Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 12-тармағына, 78-бабының 11-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1048 қаулысымен бекітілген |
Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 12-тармағына, 78-бабының 11-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асырудың мөлшері мен тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Ақшалай төлемді жүзеге асыру тәртібі
2. Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның отбасы мүшелеріне жүргізіледі.
Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы), сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспаған балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Ақшалай төлемді алуға құқығы бар адамға оны төлеуді құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар (мекемелер), азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жүзеге асырады.
4. Ақшалай төлемді алуға құқығы бар адамдар оны алу үшін мынадай құжаттарды ресімдейді және уәкілетті органға ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы хабарлама;
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру), басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшесі болып танылған жағдайда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанының білім алушысы болып табылса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын оқу жылының басында ұсынылады);
6) теңгедегі банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;
7) егер кәмелетке толмаған отбасы мүшелері жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның кәмелетке толмаған отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжаттың көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.
Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, оның ішінде:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы бөлімшесінің қайтыс болған қызметкердің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы ақшалай төлем алуға құқық беретін анықтамасы;
2) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының (қайтыс болуы) себептері мен мән-жайын қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
3) әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысы (қаулысы);
4) қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің жеке құрам (әскери бөлім, мекеме) тізімінен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді қамтылуға тиіс жеке істі қалыптастырады.
Жеке істі қалыптастыру үшін құжаттарды уәкілетті органның өзге құрылымдық бөлімшелері жауапты құрылымдық бөлімшенің сұратуы бойынша береді.
Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады.
6. Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысын (қаулысын) алғаннан кейін өтініш берген адамды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
7. Ақшалай төлем қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның қаза табуының (қайтыс болуының) себебі мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс болған жағдайда тағайындалады.
Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның қаза табуы (қайтыс болуы) мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) себеп-салдарлық байланысы туралы қорытындыны (қаулыны) әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) шығарады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Егер қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қайтыс болуы:
1) оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы үстінде;
2) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық мас күйге ұшырататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес тұтынуы салдарынан;
3) ақшалай төлем алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қасақана қандай да бір дене жарақатын (мүшесін зақымдау) немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны белгіленсе, ақшалай төлем жүргізілмейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Ақшалай төлем уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде тағайындалады және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде жүргізіледі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаған кезде ақшалай төлем міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
Ақшалай төлем ағымдағы айда өткен ай үшін 25-і күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Желтоқсанда ағымдағы ай үшін ақшалай төлем 25-і күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
10. Ақшалай төлем тағайындау қызметкер, курсант, әскери қызметші, резервтегі әскери адам қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап оны алуға құқығы бар адамның өтініші және әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысы (қаулысы) негізінде жүргізіледі.
Ақшалай төлем тағайындаған кезде ақшалай төлемді қайта есептеу қызметкер, курсант, әскери қызметші, резервтегі әскери адам қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап өтініш берілген күнге дейін, бірақ ақшалай төлем тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі бір жылдан асырмай жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Ақшалай төлем:
1) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
2) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) ақшалай төлем алушы кәмелетке толған немесе жиырма үш жастан аспаған шекте орта білім беру (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру), орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанда оқу орнын бітірген;
4) ақшалай төлем алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.
Ақшалай төлемді тоқтату тиісті уәкілетті органның шешімімен (бұйрығымен) төлемді тоқтатуға себеп болған мән-жай туындаған айдан кейінгі айдан бастап ресімделеді.
Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген жағдайлардың туындауы тұрғысынан ақшалай төлем алушыларды мониторингтеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Кәмелетке толмаған балаларға тағайындалған ақшалай төлем олардың заңды өкілдеріне төленеді.
13. Банктік деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), банк шотының нөмірі) өзгерген, осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген оқиға басталған, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның отбасы құрамы өзгерген жағдайда ақшалай төлем алушы он жұмыс күні ішінде ақшалай төлем алатын жердегі тиісті уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Ақшалай төлемді жүзеге асыру мөлшері
14. Қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының қырық пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызынан аспауға тиіс.
Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызына тең үлес ретінде есептеледі.
Ақшалай төлемдермен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде ақшалай төлемдердің мөлшері оны алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.
Егер қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер тағайындалғаннан кейін ақшалай төлемдер алуға құқығы бар өзге де адамдар анықталып жатса, отбасының әрбір мүшесіне ақшалай төлемдер мөлшерінің үлесі қайта қаралады.
Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жаңадан анықталған отбасы мүшесіне ақшалай төлемдер қайта есептелген жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне бұрын тағайындалған ақшалай төлем қайта есептелмейді.
15. Соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражат мөлшері өзгерген кезде тиісті уәкілетті орган ақшалай төлем алушыны хабардар етіп, ақшалай төлемді қайта есептейді.
Ақшалай төлемді қайта есептеу тиісті уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде жүргізіледі.
16. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшісі, курсант, тыңдаушы, кадет, әскери жиынға шақырылған әскери міндетті, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші отбасының әрбір мүшесіне ақшалай төлем тиісті қаржы жылына белгіленген бір күндік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Ақшалай төлемдерді алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесіне ортақ бір ақшалай төлем тағайындалады.
18. Отбасы мүшесінің талап етуі бойынша оның ақшалай төлем үлесі бөлінеді және оған жеке төленеді.
Ақшалай төлем үлесін бөлу өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
19. Ақшалай төлемдер бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Ескерту. 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кімге: ___________________ | |
(ақшалай төлемдерді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысына) |
|
кімнен: | |
_____________ тұратын | |
_______________________ | |
(өтініш иесінің Т.А.Ә. (бар болса) |
|
тел: _____________________ |
Өтініш
Сізден _______________________________________ қызметтік міндеттерін
(Т.А.Ә. (бар болса)
(әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты маған ақшалай төлем тағайындауыңызды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
4.____________________________
Отбасы құрамым, тегім, атым, әкемнің аты (бар болса), банктік шот нөмірім, азаматтығым, тұрақты тұратын жерім өзгерген, кәмелетке толған немесе жиырма үш жастан аспайтын шекте жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру жүйесінде күндізгі нысандағы оқу орнын бітірген жағдайда осы факт туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органды он жұмыс күні ішінде хабардар етемін.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінішті қарау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді алуға келісім беремін.
Өтініш иесінің қолы _____________.
Күні: ______ жылғы "___" ____________.
Ескерту. 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
АНЫҚТАМА
Азамат ___________________________________________________________
(туған күні көрсетіліп, білім алушының Т.А.Ә. (бар болса)
оның іс жүзінде ____________________________________________________
(оқу орнының толық атуы, білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия №, күні және қолданылу мерзімі)
______ сыныбының/курсының ___________ нысанының білім алушысы болып табылатынын растау үшін берілді.
Анықтама 20__/20__ оқу жылына жарамды.
Анықтама талап ету орны бойынша көрсету үшін беріледі.
Оқу орнындағы оқу мерзімі ____ жыл, оқу кезеңі 20 __ жылғы "__" _____ бастап 20____ жылғы "__" __________ дейін.
Оқу орнының басшысы _______________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)
Мөр
Ескерту. 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ақшалай қаражат мөлшері туралы анықтама
____________________________________________________________________
(оқиға күні атқарған лауазымы мен сыныптық шенінің атауы, арнаулы, әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
20___ ж. "__" _______ ақшалай қаражат ___________________________________,
(ақшалай төлемді алуға құқық беретін оқиғаның күні) (сомасы жазумен)
оның ішінде лауазымдық айлықақы __________, сыныптық шені, арнаулы, әскери атағы бойынша айлықақы _____________ құрады.
Анықтама қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай қаражат тағайындау үшін берілді.
М.О.
Қаржы қызметінің бастығы (бухгалтер) ___________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)