Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктің мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін және экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесінде:
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30. | "QazaqGaz Aimaq" АҚ | "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде, сондай-ақ бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепке алынған. |
";
реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
54. | "Turanium" ЖШС | "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепке алынған. |
";
2) "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" ЖШС қатысу үлесінің 100 %-ы |
";
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | "Үлбі металлургия зауыты" АҚ акциялар пакетінің 94,3292 %-ы |
6. | "Волковгеология" АҚ акциялар пакетінің 99,7896 %-ы |
";
реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | "Семізбай-U" ЖШС қатысу үлесінің 51 %-ы |
";
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
28. | "Бұқтырма ГЭС" АҚ акциялар пакетінің 96,3 %-ы |
";
реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
46. | "QazaqGaz Aimaq" АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы |
";
реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
74. | "Turanium" ЖШС қатысу үлесінің 50 %-ы |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 89-жолмен толықтырылсын:
"
89. | "У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектр станциясы" АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы |
";
"Магистралдық мұнай құбырлары" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | "Өзен – Атырау – Самара" мұнай құбыры ("Өзен" бас мұнай айдау станциясынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін) |
";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | "Өзен – Жетібай – Ақтау" мұнай құбыры (2-желі) |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
"
5-1. | "Өзен – Жетібай – Ақтау" мұнай құбыры (Ø720 мм) |
";
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | "Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау станциясы – Нұрибек Нәбиұлы Шманов атындағы мұнай айдау станциясы – Атырау мұнай өңдеу зауыты" мұнай құбыры |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:
"
6-1. | "Нұрибек Нәбиұлы Шманов атындағы мұнай айдау станциясы – Атырау мұнай өңдеу зауыты" мұнай құбыры |
";
реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
13. | "Кеңқияқ – Бестамақ" мұнай құбыры |
14. | "Омбы – Павлодар" мұнай құбыры (Ресей Федерациясының шекарасынан "Павлодар" бас мұнай айдау станциясына дейін) |
";
реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
16. | "Құмкөл – Қарақойын" мұнай құбырының үш желісі (диаметрі 530 мм, 720 мм және 820 мм) |
17. | "Шымкент – Шағыр" мұнай құбыры |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22 және 23-жолдармен толықтырылсын:
"
21. | "Әлібекмола" бас мұнай айдау станциясы" мұнай құбыры – "Жаңа жол – Кеңқияқ" мұнай құбыры |
22. | "Солтүстік Бозащы – Қаражанбас" мұнай құбыры |
23. | "Павлодар – Павлодар мұнай-химия зауыты" мұнай құбыры |
";
"Магистралдық газ құбырлары" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16, 17, 18, 19 және 20-жолдармен толықтырылсын:
"
16. | "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбыры |
17. | "Алматы – Талдықорған" газ құбыры |
18. | 132-188 км учаскесіндегі "Жаңажол – Ақтөбе" газ құбыры |
19. | "Алматы – Байсерке – Талғар" газ құбыры |
20. | "Алматы – Байсерке – Талғар" газ құбыры (2-желі) |
";
"Су шаруашылығы құрылыстары" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
"
7. | У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС-нің мүліктік кешені |
";
"Атом энергиясын пайдаланатын объектілер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"
3. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
";
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ – акционерлік қоғам;
ГЭС – гидроэлектр станциясы;
ЕМК – еншілес мемлекеттік кәсіпорын;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
реттік нөмірі 24-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30. | "Turanium" ЖШС қатысу үлесінің 50 %-ы |
";
реттік нөмірі 99-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
40. | "КЕGОС" АҚ акциялар пакетінің 15 %-ы |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42, 43 және 44-жолдармен толықтырылсын:
"
41. | "Семізбай-U" ЖШС қатысу үлесінің 49 %-ы |
42. | "Үлбі металлургия зауыты" АҚ акциялар пакетінің 5,6708 %-ы |
43. | "Волковгеология" АҚ акциялар пакетінің 0,2104 %-ы |
44. | "Бұқтырма ГЭС" АҚ акциялар пакетінің 3,7 %-ы |
";
"Магистралдық газ құбырлары" деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"
3. | "Сарыбұлақ – Майқапшағай" газ құбыры |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |