті қаржылық қолдау шараларының жиынтық көлемінде кемінде 10 % деңгейінде үлесі бар жеке лизингтік компаниялардың қатысуын қамтамасыз ету бойынша мақсаттарды белгілей отырып өзгерістер енгізу | Үкіметке ақпарат | қараша, 2025 жыл |
ӨҚМ, АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы АЖ – ақпараттық жүйе
АНК – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы АӨК – агроөнеркәсіптік кешен
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы БЖЗҚ – "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚТҚ – Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"Самұрық-Қазына" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
СИМ – Қазақстан Республикаcының Сауда және интеграция министрлігі
СЖРА – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі